Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Проверочные работы  /  Дошкольникам  /  Болашақ педагог мамандарының қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру

Болашақ педагог мамандарының қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру

Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында өркениетке жетудің қайта жандануы мен дамуының негізгі міндеттерінің бірі «жаңа құрылымындағы жаңа көзқарас және ойлаудың шығармашылық түріне ие болған адамды қалыптастыру» екені белгілі. Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығында қоғамыздың дамуы сан-саналы жақтардан хабары бар, өзгермелі жағдаяттарда бейімділігі жоғары тұрақталған тұлғаны қажетсінумен бірге, адам әрекетінің қозғаушы күші ретіндегі қарым-қатынасты қалайды. Тұлғаның әлемді танып білуі қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде адамның қарым-қатынас процестері телекоммуникациялар, компьютерлік коммуникациялар арқылы жүзеге асырылуда. Сол себепті психологтар тұлғаның вербалды және вербалды емес қарым-қатынас мәселесіне ерекше көңіл бөлуде, әсіресе айналасындағы өзгерістерге бірден бейімделе алмайтын, ұялшақ, өзінің қабілетін көрсете алмайтын, қарым-қатынасқа жеңіл түсе алмайтын адамдарға көмектесу қажеттігінен туындап отыр.

07.06.2017

Содержимое разработки

Болашақ педагог мамандарының қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.


Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында өркениетке жетудің қайта жандануы мен дамуының негізгі міндеттерінің бірі «жаңа құрылымындағы жаңа көзқарас және ойлаудың шығармашылық түріне ие болған адамды қалыптастыру» екені белгілі. Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығында қоғамыздың дамуы сан-саналы жақтардан хабары бар, өзгермелі жағдаяттарда бейімділігі жоғары тұрақталған тұлғаны қажетсінумен бірге, адам әрекетінің қозғаушы күші ретіндегі қарым-қатынасты қалайды. Тұлғаның әлемді танып білуі қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде адамның қарым-қатынас процестері телекоммуникациялар, компьютерлік коммуникациялар арқылы жүзеге асырылуда. Сол себепті психологтар тұлғаның вербалды және вербалды емес қарым-қатынас мәселесіне ерекше көңіл бөлуде, әсіресе айналасындағы өзгерістерге бірден бейімделе алмайтын, ұялшақ, өзінің қабілетін көрсете алмайтын, қарым-қатынасқа жеңіл түсе алмайтын адамдарға көмектесу қажеттігінен туындап отыр.

Міне, сондықтан қазіргі таңда психологияда тұлғаның басқа адамдармен тиімді қатынас жасауын қарым-қатынас арқылы, әсіресе вербалды емес қарым-қатынас құралдарын тиімді пайдалану арқылы дамыту өзекті мәселе болып отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі.

Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі – сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Қоғам – адамдардың бірігіп тіршілік ету ортасы. Адамдар қарым-қатынасында және жалпы өмір сүру барысында топтасқан (еңбек ету, оқу әрекеті), бірлескен іс-әрекетте ұжымның әрбір мүшесіне белгілі бір істі тұрақты атқарып отыруы жүктеледі. Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық-реформаларға байланысты білікті мамандар дайындаудың сапасын жақсарту көкейкесті мәселелердің бірі. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда болашақ мамандардың вербалды емес қарым-қатынасын жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның вербалды емес қарым-қатынас құралдарын, оның басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу-бүгінгі күнде аса маңызды мәселе.

Көптеген ғылыми жаңа бағыттардың пайда болуына себеп болған, бүгінгі ғылымдағы айқын нышандарының бірі ретінде зерттеу объектісіне қатысты адам факторы мен интеграциялық тәсілді ғылыми зерттеу орбитасына енгізу болып табылатын вербалдық емес семиотиканы атауға болады.

Вербалдық емес коммуникация құралдарының ерекшеліктерін сипаттау заманауи психолингвистиканың басым бағыттары қатарына жатады. Т.М. Николаева, Г.В. Колшанский, И.Н. Горелов, Г.Г. Почепцов, Р.К. Потапова, В.В. Богданов, К.У. Геворкян, Е.М. Верещагин, В.Г.Костомаров, Н.И. Смирнова, Ю.А.Сорокин, Г.Е.Крейдлин сияқты ғалымдар; қазақстан психолингвистикасында М.М. Мұқанов, С. Татубаев, М.П. Ешимов, Б.К.Момынова, С.Б.Бейсембаева, Ж.Нұрсултанқызы, С.Мағжан, В.Д.Нарожная және басқа да ғалымдар осы проблеманы әр кезеңде жан-жақты жетілдіріп келген.

Г.Е.Крейдлиннің докторлық диссертациясы мен бірқатар еңбектері вербалдық емес семиотика теориясының негізін қалаған маңызды жұмыстар ретінде бағаланған. Мұнда қозғалған проблемалардың қысқаша тізімі бұл еңбектердің тереңдігі мен негізділігі туралы толық ұғым береді: дербес ғылымдардың вербалдық емес семантикасының түйінін құрайтын зерттелмеген немесе толық зерттелмеген бірліктерін, дәрежелерін, оппозицияларын анықтау және сиптаттау; вербалдық емес және вербалдық бірліктер арасындағы үйлестіктерді және құрылымдық ұқсастықтарды анықтау; тұрмыстық ымдардың семантикалық типологиясын құру; әр түрлі тілдер мен түрлі коммуникативтік жағдаяттар материалында ымдар қызметін түгендеу; дауыс пен дыбыстың лингвистикалық және тұжырымдамалық талдауы (паралингвистика), ымдар лексикографиясының теориясын негіздеу және өңдеу, мәдениет аралық ымдар жүйесі әрекеттестігінің бірқатар проблемаларын жолға қою және шешу; ресей коммуникативтік мәдениетіндегі вербалдық емес мінез-құлық ережелерін әзірлеу мен тұжырымдау.

Г.Е.Крейдлин вербалдық емес қарым-қатынастардың гендерлік аспектілерін австрия, америка, ағылшын, орыс, француз және басқа да мәдениет деректері материалдарында жан-жақты қырынан жете зерттеген: а) вербалдық емес гендерлік таптаурын және вербалдық емес коммуникативтік мінез-құлықтың гендерлік үлгілері; б) гендерлік вербалдық емес қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. Ол авторлас Е.А.Чувилинамен бірге вербалдық емес орыс жымию-ым актілерінің тіл ішіндегі типологиясын құру проблемасы аясында қарастырған. Қарым-қатынастың вербалдық емес құралдарын зерттейтін ғылым ретінде вербалдық емес семиотиканың негізін зерттеушілер Р. Бирдвистелл, А.Пиз, Е.Холл, Е.Г.Крейдлин, П.Экман және т.б. қалаған, олардың әрқайсысы вербалдық емес қарым-қатынастардың жекелеген аспектілерін зерттеуде өз үлестерін қосқан.

Сонымен, Р.Бирдвистеллдің ымдарды кинесиканың өзекті бөлігі ретінде зерттеуі оның сөзсіз еңбегі деп есептеуге болады, П.Экман мимиканы ғылыми тәжірибе ретінде зерттеп, сипаттаған Е.Г.Крейдлин құрамына паралингвистика, кинесика, окулесика, аускультация, просемика, гаптика, гастика, ольфакция, хронемика, системология сияқты әр түрлі он жеке ғылым кіретін вербалдық емес семиотика теориясының жалпы түсінігін белгілеп, оларды зерттеудің бірқатар аспектілерін анықтады.

Вербалдық емес семиотиканың қалыптасуына қатысты пәнаралық сипаттағы жаңа ғылым тұрғысында мынадай қиындықтар тән болады: ғылыми-түсінік аппаратының аз зерттелуі, вербалдық емес семиотика нысаны мен аралас ғылым нысандары арасындағы шекараның айқын болмауы, вербалдық емес қарым-қатынас құралдарын зерттеудің анық, дәйекті, бірізді жүйелі тәсілінің болмауы, терең талдау жасалмауы жағдайында мәліметтерді анықтау. Е.Г.Крейдлинмен жалпы вербалдық емес семиотикаға енетін жеке ғылымдар қатарына енгізілген, вербалдық емес қарым-қатынас құралының жекелеген түрлері назардан тыс қала берген.

Вербалдық емес қарым-қатынас мәселелерінің жиынтығы бойынша қазіргі кезде қолда бар деректі материалдар әр түрлі мәдениет пен тілдерден алынған деректер бойынша пайдаға асырылған, Г.Е.Крейдлиннің «Мужчины и женщины в невербальной коммуникации» зерттеу жұмысында ішінара пайдаланған, қырғыз мәдениеті деректерін есепке алмағанда, тек ТМД елдері мәдениеті мен ұлттық тілдері ғалымдардың назарынан тысқары қалған. Осыған қатысты, түпкі негізінде ұлттық мәдениеттің тұрақты шамалары жатқан, қазақтардың вербалдық емес мәдениеті анық этно-мәдени таңбалануымен сипатталады. Қазақтың коммуникативтік мәдениетінің вербалдық емес қарым-қатынас құралдары теориялық қырынан аз зерттелген.

Француз психологы Сюрже адамдар қарым-қатынас процесінде ақпаратты 38% интонациядан, 55% ымдар мен мимикалардан алатынын, сөздер көмегі арқылы ақпараттың 7% берілетінін жазады. Қарым-қатынастың вербалдық және вербалдық емес құрамды бөліктерінің өзара қатынасы мен әрекеті сөйлеу актісінің сипатына, коммуникативтік жағдаяттар түріне байланысты құбылады.

Дұрысы, вербалдық және вербалдық емес құрамдас бөліктердің сипаты мен өзара әрекеттесу формалары қарым-қатынастың белгілі бір жанры ерекшелігін сипаттайтын параметр ретінде көрінуі мүмкін.

Вербалдық және вербалдық емес қарым-қатынас арасындағы тұтастықты да, айырмашылықты да анықтауға мүмкіндік беретін, семиотикалылығы мен коммуникативтік қызметі олардың бірыңғай негіздемесі болады.

Вербалдық емес қарым-қатынастар құралын іріктеу, оларды сөйлеу актісінде жиі қолдану әлеуметтік мәдени, коммуникативтік факторлар, когнитивтік сипатта қатарымен анықталады.

Вербалдық және вербалдық емес қарым-қатынастардың когнитивтік спектрі басым қызығушылық тудырады, себебі, ол архетиптік оппозицияларды, мифологиялық ұғымдарды, яғни, дүниетанымның, этнос ділінің негізін құрайтын, мәдени тұрақты шамаларды білдіреді.

Осы және басқа да сауалдарға жауап, психологияда көп қарастырылмаған – болашақ педагог мамандарының қарым-қатынасын дамыту және мақсатты оқыту мәселесін теориялық және тәжірибелік зерттеуге арналған осы біліктілік жұмыста берілген. Бұл – жұмыстың өзектілігімен маңыздылығын анықтайды.

Мақсаты - болашақ педагог мамандарының қарым-қатынас ерекшеліктерін теориялық және эмпирикалық зерттеу.

Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамдарға сәйкес төмендегідей Міндеттер қойылады:

1. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі қарым-қатынас мәселесін теория жүзінде талдау.

2. Болашақ педагог мамандарының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалық зерттеу.

3. Жоғары кәсіби білім алатын болашақ мамандардың коммуникативтік қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық шарттары мен факторларын анықтау.

4. Болашақ педагог мамандарының қарым-қатынас қабілеттерін дамытуға арналған тренинг-бағдарламасын дайындау және сынақтан өткізу.

Вербалды емес қарым-қатынастың гендерлік аспектілерін зерттеген: Т.М.Николаева, Г.В.Колшанский, И.Н.Горелов, Г.Г.Почепцов, Р.К.Потапова, В.В.Богданов, К.У.Геворкян, Е.М. Верещагин, В.Г.Костомаров, Н.И.Смирнова, Ю.А.Сорокин, Г.Е.Крейдлин; вербалды емес семиотиканың негізін зерттеушілер: Е.А.Чувилина, Р.Бирдвистелл, А.Пиз, Е.Холл, Е.Г.Крейдлин, П.Экман; вербалдық емес қарым-қатынастың жекелеген аспектілерін, қазақстан лингвистикасында зерттеген: М.М. Мұқанов, С.Татубаев, М.П.Ешимов, Б.К.Момынова, С.Б. Бейсембаева, Ж.Нұрсултанкызы, С.Мағжан, В.Д.Нарожнаяның зерттеулері құрайды.

Қарым-қатынас – психология ғылымының негізгі категорияларының бірі.

Қазіргі кезде қарым-қатынас, бір жағынан, іс-әрекеттің ерекше бір түрі, екіншіден, басқа да іс-әрекет түрлерін жасаудағы дербес және өзара әрекеттестік процесі деп түсініледі. Демек, қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы зор.

Адам баласы туылған сәтінен бастап, өмірден озған уақытына дейін басқа адамдармен әртүрлі өзара әрекеттесулер мен қатынастардың символдық (таңбалық) кеңістігіне енеді. Бұл өзара әрекеттесулер өзінің мақсаттары, формалары мен өту жағдайларына байланысты тым көп болады. Мысалы, адамдар жұп-жұппен немесе шағын топтарда тікелей, не болмаса жанама түрде – байланыс құралдары, көптеген коммуникация, өнердің әр алуан түрлері арқылы өзара әрекеттесулері мүмкін. Әлеуметтік байланысқа жекелеген адамдар мен тұтас халық түсе алады, серіктестер арасындағы байланыс эмоциялық-тұлғалық, іскерлік, әлеуметтік-ресми және т.б. сипат алуы мүмкін. Адамның өз әлеміне қатынасы, оның басқа адамдарға деген қатынасымен жанамаланғандығы және оның заттық іс-әрекетінің өзі қарым-қатынас деп аталатын анағұрлым кең процеске енетіндігі маңызды.

«Қарым-қатынас өзінің бастапқы сыртқы түрінде де, бірлескен іс-әрекет түрінде немесе тілдік қарым-қатынас немесе тіпті тек ойша түрінде де адамның қоғамда дамуының қажетті әрі спецификалық шарты болып табылады».

Бұл пікірге қоғамның өзін де қосамыз, өйткені ол Г.М.Андрееваның айтуынша индивидтердің даму тәсілі, әрі олардың қатынасын нығайту тәсілі де болып табылады

Сонымен, адам баласы туылған сәтінен бастап, өмірден озған уақытына дейін басқа адамдармен әртүрлі өзара әрекеттесулер мен қатынастардың символдық (таңбалық) кеңістігіне енеді. Бұл өзара әрекеттесулер өзінің мақсаттары, формалары мен өту жағдайларына байланысты тым көп болады. Мысалы, адамдар жұп-жұппен немесе шағын топтарда тікелей, не болмаса жанама түрде – байланыс құралдары, көптеген коммуникация, өнердің әр алуан түрлері арқылы өзара әрекеттесулері мүмкін. Әлеуметтік байланысқа жекелеген адамдар мен тұтас халық түсе алады, серіктестер арасындағы байланыс эмоциялық-тұлғалық, іскерлік, әлеуметтік-ресми және т.б. сипат алуы мүмкін. Адамның өз әлеміне қатынасы, оның басқа адамдарға деген қатынасымен жанамаланғандығы және оның зат-тық іс-әрекетінің өзі қарым-қатынас деп аталатын анағұрлым кең процеске енетіндігі маңызды.

Қарым-қатынас – бірлескен іс-әрекет қа-жеттіліктерінен туындайтын, кем дегенде үш – коммуникация, интеракция және әлеуметтік перцепция – урдістерінен тұратын, адамдар және топтар арасында байланыс орнататын, әрі оны дамытатын күрделі көп жоспарлы үрдіс.





































Пайдаланған әдебиеттер тізімі
  1. Крейдлин Г.Е. Мужчины и женщины в невербальной коммуникации.-М.: Языки славянской культуры, 2005. – 228 с.

  2. Гаспаров М.Л. Записи и выписки. – М.: Новое литературное обозрение, 2008. – 387 с.

  3. Андреева Г.М. Социальная психология. - М.: Аспект Пресс, 1997. – 350 с.

  4. Бахтин М. М. Эстетика словесного творчества. – М., 1979. – 200 с.

  5. Леонтьев А.А. Психология общения. - М., 1997. – 330 с.

  6. Лисина М.И., Шерьязданова Х.Т. Специфика восприятия и общение у дошкольников. - Алма-Ата: Мектеп, 1989.

  7. Запорожец А.В., Эльконин Д.Б. Психология личности и деятельности дошкольника. - М.: Просвещение, 1965. – 248 с.

  8. Вацлавик П., Бикин Д., Джексон Д. Прагматика человекческих коммуникаций: Изучение паттернов, патологий и парадоксов взаимодействия.: Апрель-Пресс, Изд-во ЭКСМО Пресс, 2000. – 320 с. (Серия «Психология. ХХ век»).











-80%
Курсы повышения квалификации

Профессиональные требования к няне (помощнику воспитателя) в условиях реализации ФГОС дошкольного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Болашақ педагог мамандарының қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру (22.2 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт