Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Мероприятия  /  10 класс  /  Білім беруді дамытудың проблемалары

Білім беруді дамытудың проблемалары

Елбасы «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдарын айқындап көрсетті.Қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі – қоғамның жастар біліміне деген әлеуметтік тапсырысы арқылы жалпы білім беру жүйесінің деңгейін анықтау екендігі белгілі. ҚР «Білім туралы заңына» сәйкес білім берудің ізгілікті сипатын, тұлғаның еркін дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды ескере отырып, білім беретін мекемелердің негізгі міндеттерінің бірі - өзгермелі өмірдің жағдайларына тез бейімделуге қажетті белгілі бір білімдер жүйесі мен тұлғалық қасиеттерді оқушылар бойында қалыптастыру болып табылады.Еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктердің қарыштап дамуы үшін жастардың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру қажеттігі туындайды. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін,оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау

23.05.2018

Содержимое разработки


БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Елбасы «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдарын айқындап көрсетті.Қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі – қоғамның жастар біліміне деген әлеуметтік тапсырысы арқылы жалпы білім беру жүйесінің деңгейін анықтау екендігі белгілі. ҚР «Білім туралы заңына» сәйкес білім берудің ізгілікті сипатын, тұлғаның еркін дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды ескере отырып, білім беретін мекемелердің негізгі міндеттерінің бірі - өзгермелі өмірдің жағдайларына тез бейімделуге қажетті белгілі бір білімдер жүйесі мен тұлғалық қасиеттерді оқушылар бойында қалыптастыру болып табылады.Еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктердің қарыштап дамуы үшін жастардың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру қажеттігі туындайды. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін,оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау.

Қазіргі дидактикада оқушыларды математикаға оқытудың үш негізгі мақсатын бөліп көрсетеді: практикалық, білім берушілік және тәрбиелік. Практикалық мақсаттың маңыздылығы – оқушылардың қазіргі қоғамға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгеруінен байқалады. Математикалық оқытудың білім берушілік мақсаты олардың математикалық мәдениетінің жоғары болуы қажеттігінен және математиканың басқа ғылым салаларында, өндіріс пен өмірде қолдану қажеттігінен келіп шығады. Басқа ешқандай пән табандылық, мақсатқа ұмтылу, тәртіптілік, жаңаны қабылдау және тағы басқа тұлғалық қасиеттерді дамыту сияқты көпқырлы қызмет атқара бермейді. Дегенмен, математиканы ең алдымен адамның логикалық ойлауын дамыту мен жетілдіру мүмкіндігі үшін жоғары бағалайды.

Қазіргі кезде ғалымдар математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қою қажеттігін жиі айтады.

Ендеше математикалық білім беру туралы мәселені математикалық сауатылық мәселесінен бастауымыз керек. Ал, сауаттылық мәселесі математика оқытушысың дайындық сапасының негізгі проблемасы. Бұл проблемалар:

- Оқытушының теориялық әдістерінің тереңдігі
- Оқытушының кәсіби білімін үздіксіз жетілдіруі (курстар, семинарлар т.б.)
- Пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни логикалық ой – өрісінің жан – жақтылығы[1].

Математика мұғалімінің алдына қойған мақсаты: «Оқытудың озық ақпараттық – инновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамытып, сапалы білім беру» болуға тиісті[1]. Оқушыларға білім беруді дамытуда білім сапасын толықтығы, тереңдігі, икемділігі, нақтылығы, жүйелілігімен анықтауға болады.

Білім беруді дамытудың проблемалары – қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы,жалпы білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласындаматематикалықәдістер мен математикалықойлауғанаемес, жалпығылымидүниетаным да жаңаруда. Қазіргі кезде математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет. Қазіргі кезде білім беру:пәндік – мазмұндық, мазмұндық – әрекеттік және мазмұндық – тұлғалық байланыста болуы керек [2].

Оқушыларды есеп шығаруға үйрету мәселесі негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Есеп шығара білу – оқу материалын игеру мен математикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Математиканы оқытуда оқушыларды есептерге оқыту, конструкциялау және зерттеу объектісі ретіндегі қөзқарастарын қалыптастыру қажет. Сондықтан, есептер шығарудың әртүрлі оқыту әдістемелері талап етіледі. Олардың төмендегі классификациясын келтіруге болады:

- нысандардың сипаттамасы бойынша (практикалық, қолданбалы);

- теорияғақатысты (стандарт, стандарт емес);

- талапетусипаттамасыбойынша (ізделінділерді табу, дәлелдеу, салу) [2].

Бұрынғы шығарған есеппен аналогияны іздестірудің өзі бұған ұқсасты еске түсіруді ғана емес, сол аналогияны табу үшін аналитикалық-синтетикалық әдісті қолдануды талап етеді. Сондықтан есептер жүйесін іріктеумен қатар әрбір есепті шығарғанда оқытушы мен оқушының жүргізген жұмысының әдістемесінің ролі мен маңызы үлкен. Оқытушының есеп шығарғандағы әдістемелік жұмысы, біріншіден шығарылған есептің шартын талдаушы, екінші жағынан синтездейотырып, есеп шығаруды үйретудің тиімділігін қамтамасыз етеді [3].

Оқушыға артық күш түсірмеу үшін есеп шығару үрдісін төрт кезеңге бөлуге болады:

  1. Есептің мазмұнымен танысу; 2) Есептің шешуін іздеу; 3) Есепті шығару; 4) Есеп шығаруды көрсету.

Есеп шығару тәсілдері мен құралдарын таңдауда оқушыларға толық еріктілік беру керек. «Есеп шығаруды қалай бастау керек?» деген сұраққа «ойланындар» деп жауап береміз. Өзіміздің сұрақтарымызбен оқушыларды есепті нақтылы шешуге емес, шешудің жалпы идеяларына әкелу керек. Бұдан біз есеп шығармашылық көзқарас тудыру әдістемесінің негізін көреміз. Есеп шығаруда ойлану үрдісін түйінді үш кезеңге бөлеміз: оқушының ойы есептің мазмұнына анағұрлым терең бойлайды, ойлау әрекетінің белсенділігі ең жоғарғы деңгейге жетеді, есепті талдау, есепті алдын-ала зерттеу және таныс әдісті қолдану мүмкіндіктерін зерттейді.

1. Есептің шартын талдау. Есептің шартына кіретін шамалардың сан мәндерінің арасындағы байланыстарды анықтау мақсатымен есептің берілгені мен белгісізін салыстыру немесе геометриялық фигуралардың жекелеген элементтерінің арасындағы байланыстарды анықтау және шамалар арасындағы тәуелділікті анықтау.

2. Есепті алдын-ала зерттеу. Берілген есептің түрлі нұсқасын қарастыру, есептің кейбір берілгендерін сақтай отырып, басқасын еркін өзгерту және бұл үрдістегі заңдылықты табу.

3. Таныс әдісті қолдану мүкіндігін зерттеу. Есепке белгілі бір көзқарас тұрғысынан қарау, есептің берілгені мен белгісіздігінің арасындағы зерттеу әдісіне тән ерекше байланыстарды анықтауға ықпал етеді [4].

Мен өз сабақтарымда Караевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын бірнеше жылдан бері пайдаланып келемін.

Үздіксіз білім беру жүйесінде математиканы оқытудың мақсаттарын іс жүзіне асыру үрдісі дидактиканың қағидаларын, мазмұнын, оқыту формалары мен құралдарын зерттей келе, білім алушыларға қазіргі заман математика бағдарламасының негізгі рухани мазмұндық-әдістемелік бағыттары жөнінде білім бере отырып, қазіргі замандағы білім беру әдістерін және қазіргі мәдени-әлеуметтік кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, математиканы оқытудың жаңа әдістемелерін, ақпараттық технологияларды пайдалануды, креативтік әдістемелер мен интерактивтік тәсілдерді қолдануды талап етіп отыр.

Математика өркениет тудырған және оны барлық кезеңінде дамытуға ықпал етіп келе жатқан маңызды ғылым саласы. Қазіргі кез келген ғылым саласы математикалық әдістерді қолданып қана қоймай, математикалық заңдылықтар арқылы құрылады. Қазіргі ғылым мен техникаға жол тек қана математика арқылы өтеді.

Математикалық білім беру математика ғылымының бір бөлігі ғана емес, жалпы адамзаттық мәдениет құбылысы. Ол адамзат ойының даму тарихының бейнесін береді. Сондықтан адамның мәдени дамуында математикалық білім беру үнемі маңызды роль атқарып келе жатыр.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Абылкасымова А.Е. Современный урок. – Алматы: Ғылым, 2003.

2. Садыков Т.С. и др. Методология 12-летн. Обр-ния. – Алматы, 2003.

3.Садыков Т.С. и др. Жоғ. мект. білім берудің дид-лық негіздері. – Алматы, 2003.

4. Агабекян Р.Л. и др. Матем. методы в социологии. – Ростов-на-Дону, 2005.
























-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Білім беруді дамытудың проблемалары (20.14 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт