Білім беру саласы:«Коммуникация», «Шығармашылық», «Таным».
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту, Сурет салу ,Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз»
Мақсаты:Балалардың оқу құрклдар білімдерін тиянақтау, берілген тапсырманы ынта- жігермен орындауға үйрету. Балалардың зейінін, шығармашылық қабілетін, ой- қиялын, сөздік қорын дамыту.
Сөздік жұмыс:Оқу құралдары, оқушы
Билингвальды сыңары:мектеп- школа-school , қалам- қарындаш, қаламсап- ручка.
Заттық дамыту ортасы:түрлі- түсті бояулар, суреттер, үлестірмелі материалдар.
Мотивациялық-қозғаушылық:
1.Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
2.«Миға шабуыл»
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Ал күздің бірінші айы қай ай ?
-Қыркүйекте балалар қандай мерекені атап өтеміз?
-Білім күні барлық балалар қайда барады?
Ұйымдастырушылық- ізденістік:
Балалар мектепте нақты және дұрыс сөйлеуіміз қажет?Неліктен? Дұрыс, барлық дыбыстарды, сөздерді, сөйлемдерді қатесіз айту керек.
(Бұл талаптарды сақтау не үшін қажеттігі талданады.)
3.Дыбысты дұрыс айту жаттығулары:
Дә-дә-дә – дәптер.
Кі-кі-кі – кітап.
Ме-ме-ме – мектеп
Шы-шы-шы-оқушы.
-Мектепке барғанда сендерді кім деп атайды? (Оқушы)
4.Қимылды ойын «Оқушы»
Бұл тапсырманы орындаған үшін сендер нағыз оқушы атына лайықсыңдар портфельге ие болдыңдар.
-1- тапсырма.
«Жұмбақтарды шешіңдер».Бірге мектепке не алып барасыңдар??
Оқушыға қандай құралдың қажет екенін аңғарып,? (Дәптер, кітап, қаламсап, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, т.б.)Осы тапсырманы үшін дәптерді
-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? (Мектеп құралдары)
Тосын сәт: Есіктен оқушы бала Алихан кіріп келеді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендерге қонақ болып келіп қалдым.
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, Алихан, кел, төрлет. Біздің балалар мектепке баруға дайындалып жатыр.
: Жарайсыңдар, балалар! Мектеп- кеме, білім- теңіз. Мектепте білім алу өте қызықты, әрі жауапты іс. Өзі туралы әңгімелейді. «Менің мектебім» ...
2- тапсырма.
-Мектеп деген не?(Мектепте парта, тақта, т,б бар)
-Балалар мектепке не ұшін барады?(Білім алу үшін барады.)
-Сабақ аяқталғанын мұғалім қалай біледі?
3- тапсырма.Сергіту сәті «Еvery Day Igo to school»
Балалар би қимылдарын жасап, бойларын сергітеді. Қарындашты береді
Олай болса, мектепке дайын болсаңдар, білімдеріңді тексеруге рұқсат етіңіздер
4- тапсырма. «Логикалық тапсырма»
-Алихан өзімен бірге мектепке не алып барады?
Балалар суретке назар салады, оқушыға қандай құралдың қажет екенін аңғарып, құралдарлы сызық арқылы қосады.Тапсырманы дұрыс орындап
қаламды алады.
5- тапсырма.
Шығармашылық жұмыс.
Дәстүрден тыс әдіс «пуантилизм»,көбікпен салу, фольгамен сурет салу. Алдын ала жүргізілген жұмысты түрлі- түсті бояумен жалғастыру.
Күзгі ағаш бейнесін салу.
Жұмыс толық орындалғаны үшін сызғышты береді.
Қортынды:
Балалардың бүгінгі оқу қызметінен алған сезімдерімен бөлісу. Балаларды мақтап, мадақтау. Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жұмыс істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірін білдіре алады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:оқу құралдары атауын атауды, , ажырата біледі;
Меңгереді: алған білімдерін толық меңгереді;
Жасай алады:ойын тапсырмаларды түсініп орындайды.

«Біз мектепке барамыз» (16.45 KB)

