Сабақтың тақырыбы: Д. Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін толықтыру.
Оқушылардың осы сабаққа дейінгі білетін ақпараттарын еске түсіру, жаңа тақырыппен ұштастыру.
Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ойлау белсенділігін арттыру, ізденіс қабілетін дамыту.
Туған жер, ата-қонысынан айырылған халықтың қарсылығын танытқан ақынның жүрек айғайын ұғындыру, оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі – кіріккен сабақ
Сабақтың типі - жаңа сабақты меңгерту
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер – түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, «Деректер сөйлесе», өлеңге теориялық талдау жасау, мәтіндік талдаулар, «Ашығын айтсақ» (пікірталас), «Егер мен...» (шығармашылық жұмыс), топтастыру, тақтамен, кітаппен жұмыс.
Көрнекіліктер – интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, қағаздар, плакат (топтастыру әдісіне).
Пәнаралық байланыс – тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу, дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы.
А) «Билер сөзі – нақылдың көзі». Түсінік айту.
Ә) Топтастыру әдісі
Би
(қандай?)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім. Біз өткен сабақта билер туралы оқып таныстық. Билер қазақ әдебиетінде ХVІІІ ғасыр әдебиеті өкілдері болып саналады. Ал бүгінгі біз сабағымызда ХІХ ғасырдың бірінші жартысы өкілдерімен таныстықты бастаймыз. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлы.

Жоспары.
Өскен орта (Дулаттың туған жері, өскен ортасы)
Тарихи жағдайлар (тарих пәні мұғалімі сөзі)
Дулат – зар заман ақыны
«Аягөз, қайда барасың» өлеңі
А) табиғат көрінісі
Ә) елдегі жағдай
Б) өлеңнің негізгі идеясы
5. Өлең туралы (теориялық түсінік)
Жоспар бойынша сабақ түсіндіру.
«Деректер сөйлесе» (үнтаспадан тыңдау, суреттері слайд арқылы көрсетіледі)
Дулат - өз заманындағы сауатты, білімді ақындардың бірі. Оның жеткен мұрасы шамамен 1500жолдай делінеді. Өлеңдері Қазан төңкерісіне дейін «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы басылды.
Аягөз өзені Шығыс Қазақстан облысында. Өзен туралы аңыз-әңгімелер өте көп. Шығыс деректерінде ол «Сұлу өзен» деп аталады. Бір деректерде «ая» - әдемі, «гөз» - көз деген сөзден шыққан, ал кей деректерде «ай» - қасиетті, құдіретті әрі ру аты, олардың мекенін өз орталықтарына айналдырған оғыздар қоныстарын «Айоғыз» - қасиетті, құдіретті оғыз деп кеткен.



Аягөз өзені
Сөзмаржан (сөздікпен жұмыс)
Дуан – ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы әкімшілік жер бөлігі атауы
Сауыр – тау беткейі
Тарбағатай – Шығыс Қазақстандағы жер атауы
ІV. Тапсырмалар орындау.
1-тапсырма. Өлең шумағына талдау (шумақ, тармақ, бунақ, буын)
2-тапсырма. Өлеңнің көркемдік ерекшелігі
| Кейіптеу | Эпитет | Метафора | Тұрақты тіркес | Риторикалық сұрау | Аллитерация |
|
|
|
|
|
|
|
3-тапсырма. Мәтіндік талдау.
| Мәтіннен үзінді | Ой-түйін |
| Аягөз, сенің бойыңда, Несібе, ырыс тегіс қой «Жер кімдікі?» дегенде, Аға сұлтан, қазылар Не деп жауап береді?... Заманға сай адамы – Қу заманға сұм басшы Сорымызға тап болды. Би, старшын мойнына Жезден қарғы тағынды. Ұзын өріс қысқарып, Кең қонысың тарылды. Датыңды айтсаң майырға, Сібірге кеттің айдалып. Қонысынан мал тайса, Құты кетіп жұт болмақ. Сауыр жерден айырылып, Қазақ елі жұқарды.
|
|
4-тапсырма. «Ашығын айтсақ» (пікірталас)
Дулат жырлаған жер мәселесі қазір қандай күйде?
5-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Егер мен ...
А) егер де сен ХІХ ғасырдың Дулат ақыны болсаң, қандай ақын болар едің?
Ә) егер де сен ХХІ ғасырдың Дулат ақыны болсаң, қандай ақын болар едің?
(мәтін құру)
V. Бекіту.
Топтастыру әдісі



Дулат
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма.
А) Дулат үні – заман үні (презентация қорғау);
Б) Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Ата қоныс Арқадан» толғауын оқу





(қандай?)






Дулат
Д. Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» өлеңі (96.96 KB)

