Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  6 класс  /  Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасы

Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасы

Б?лме ?сімдіктеріні? 4 климатты? флорасы жайлы білуге болады

17.04.2017

Содержимое разработки









ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ


«Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасы




Автор-құрастырушы: Баянова А.А.




ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті, соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «өсімдіктердің адамнан өзгешелігі жоқ, олар да адамдар сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар, оларда есту қабілеті мен дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырым жасап отыр. Әрине, біз үшін бұл үлкен жаңалық. Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «өсімдіктерде көздің орнына ақуыздар бар, оларға кез келген электр күштері әсер етеді, ал тамырында дәм ферменттері анықталған, өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қоректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген”, сондықтан, гүлдеріңізбен сөйлессуіңізге болады. Нәтижесінде гүлдер сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз.

Өсімдіктер әуенді де жақсы қабылдайды. Тіпті, әр өсімдіктің өзінің әуенді қалауы бар екен. Мысалы, цикламендер – джазды, мимоза мен сүмбілшаштар – Чайковскийдың шығармашылығын, флокс пен табак Вагнердың операсын ұнатады. Міне, қызық деп осыны айтуға болады. Өсімдіктер де қобалжуға бейім, адам мен өсімдіктің арасында көрінбейтін, белгісіз бір байланыс орнатылады. Сондықтан болар, адамның көңіл-күйі жоқ кезде өсімдіктердің арасында жүрсе, жақсарып қалатындығы. Адам ауырып қалғанда, сүйікті гүлінің де нашар болып кететіндігі немесе мүлде өліп қалатындығы да бір емес, бірнеше рет дәлелденген құбылыс. Міне, осыдан барып, адам жаны мен өсімдіктердің байланысын байқауға болады. Өсімдіктердің «миы» тамырында орналасқан, ол жүректің сіңірі сияқты жұмылып, ашылып тұрады деген дәлел бар».

Негізінен көптеген ағаштар да, мысалы, терек, көктерек, мойылдар адамға операциядан кейін, радикулит және онкологиялық аурулар кезінде жағымды әсерін тигізеді. Емен, қарағай, қайың ағаштары адамға күш-қуат береді. Сондықтан күніне 3-4 минут осы ағаштардың жанында тұру керек, тіпті, құшақтап алса да болады екен.

Бөлме ішіндегі атмосфераны жақсарту үшін кейбір өсімдіктердің эфир майын қолдануға болады. Эфир майы адамның ағзасына еніп, оның физикалық әсерін жақсартып, түрлі бактерияларға қорған болады. Сонымен қатар, қан құрамында лейкоциттердің көбеюіне әсер етеді. Қазтамақтар бүйрекке түскен салмақты жеңілдетіп, адамға тыныштық күйін бере алады.

Өсімдік арқылы адам табиғаттан ала алмаған әсерін толтырады. Сондықтан экологтар кеңсеге, үйге міндетті түрде гүл өсіруге кеңес береді. Себебі, өсімдіктер өзінен ауадағы зиянды микробтарды жоятын фитонцидтер бөледі. Яғни, өсімдік өскен бөлмеде ауа үздіксіз тазартылып отырады.

Ғалымдар зерттеу жүргізіп, амарилис, агапантус, гиппеаструм, зиферантес гүлдерінің фитонцидтері, сарымсақтың фитонцидтеріне қарағанда, микробтарды тезірек өлтіретіндігін дәлелдеді. Бөлмеде хлорофитум, мирт, шабдаргүл, аспарақұс өсімдіктерін өсірген пайдалы, олар ауадағы ауыр металдарды сіңіріп алады. Ауадағы ылғалдылық айналымын үлкен жапырақтылар атқара алады. Олардың қатарына диффенбахия, филодендрон, антуриум, монстера, пілқұлақ, каучукты фикус гүлдері жатады. Тазарту процесінде өсімдіктің жапырағы негізгі қызмет атқарады.

Мақсаты:

а) Білімділік-бөлме өсімдіктері жайлы алған білімдерін еске түсіре отырып, үй жағдайындағы өсімдік түрлерінің климаттық флорасын білуге үйрету, өсімдіктердің жақсы өсу үшін қолайлы орта жағдайын ескере отырып, бөлме өсімдіктері жайлы теориялық білімдерін меңгерту, оны іс жүзінде қолдана білуге машықтандыру;

б) Дамытушылық- бөлме өсімдіктері жайлы алған білімдерін одан әрі дамыта отырып, ой-өрістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру,танымдық қабілеттерін  дамыту;

в) Тәрбиелік-бөлме өсімдіктерін  күтіп-баптай білуге, оған қамқорлық көрсетуге баулу, оқушылардың  тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жана сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Әдіс-тәсілдер: талдау-жинақтау, түсіндірмелі, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс.

Көрнекіліктер: слайдтар, суреттер, таратпалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

Ә) Оқушылардың сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру;

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аударту;

ІІ. Жаңа сабақ .Теориялық бөлім.

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
    Қызыл гүлдер, көк гүлдер
    Жайнар кезім келді деп.
    Қанаттарың желбіреп,
    Таңмен бірге оянып
    Күн нұрына боянып
    Көрік бердің далаға.

Қызығушылықты ояту

Ғалымдардың пайымдауынша, шегіргүл (фиалка) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол  басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді екен.

Климат (грекше клима – еңкіш) – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай-күйі. Климат элементтері – атмосфера қысымы, температура, жауын-шашын, жел, бұлттылық, ылғалдылық және басқа да көрсеткіштер. Мыналарды анықтап еске сақтайық: Ауа райы мен климат түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты. Кез келген жердің климат жағдайларынан оның ауа-райының сипатты ерекшеліктері көрініп тұр. Флора (латынша flora — Рим мифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдіктердің  тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан) ажыратып қарау қажет. Мысалы, жер бетінің әр түрлі аймақтарының  өзіне тән өсімдіктері  болады. Таулы, сулы, батпақты, шөлді, тундралы, тайгалы жерлерде өсетін өсімдіктердің бейімделген ортасы. Әр Флораның өзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері бар. Флораны зерттейтін ғылым саласы — флористика деп аталады. Қандай да бір Флораны зерттеу оның аумағындағы түрлер мен туыстардың құрамын анықтаудан басталады. География таралуына ұқсас түрлер Флораның географиялық элементін (геоэлемент) құрайды.

Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасы - 4 топқа бөлінеді:                

1. Жарықты сүйгіш

2. Көлеңкеге төзімді

3. Жарықтың шашырап түскенін қажет ететін

4. Жылылықты және тік түскен жарықты сүйетін өсімдіктер болып бөлінеді.

Гелиофиттер (жарық сүйгіш өсімдіктер) – өсуі үшін тура түскен күн сәулесін қажет ететін өсімдіктер. Мұндай өсімдіктерге бақажапырақ, тұңғиық, балқарағай, акация, қайың, бозкілем, т.б. жатады. Жарық сүйгіш өсімдіктермен көлеңкеде өсетін өсімдіктердің ішкі құрылысында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Мысалы, Жарық сүйгіш өсімдіктердің эпидермис клеткаларының қабықшалары қалың және лептесіктері (устьицелері) көп болады. Жапырақ клеткаларында  хлоропластар өте көп (50 – 300). Жарық сүйгіш өсімдіктердің жапырақтарының бетінде көптеген ақ түсті түктер, төмпешіктер болады, ол тура түскен күн сәулесін кері шағылыстырып, өсімдіктен судың көп булануына кедергі жасайды.

Жарық сүйгіш өсімдіктер  

Оларға шөл дала мен таулы жерлерде өсетін өсімдіктердің барлығы – кактустар, сондай-ақ жапырағында немесе сабақтарына ылғал сақтайтын басқа да өсімдіктер (суккуленттер) сүттіген, сенецио, стапелия, литопса, фаукария, толстянка, каланхоэ, сансевиерия т.б.; әсем гүл жаратын өсімдіктердің көпшілігі (амараллис, жасмин, кливия, пеларгония, панкрациум); қараңғыда және көлеңкеде өңін жоғалтатын көптеген тең білжапырақты өсімдіктер (мысалы, колеус, кротон, сеткреазия, кордилина, стробтлантес) жатады.


Жарықты шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер

Жарықты шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктерге — парагус, бегония, глоксиния, сенполия, фуксия, эухарис, пенеромия, Американың тропиктік орманында өсетін жатаған шөптер — маранттар, хкалатея, строманте, ктенанте және фиттония, бром ел ия тұқымдас өсімдіктердің көпшілігі — эпифиттер (топырақта өспейтін өсімдіктер; басқа өсімдіктердің бұтақтарының, діндерінде өсетін — эхмея, фризия, бильбергия, арегелия, криптантус) және Бразилияның батпақты ормандарында өсетін өсімдіктер — питкарния, пуйя жатады. 

 

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер — қырық құлақтар, тікенекті өсімдіктер, монстер, филодендрон, сингониум, сциндапсус, спатифиллюм, руэллия, аспидистра, шырмауық, традесканция, зебрина, саркококка, фикус т. б. көптеген қылқан жапырақты өсімдіктер. Өсімдіктерді өсіруде үй температурасының маңызы ерекше. 

 

Жылылықты сүйетін өсімдіктер

Жылылықты сүйетін өсімдіктерге тропиктік өсімдіктер жатады, мысалы, бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аглаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, драцендер, бромелия мен геснерия тұқымдастар. Олардың барлығы қыста 20°С температурада жақсы өседі. Субтропиктік өсімдіктердің көпшілігі кактустар, суккуленттер, хлорофитум, бересклет, фатсия, шырмауық, лавр, тікенекті мюленбекия үшін қыста температура 6°С-тан 12°С аралығында болуы керек. Егер температура режимі бұзылса өсімдіктер сарғайып , жапырағы түсіп қалады. 

Сергіту сәті:

-Қане, қане балалар, (балалар тұрады)

Шаршағанда ырғалып (тербеліп тұрады)

Гүлге ұқсап демалам (отырады)

Жұпар иісін бір иіскеп (мұрнымен демді ішіне тартып, шығарады)

Гүлдей болып  жайқалам (қолдарын жоғары көтереді)

Ш. Сабақты бекіту. Кестемен жұмыс.

Оқушыларға шатасқан өсімдіктер беріледі. Аталған өсімдіктерді берілген  4 топқа сәйкестендіріп  дұрыс орналастыру керек.

Каланхоэ, пеперомия, руэллия, амараллис, шырмауық, традесканция, жасмин, панкрациум, колеус, кротон, аглаонем, диффенбахия, питкарния, пуйя, маранттар, хкалатея, драцендер, строманте, тікенекті өсімдіктер, монстер, филодендрон, сингониум, сциндапсус, спатифиллюм, аспидистра, кливия, пеларгония, зебрина, жасмин, ктенанте, қырық құлақтар, саркококка, фикус, бегония, антуриум, сингониум, кордилин, бромелия.

Жарық сүйгш өсімдіктер

Жарықты шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер


Жылылықты сүйетін өсімдіктер









Күтілетін нәтиже:

Окушылар өтілетін сабақтан бөлме өсімдіктері жайлы алған білімдерін арттырып, бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасы жайлы мәліметерді біліп, өсімдіктердің жақсы өсу үшін қолайлы орта жағдайын, бөлме өсімдіктері жайлы теориялық білімдерін меңгеріп, оны болашақта, іс жүзінде қолдана білуге машықтанады;

Қорытынды:

Өсімдіктерді үйде өсіру үшін өсімдіктерді іріктеп алу керек, олардың өсуіне қажетті жағдайларды жарық, температура және ауаның ылғалдылығын жақсы білу керек. Гүл өсіретін бөлмемізді табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп - өнуі және фотосинтез құбылысының жақсы жүруі үшін ең бірінші топырақтың құнарлығы мен жарық және су, ылғалдылық қажет екен. Бөлмемізде гүлдер жақсы өсу үшін гүлдерді дұрыс орналастыру да маңызды екен.












Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Лұқпанов Ж. Өсімдік өмір өзегі, Алматы: Қайнар, 1991.

  2. Әлімқұлова Р.Ә Өсімдік - табиғат қазынасы, Алматы: Қайнар, 1984.

  3. БагумбаеваТ.И. //Размножение комнатных растений 2012. - №2. - С. 22-24

  4. Николаева В. Удивительные превращения пеларгонии // Цветоводство 2011 С.48-49

  5. Хисым, Ұ. Табиғатты аялай да, бағалай да білейік // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2009. - N 3. - Б. 7-9.

  6. Серпухова В.И. Комнатные и балконные растения М. 1991.


-80%
Курсы повышения квалификации

Организация дистанционного обучения для лиц с ОВЗ и инвалидов

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасы (30.54 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт