Меню
Разработки
Разработки  /  Право  /  Разное  /  9 класс  /  Білімді ұрпақ – білікті ұстаз бейнесі.

Білімді ұрпақ – білікті ұстаз бейнесі.

Тәуелсіз еліміздің тірегі - білімді, тәрбиелі ұрпақ.

08.02.2018

Содержимое разработки

Білімді ұрпақ – білікті ұстаз бейнесі.


Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын, бүкіл әлемге танытып, өзге мемлекеттермен тереземізді тең ұстап, керегемізді кең ететін – бүгінгі алдымызда отырған шәкірттер. Осы орайда қазіргі таңда еліміздің білім беру ісінде тың өзгерістер болып жатқаны баршамызға мәлім.Білім беру мекемелерінде мұғалімнің ең басты қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бойында ұлттық құндылықтар бар, сақталған адамгершілікті жеке  тұлғаны қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық технологияларымен байланыстыра бере отырып, әр баланың қабілетін, талабын ашып, талантын ұштап, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, қоғамда өз орнын дұрыс таба алатындай етіп жұмыс жасауымыз қажет. Ол ең алдымен ұстаздың даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Ұстаз ол – оқушы үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі, жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Оның айқын дәлелі «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі ұстаздарының өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өз ортасына бақыт, қуаныш, сүйіспеншілік сыйлай алатындай етіп білім беріп, тәрбиелеп отырған ерен еңбектері деп білемін. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырып, рухани- адамгершілік тұрғысынан тәрбие мен білімді қатар беріп, білімді терең игерудің бірден-бір жолы- заманауи тиімді әдіс – тәсілдер арқылы шығармашылыққа жетелеу- бүгінде ұстаздарға қойылатын басты талап. Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім - тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген ұстаздардың шынайы бейнесі екендігі сөзсіз. Ал оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіші – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын оятумен терең де мазмұнды білім беру, ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі заман бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт тәрбиелеу. Студенттердің рухани білімі мен тәрбиесінің іргетасы қаланатын, дамитын, ізденімпаздық, ғылыми, жеке – дара шығармашылық жұмысқа деген дағдылары қалыптасатын колледжіміздің білім беру саласында рөлі зор. Соған байланысты жыл өткен сайын оқу – тәрбие үрдісін жаңартып, оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдана отырып білімді терең игерудің жолдарын, әрбір пәннің ғылыми негіздерін меңгерту мәселелерін, студенттің ойлау қабілеті мен рухани – адамгершілік тұрғысынан шығармашылық әрекетін дамыту сияқты ұтымды түрлерін енгізіп келеді. Баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту бағытындағы іс-әрекетке көшу – заман талабы. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, өмірден дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену қажет.Ұлы педагог Я.А.Коменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екенін айтқан. Ал, шығармашыл ұстаздың шәкірті де шығармашыл, ізденімпаз болып қалыптасады. Оған білімнің нұрын құйып, шығармашылық ынтымақтастықта әрекет етсе, шығармашыл дарынды тұлға шығары сөзсіз. Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп бала тәрбиесін жақсы көңіл бөлген. Білім,тәрбие жолы ұзақ жол. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен талабын орындай алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. XXIғ.-бәсеке ғасыры, олай болса, кемелденген рухани- адамгершілікті тұлғалы шәкірттерді тәрбиелеп, біліміміз бен қажыр –қайратымызбен «Ұстаз» деген атқа лайықты қызмет ете берейік.

-75%
Курсы повышения квалификации

Методика преподавания «Основы права» в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Білімді ұрпақ – білікті ұстаз бейнесі. (15.43 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт