Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  4 класс  /  Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару

Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару

?оз?алыс?а берілген есептерді шы?ару да?дыларын жетілдіру, "Жа?ындау жылдамды?ы" деген т?сінікті ?алыптастыру.

16.12.2016

Содержимое разработки



Пәннің аты: Математика

Уақыты: 11.11.2016

Реті: 47

Мұғалім: Калыкова Г.Ж.

Сабақтың тақырыбы

Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару.

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор

Сабақтың жабдығы

Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Жалпы мақсаттар


1. Қозғалысқа берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру, "Жақындау жылдамдығы" деген түсінікті қалыптастыру.

2. Есептеу және өз бетімен жұмыс істей білуді, ой-өрісін, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту.

3. Интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу және өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Ынтымақтастық атмосферасы

Математика пәніміз

Ұғынамыз мәнін біз.

Бар есепті қиналмай

Шығарамыз бәріміз.

Қосам, алам, көбейтем,

Теңдеу шешем, тең етем.


Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Ұйымдастыру

Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр. Бүгін біз сабағымызда саяхатқа шығамыз. Яғни сабағымыз "Саяхат сабақ" деп аталады. Саяхатқа біз пойызбен шығамыз және біз Алматы өаласынан (1000 жыл) Астана қаласына (тәуелсіздікке 25 жыл) аттанамыз. Ол үшін жолда әр бекеттерде бізге тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды біз топпен, жеке орындауымыз керек және де тәртіп сақтаймыз.

Ал сендер топқа бөлініп отырсыңдар, сондықтан сендер вагондарда отырған жолаушылар боласыңдар, ал топбасшыларың – жол серіктер болады. Пойызға отырарда билет тексеріледі ғой, ал біздің билетіміз – үй тапсырмасы. Үй тапсырмасын дұрыс және түгел орындаған болсаңдар біз Астанаға жол тартамыз.

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы. 101 бет №3. (слайд)

406690-82005=324685 78141∙3=234423

627296+50614=677910 153142∙4=612568

43578:9=4842 48896:8=6112

58256:8=7282 314121∙3=942363

№5. Салыстыр.

6 мин 20 с = 380 с 643 с 6 мин 43 с

6 сағ 20 мин

106 мин 1 сағ 6 мин 106 сағ 1 тәул 6 сағ

Жақсы балалар, барлығың үй тапсырмасын орындап келіпсіңдер, олай болса, Астана қаласына жол тарттық.

Оқушылар ауызша жауап береді.

Жаңа сабақ

Ал, біздің бүгінгі сабағымыз:

Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару.

Мақсатын айту (слайд)

№1 тапсырманы түсіндіру. (слайд)

-сызбадан не көріп тұрмыз?

-олар қалай қозғалып келеді?

-Бір-біріне қарама-қарсы.

Осы сызба бойынша, екі автокөліктің жылдамдықтары белгілі және олардың бастапқы арақашықтықтары белгілі. Олардың неше сағаттан кейін кездесетінін білу үшін: біз автокөліктердің жақындау жылдамдығын тауып аламыз.

Жақындау жылдамдығы дегеніміз – екі автокөліктің жылдамдықтарының қосындысы.

60 км/сағ + 40 км/сағ = 100 км/сағ

Жақындау жылдамдығы

Ал, неше сағаттан кейін кездесетінін білу үшін бастапқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлеміз.

400:(60+40) = 4 t=S:

Яғни, автокөліктер 4 сағаттан кейін кездеседі.

Балалар, Біз Отар бекетіне де келіп қалыппыз. Олай болса, ол бекетте дайындалған тапсырмаларға көңіл бөлейік.

І топ. 2 (а) тапсырма

ІІ топ. 2 (ә) тапсырма

ІІІ топ. 3 (а) тапсырма

IV топ. 3 (ә) тапсырма

V топ 3 (б) тапсырма

Келесі бекетіміз – Шу бекеті. Бұл бекет бізге №4 тапсырманы ауызша орындауға ұсынады.

Келесі бекет – Сарышаған бекеті. Сарышаған бекетінде біраз сергіп алайық.

Сергіту сәті

Сергіту жаттығуларын орындау.


Ақадыр бекетінде №5 тапсырманы орындаймыз.

№5. Амалдардың орындалу ретін анықтап, есепте.

450 ∙ (2∙7) = (450∙2)∙7= 6300

720 * (9*2) =(720*2)*9=1440*9=12960

17*2*8*125=125*2*8*17=250*8*17=2000*17=34000

№6 тапсырманы Дария бекеті дайындаған екен. Есепті шы,ар. Әр топқа тапсырма.

І топ. Контейнердің көлемін табамыз

ІІ топ. Контейнердәң еденінің ауданын табамыз.

ІІІ топ. Бүйір жақтарының аудандарының қосындысын табамыз.

IV топ. Үстіңгі жағы мен еденінің аудандарының қосындысын табамыз.

V топ. Қанша қыры, қанша төбесі, қанша жағы бар?

Ендігі бекетіміз – Қарағанды қаласы. Қазақстанның ірі қалаларының бірі – Қарағанды өаласы туралы тағы да не білеміз? Оқушылар жауабы тыңдалады. Бұл бекетте №7 тапсырманы орындауымыз керек.

Р=(6+3)*2=18 см

Ал балалар, біз отанымыздың бас қаласы – Астанаға да жақындап қалдық. Саяхатымыз сәтті болуы үшін мына сұрақтарға жауап берейік. «Миға шабуыл» (слайд)

Олай болса, Астана қаласына да келіп жеттік. Ертеңгі сабағымызда Астана қаласында саяхат жасаймыз. Ол үшін мына тапсырмаларды үйде орындайсыңдар.

Сабақты бекіту

Ал балалар, біз отанымыздың бас қаласы – Астанаға да жақындап қалдық. Саяхатымыз сәтті болуы үшін мына сұрақтарға жауап берейік. «Миға шабуыл» (слайд)

Олай болса, Астана қаласына да келіп жеттік. Ертеңгі сабағымызда Астана қаласында саяхат жасаймыз. Ол үшін мына тапсырмаларды үйде орындайсыңдар

Саған қайсы тапсырма қиын болды?

Үй тапсырмасы

130-бет, №3 (в), 131-бет, №8.

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Ал, балалар, сабақ қалай өтті?

Не үйреніп, не білдік?

Сабақта сендерге не ұнады?

Ән «Астана»

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Кері байланыс





-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару (28.55 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт