Ашық оқу қызметі
II – кіші «Құлпынай» тобы
Тақырыбы:
«Бөлме гүлдері»
2018ж
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картсы
Күні:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлім: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Бөлме гүлдері»
Мақсаты: Балаларды бөлме гүлдерімен оны күту ережелерімен таныстыру.Ой-өрісін,тілін,сөйлеу мәнерін, қарандашпен дұрыс жұмыс істеу іскерліктерін дамыту.Бөлме гүлдеріне қомқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: бөлме гүлдері –комнатные цветы
Сөздік жұмыс: фикус
Көрнекіліктер: Дидактикалық материалдар,бөлме гүлдерінің суреттері.
Әдіс – әсілдері: Түсіндіру, ой қозғау,психологиялық ойын жаттығулары.
| Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің басқару қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық - қозғаушылық
| Жылулық шеңбері. Армысың ,Қайырымды аспан ата! - Сәлеметсіздерме балалар! - Отырыңыздар! Бөлме гүлдерінің суреттерін балаларға көрсету.Назарын аударту.
- Жұмбақ :Адамдардың бәрі қызығады, Су құймасаң сәні бұзылады.( Гүл ) -Дұрыс .Жарайсыңдар,ендеше біз бөлме өсімдіктерімен танысамыз.
|
Жылулық шеңберін құрып, қимылмен сөздерді бірге қайталайды
Қызыға қарайды
|
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік | - Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Біздің бүгінгі сабағымыз бөлме өсімдіктері жайлы болмақ.Өсімдік өмір сәні,табиғат көркі,дәрі-дәрмек.Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймайды оған көрік беріп,үйдің ауасын тазартады.Бізге қуаныш сыйлайды,көңіліміз көтеріңкі болады екен.Ендеше балалар тақтаға назарымызды аударайық. (Бөлме гүлдерін көрсетіп, әңгімелеу.)
Билингвальды компонент: бөлме гүлдері –комнатные цветы Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар. Мынау Фикус гүлі
Фикус гүлі-шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Ауадағы шаңды, адамның қобалжуын, ашуын, көңілсіздігінен арылтады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Сөздік жұмыс: фикус Сергіту сәті | жұмбақтың жауабын табуға тырысады
мұқият тыңдайды
назарларын тақтаға аударады
Сөздерді қайталайды
Мұқият тыңдайды
Қайталайды
Сергіту сәтін орындайды қайталайды ойынға белсенді қатысады |
| Рефлексивтік түзетушілік | ойын: «Не қажет?» Шарты: үстел үстінде көптеген заттардың арасынан, гүл әдемі болып өсу үшін қандай құралдар қажет екенін көрсетіп, атап шығу. (күрек, суарғыш, күн, ауа) Сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдерін қортындылау. -Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық? -Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар? -Гүлдің сырт келбеті қандай?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
Күтілетін нәтиже
Нені игерді: Бөлме гүлдерімен және оны күтудің ережелерін игеру.
Нені меңгерді: Гүлдерді күтіп баптауды, аялауды, қорғауды меңгеру.
Нені біледі: Бөлме гүлдерін күтіп –баптау жолдарын білу.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Кабдолова Г.М

Бөлме гүлдері. Фикус гүлі (747.9 KB)

