Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  4 класс  /  "Бір белестен өттіңдер"

"Бір белестен өттіңдер"

"Бір белестен ?тті?дер" атты 4-сынып о?ушыларына арнал?ан ерте?гілік

10.01.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Бір белестен өттіңдер»


Мақсаты:

  1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

  2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.

  3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

«Шуағын төккен 4 жыл» фото көрме

Қанатты сөздер мен тақырып.


Слайд: «Мектептегі мерекелер»


Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас біле білсең білім озар

Ақыры керек болар бір сасқанда - деп Міржақып Дулатов ақын айтпақшы тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бір белестен өттіңдер» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер, құрметті ата- аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.


Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!


Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да 
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда 
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныпты ортамызға!


-----Фанфары
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.



Мұғалім:

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары, «Әдепті бала» , «Жолда жүру ережесін білейік!» мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сынып аралық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

1. Жүргізуші

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

2.Жүргізуші:

Армысыздар әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

1.Жүргізуші:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби еркелер.

2.Жүргізуші:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Төртінші сынып оқушысы Алпысбай Айманның орындауында Бота Бейсенова апайымыздың «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.


1.Жүргізуші:

Бүгін сендер жүрексініп тұрсыңдар. Төрт жыл бойы білімнің ауыр баспалдақтарынан өттіңдер. Содан бері қаншама сабақ өтті. Ережелер жаттап, қаншама есептер шығардыңдар. Мың сегіз жүз отыз алты сағат бойы партада отырып, бұл сендердің үй тапсырмасын орындағанға кеткен уақыттарыңды санамағанда қаншама дәптерге жазу жаздыңдар.


2.Жүргізуші:

Иә, міне сағымдай өткен төрт жыл ішінде сендерді ұстаз аналарың сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

1.Жүргізуші:

Ендеше бастауыш сынып жайлы неге айтпасқа?


Айман

Маған ұстаз үйретті

Әліппесін өмірдің,

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді

Таптым ойдың тұрағын,

Маған ұстаз сездірді

Алдағы өмір шырағын.


Әділет

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген,

Дүниетану сабағы.


Арсен

Адамдыққа үйреткен,

Жамандықтан жиренткен

Тілімізді ширатқан

Ана тілі данамыз.


Алияр

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауыштан алған білім , жырларым,

Азық болар мәңгі талай жылдарға.


Бақтияр

Бастауышым бал- бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.


2.Жүргізуші:

Алғашқы ұстазым анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүректен хан көреді - дей келе алғашқы ұстазы Қашағанова Гүлнар апайға арнап төртінші сынып оқушылары «Ұстазым» әнін орындайды.


Жүргізуші:

Сынып оқушылары мен ата- аналары өмірінен көріністер.



«Есеп»

Баласы:

Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате.

Әкесі:

Не дейді? Мүмкін емес!

Баласы:

Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.


«Ең қиын сұрақ»

Баласы:

Мама, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.

Анасы:

Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?

Баласы:

Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды деген сұраққа...



«Емтихан»

Әкесі:

Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?


Баласы:

Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.

Әкесі:

Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.


1.Жүргізуші:

Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше 2014-2015 оқу жылында бірінші сыныпқа келетін бүлдіршіндердің мектепке арнаған жырларын тыңдайық.


2.Жүргізуші:

Келесі кезекті төртінші сынып оқушыларына береміз.





Бақтияр

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.


Әділет

Мектебім білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған төрт жыл бойы ата - анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.



Алияр

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.


Арсен

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.


Айман

Мектеп үйім, ұстазым менің ата - анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып, сан тарапқа тараған.


1.Жүргізуші: Төртінші сынып оқушыларының орындауында Динара Қырықбаеваның «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.


2.Жүргізуші:

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан ,мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған жырларын тыңдамас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?



1.Жүргізуші:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмейтін, оқуға , жазуға үйреткен мұғалімнің еңбегі шексіз. «Мұғалім мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.



2.Жүргізуші:

Дұрыс айтасың, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұзтаздан білім мен тәрбие алған.


2.Жүргізуші:

Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымыз ұстаздарымызға арналады.


Айман

Адалдықпен бұл мектепті басқарады,

Түлеп ұшқан жас түлектер сан саналы.

Үлесі бар мектепті көркейтуге,

Қуандық ағай сізге алғыс жолданады.


Әділет

Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын.

Жалғаулар мен жұрнақтар,

Ережесін жаттадым.

Бесіншіге барған соң.

Ардақ апай берер бағасын.


Алияр

Ойланып есеп шығартқан,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы.

Бесіншіге барған соң

Бота апай бере бағасын.


Арсен

Класқа келіп кіргенде,

Қимылдамас еш пенде.

Мөлдір апай сабағын,

Өткіземіз біз демде.


Бақтияр

Өзге тілді үйреткен,

Қызықтырып біздерді.

Ағылшынша сөйлеткен,

Гүлнар апай сабағы.


Айман

Орыс тілді оқытып,

Тілімізді ширатқан.

Нурила апай өзіңізге

Қабыл ал , алғыс балаңнан.


1.Жүргізуші:

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.


Ыстық –ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай жетелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек-ау. Ендеше келесі ән осы әкелерге арналады. Алпысбай Айман мен Махамбет Алиярдың орындауында «Әке» әні қабыл алыңыздар.


2.Жүргізуші:

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынандай бір нақыл сөз бар: «Анаңды үш рет Меккеге арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!


Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Ендеше аналарымызға арнап «Асыл әже» әні орындайтын Алпысбай Айман


2.Жүргізуші:


--Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылығын ешкімнен аямаған,

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.


Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым деп түсінген мектебіміздің директоры Карбузов Қуандық Қожанұлына сөз беріледі.



1.Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан:------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------береміз.



2.Жүргізуші:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып келесі сөз кезегін сынып жетекшісіне беріледі.


1.Жүргізуші:


Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Шақырайық вальске оқушыларды

Бастауышпен қоштасудың вальсін айтып тұрып


2.Жүргізуші:


Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенің.

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектебім ! - дей келе

«Бір белестен өттіңдер» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет!


Тексерілді:











«Бекітемін»

Мектеп директоры

К.К.Карбузов




Тақырыбы: «Бір белестен өттіңдер»


Мақсаты:


  1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.


  1. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.



  1. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі:


«Шуағын төккен 4 жыл» фото көрме

Қанатты сөздер мен тақырып.


Слайд: «Мектептегі мерекелер»


Өтетін күні: 20.05.2014 жыл


Өтетін уақыты: сағ .11 - 00











«Төле би атындағы орта мектебі – мектепке дейінгі шағын орталығымен » КММ

2016- 2017 оқу жылы



БАЯНДАМА



Мектеп оқушыларының оқулықпен қамтылуы








Кітапханашы: Тлекеева Г.Б



Төле би ауылы




























Тәрбие сағаты

Тақырыбы

Отбасы және мектеп






Мұғалім: Г.М.Кашаганова

Сынып :3


Таутүрген ауылы












-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Бір белестен өттіңдер" (156.14 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт