Біз мектепке барамыз!
Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар!
Бүгінгі біздің мерекеміз ерекше себебі мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Балабақшамыздың алғашқы түлектерінің қоштасуға арналған ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Жиналдық қоштасу тойға бәрімізде
Үлкен, кіші,жасымыз кәрімізде
Тәрбиелеп осірген балғындармен
Қоштасу қиын екен мына бізге
Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда
Мұндай күй болмаған шығар қаншамызда
Қол соғып қошаметпен қарсы алайық
Балғындарымызды соңғы рет ортамызға.
Би: Вальс
Ерасыл: Құрметті қонақтар, армысыздар
Бәріңізде есен-сау бармысыздар?
Қоштасатың күн келді бақшаменен.
Апайларға айтатың алғысым бар
Ак тілекті ағытып бір тастайың.
Қоштасатың әнімізді бастайың
Әдеп пенен өнегені үйреткен.
Бақшамызды есімізде сақтайық.
Ән: «Тәрбиеші апайлар»
Енді балаларымызды тақпақтарымен ортаға шығарамыз.
Нұрлан: Бақшадағы күндерді
Есімізге сақтаймыз
Тәрбиеші еңбегін
Бәрімізде ақтаймыз.
Айда: Біз сабақты бастаймыз
Қайталаудан саспаймыз
Есептен де қашпаймыз
Жазуды да бастаймыз.
Мариям:Бақшамызды ұмытпай
Келіп кетіп тұрамыз
Сондай кезде апайлар
Қалады ғой қуанып.
Қуат: Үлкендерге тап таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Ән: «Мектептерде үйретеді». (Хор)
Тақпақтарын жалғастырады.
Жансая:Ана тілін ардақтап
Ана салтың біз көрдік
Сурет салып ән жаттап
Оқып,жазып,үйрендік.
Ернар: Сүген қызын,өз ұлын
Бөбегімді деп аянбай
Бала бақшам өз үйім
Апай болды анамдай.
Әмина: Сен үйреттін сойлеуді
Сенде ойым есейді
Мектеп барам мен енді
Бала бақшам қош енді.
Ерназ: Алты жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата ананы
Мектепке кетіп барамыз.
Елдана: Мектеп біздің анамыз
Мектеп біздің панамыз
Үлағатты ұстаздан
Өқып білім аламыз.
Анель: Таң атқаннан, кеш батқанша
Бірге болдым өзіңмен
Көп қызықты күндер отті
Қоштасатын кезде жетті.
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ә н салайық
Иесіне ән жырдан тамсанайық
Арамызға «Гүлдер» биін алып келген
Тобымыздың бишілерін қарсы алайық.
Би: «Гүлдер» биі.
Ән: «Көк тудың желбірегені» (ер балалардың орыңдауында)
Осы кезде бестік кіреді: ( көріңіс)
Ануар:Салеметсіздерме балалар, мен бестікпін сендердін достарынмын Мектепте мен сендердің достарын боламын. Мен сендермен келешектегі достарынмен таныстырып өтейін деп едім, енді соларды ортаға шақырайық.
Әліппе:Сымбат Менің атым әліппе
Мені анандай дәріпте
Мені оқып ержеткен
Бауыржан да ,Мәлікте.
Математика:Асылбек Біздің келер шамамыз
Бестен үшті аламыз
Тортті бөліп екіге
Жауабын тез табамыз.
Дәптер:Тахир Ел құрметтеп бағалар
Досың бар ол тазалык
Кел, дәптерге балалар
Тап таза етіп жазалық.
Қүнделік:Мағжан Жазуды менде әр күннің
Бар мінезін әр тәртібін
Дос болайық жарқыным
Жолдасымсың сен менің.
Жүргізуші: Ойын: «Ия,жоқ
Шарты:мен сұрақ қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай ия, немесе жоқ деп жауап бересіңдер.
Мектепке барасыңдар ма?
Кілең бестік аламыз ба?
Айтқан тілді аламыз ба?
Ақылды бала боламыз ба?
Нан жейміз деп жылаймыз ба?
Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
Оқушы біз боламыз ба?
Ата-аналармен де, «ия,жоқ» ойыны.
1.Баланызға әрқашан тірексізбе?
2.Тамағын уақытылы бересізбе?
3.Сериал көріп жатасызба?
4.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
5.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
6.Сен оқыт, мен оқытын шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
7.Бала үшін асулардан асасыз ба?
Рахмет ата-аналар, балалар!
Жүргізуші: Құрметті көрермендер біздің балалардың балабақша апайларына
арналған алғыс ақ тілектері бар:
Абылай: Орын берген бақшадан
Директор біздің жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артық өзі басқадан
Алия апайға мың алғыс.
Ерназ:Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып әдіскер апаймен.
Біріншіншіге барамыз
Сарбиназ апайға мың алғыс!
Асылтас:Жақсы көрем әрдайым
Әрқашан бізге жалықпай
Ағылшын мен орыс тілін үйреткен
Роза, Ақбидай апайларға мың алғыс!
Айда:Қағазға сурет сурет салдырып
Қарайсыз көзді талдырып
Жақсы ісімізді мақтаймыз
Ата-аналарды таң қалдырып
Әсем апайға мың алғыс!
Жалғасбек: Естен кетпес үнініз
Бізбен отті әр күніңіз
Бізге үміт артасыз
Шығар деп спорт шебері
Мың бұрала биінізді де үйреткен.
Назира апайға мың алғыс!
Нұрым: Ақ төсекте жатқызып
Бала болып ойнаған
Тәтті тағам ұсынған
Балалардан Айдана, Гүлшат апайға мың алғыс!
Ақтілек: Ән салдырып билеткен
Ылғи бізбен жүреді
Тақпақтарды үйретіп
Ойнатады күледі.
Кызық –қызық ертектер
Бізге оқып береді.
Жалқаулар да тентекте
Сол апайға көнеді
Гүлнаш,Жанат,Айжан
Көп рахмет айтамыз.
Ән: «Анашым» балалардың орыңдауыңда.(Нұржан,Қуат,Сымбат,Жалғасбек,
Асылтас, Іңкәр,Жансая)
Балалар алғыс тілектерін жалғастырады:
Кәусәр:Ойыншықта, кеседе,
Шанышқы мен тарелкі
Орындық, шкаф,төсекте
Бәрі өзі келеме
Соның бәрін табатын
Шаршамайтың күлетін
Зыр жүгіріп жүретін
Жәмиля апайға мың алғыс!
Іңкәр:Есеп –қисап жүргізетін
Бақшаға кіріс кіргізетін
Қымбат апай сізгеде
Біз айтамыз мың алғыс!
Жарқынай:Төсек-орын тап –таза
Аппақ жуған сүлгісі
Бақтүгіл апай сізге де
Балалардан мың алғыс!
Ануар; Тәтті тамақ пісіретін
Айран сүтін ішкізетін
Саржан,Инама апайлар
Сіздерге де мың алғыс!
Жүргізуші:Мың бұралып би билеп
Шығады қыздар ортаға
Бүгінгі той тамаша
Қуанамыз балаша.
дегендей ортаға «Бипыл» биімен қыздарымызды қарсы алайық.
Ерасыл: Қош,Алпамыс! Ұлы өмірге аттандық
Алдан бізді тек арайлы ақ таң күт.
Болашақта жүрейік тек әрдайым,
Біз сіздерді,сіздер бізді мақтан қып!
Кілтті тапсыру: Ерасыл,
«Тайбурыл» тобына сөз беріледі.
Қымбатты «Алпамыс» бала бақшасының түлектері. Біз сіздерге ақ жол тілеп, сабақты жақсы оқып, үлкен азамат болуларынызды тілейміз.
« Тайбурыл» тобының бүлдіршіндері балабақша кілтін қабылдай отырып сіздерге биіктерден көрінеміз деп уәде береміз.(балалар тақпақтарын айтады)
Жүргізуші: Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерін
Сендердікі болашақ
Өтер балғын бала шақ
Өзат болып оқындар
Ойға білім тоқындар!
Балалар:Еске сөзді сақтаймыз
Үмітінізді ақтаймыз.
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Жүргізуші:Еркелеп мойныма артса ақ білегін
Перзенті елжіретер ет жүрегін
Аттаған бүлдіршіңге айтар енді
Аналар тебірентіп ақ тілегін
Ата- аналарға сөз беріледі.
Жүргізуші:Дәм жазса талай тойда кездесерміз
Күн сайын өркендерміз, өзгерерміз
Балалар бақыты үшін ғұмыр кешкен
Бақшамыздың меңгерушісіне сөз береміз.
Ән «Қош бол бала бақшам»
Жүргізуші:Осымен «Айтөбел, Аққанат» тобының «Біз мектепке барамыз» атты қоштасу ертеңгілігі аяқталды. Сау болыңыздар!
«Қош келдің Жана-жыл» атты зал мерекеге сай безендірілген. Музыка жүріп жатады.
Жүргізуші:Бүгін сізге жырдан алқа тағайын.
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де , көрмеген де арманда
Жаңа жылын құтты болсын ағайын.
Құрметті ата-аналар қош келдіңіздер! Сіздерді келе жатқан жаңа –жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Жүргізуші:Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін бала бақша директоры Кенжеғалиева Алия Тлекқызына береміз.
Жүргізуші:Ортада жаңдандырып талайды,
Шыршамыз,жасанып,жайнайды.
Құбылып,құлпырып айнала
Сиқырлы сәулер тарайды.
Балалар,қарандаршы шыршамыз қандай әдемі,біз шыршамызға ән айтып берейікші.
Ән: «Аппақ-аппақ жапалақтап»
Музыка: Қоян секіріп келеді.
Қоян: Ой балалар , мені құтқарындаршы.
Ол мені жеп қоямын дейді.
Жүргізуші:- Кім сені ренжітті, сен кімнен қорқып тұрсын?
Қоян:-Кім болушы еді-қасқыр! Мен естігенмін,ол жаңа жыл мерекесінде мені қуырып жеймін дейді.
Жүргізуші:Сен бізбен бірге жүр,ешкімнен қорықпа,бізбарлығымыз қосылып сені құтқарамыз.
Ал кәзір біздің балалар таиаша би дайындады. Бәріміз бірге билейік «Коңілді би»
Би біткен соң қасқыр келеді. Барлық жерді иіскелеп,тістеп.
Жүргізуші:Мынау кім екен!
Қасқыр:Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі,ең батыр,ең мықты, ең шапшан ол мен қасқыр.
Жүргізуші: А-солайма? Осында қалай келіп қалдың?
Қасқыр: Мен жай жүрмін,сендердің мерекелеріне әдейілеп келдім. Ал сендер қоянды көрген жоқсындарма?
Жүргізуші: Ал сен оны қайтейіндеп едің?
Қасқыр:Жай менің қарным ашты (қарның сипайды) ой айтып қойдым ғой.
Жүргіөуші:Қасқыр саған ұят емеспе? Сен неге оны қуалайсың?
Қасқыр: Мен бәрі бір оны жеймін.
Қоян: Қасеке сен мені жеме, менің саған деген мерекеге арналған сйым бар.
Ән: «Қояндар әні»
Ескі жылмен қоштасу.
Қой: Мен ескі жылмын, сендерге қоштасуға келдім. Мен сендерді қимаймын. Сендермен маған оте көңілді. Мен сендерге жұмбақ жасырайын балалар.
Қыста ғана болады, үстасан қолын тонады.(қар)
Терезеге қонады,әсем ою салады.(қырау)
Тікен,тікентік пісте, қысы,жазы бір түсте.(шырша)
Қандай тапқыр балаларсыңдар, оте жақсы мен қайтайын.
Жүргізуші:Есік қағылады. Есікті кім қағып тұр екен есік ашылады.
Қош келдініз, Жана жыл төрлетініз
Мешін: Балалар мен мешінмін. Жана жылмын, мен сендерге бақыт, байлық деңсаулық алып келдім.
Ән: «Буги-буги»
Тақпақ жана жылға арналады.( Ерасыл,Ернұр, Расул,Асия, Ануар, Мариям.
Рахмет балалар. Біздің мерекеміз коңілдіә отіп жатыр, енді біздің мерекемізге кімдер жетіспейі.. Аязта мен Ақшақарды шақырамыз.
Жүргізуші:Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұргой. Кәне сиқырлы сөздермен шырша шамын жарқыратайық.
« Қуант бізді, таныртқат шамдарынды жарқырат» ( 3рет)
Ән: Жасыл шырша жаныңда.
Тақпақтарын айтады. ( Сұлтан,Айда, Абылай,Нұрым,Нұрлан,Елдана)
Би: «Үлпа биі» ( топтың қыздары билейді) Ақшақар мен бірге.
Балалардың дайындаған кқрініс ағылшын тілінде . «Үйшік». (ТЫШҚАН,БАҚА, ҚОЯН,ТҮЛКІ, ҚАСҚЫР,АЮ:
Музыка жиберіледі.
Ойын балалар мен «Шаңғы тебу» балалар мен ойын. ( екі топқа болініп, балалар жарысы шаңғы тебу)
Ата-анамен ойын: (музыкаға қарай әр ұлттардың биін билейді).
Аяз-ата. Жарайсыңдар! Балаларым. Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден келгенде көңілімді көтердіңдер! Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емеспе қызым! Ал енді біз жолға шығайық. Ал жақсы, балалар сау болыңдар.
Ата-аналар сау болыңдар!
(Аяз-ата ақшақар қолдарын бұлғап шығып кетеді).
Ән: «Жасыл шырша жаныңда»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар . 2016 – жаңа жылға мерекеміз аяқталып қалды, Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларынызға бақыт, қуаныш әкелсин.

Біз мектепке барамыз (24.13 KB)

