Сыныптан тыс жұмыс: «Білгірлер» зияткерлік сайысы
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру. Ұйымшылдыққа баулу, бауырмашыл қасиеттерін ояту. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың барысы:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Білімділер» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымыз, «Қазақстан халықтарының тілдер күні» мерекесіне арналады. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу, салт-дәстүрін құрметтеу әр адамның борышы.
Кез келген тіл – бұл тұтас бір әлем. Тіл дегеніміз – халықтың жаны, қуанышы, жан ауруы, қазынасы. Сондықтан да туған тілімізді, мемлекеттік тілімізді қастерлейік.
- Бүгінгі сайыста да 6 сынып оқушылары қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін, қазақ тілінен алған білімдерін көрсеткелі отыр.
- Сайысқа 6 «Д,Е,Ж» сынып оқушыларынан құралған екі топ, «Найзағай» және «Білім» топтары қатысады. Ал сайыскерлеріміздің білімдерін сынайтын әділ-қазылар алқасы. (әділ-қазылар таныстырылады)
- Сайыс төрт кезеңнен тұрады:
1. Бірлесіп аударамыз.
2. Адасқан суреттер.
3. Галереяға саяхат.
4. Мақал-мәтел.
Психологиялық ахуал.
Әр қатысушыға қызғалдақ гүлінің жапырақтары таратылып беріледі, оқушылар қағазға өз дерінің жылы лебіздерін, тілектерін жазып шығады. Екі топ ортаға шығып, жазған тілектерін оқып бір-біріне тарту етеді.
Көрермендер көрімдігі.
6 «Ж» сынып оқушысы Нъеметова Юлдуз М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқыды.
- Ал енді сайысымызды бастаймыз, қатысушыларға сәттілік тілеймін!
1-кезең Бірлесіп аударамыз.
Тапсырманың шарты: Әр топқа берілген сөздерді орысша. қазақша және ағылшын тілдеріне дұрыс әрі тез аудару керек. Сөз орыс тілінде жазылса қазақ, ағылшын тілдеріне аударады және керсінше. (Оқушылардың шапшаң әрі дұрыс, грамматикалық қатесіз аударылуы ескеріледі)
2-кезең Адасқан суреттер.
Тапсырманың шарты: Шашыраңқы берілген суреттерді орындарына қойып жабыстыру, сурет бойынша мәтін құрастырып оқу. (Оқушылардың тіл байлықтары, дұрыс сөйлеу дағдылары, шығармашылқ қабілеттері ескеріледі.)
3-кезең Ертегілер әлеміне саяхат.
Тапсырманың шарты: Оқушылар ертегілер әлеміне саяхат жасайды, суретте бейнеленген кейіпкерлердің кейпіне еніп, берілген ертегіге қойылым көрсетеді.
(Оқушылардың шығармашылық, әртістік қабілеттері ескеріледі.)
Көркрмендер көрімдігі.
6 сынып оқушысы Туртаева Лаура «Жаса, Қазақстан» әнін орындады.
4-кезең қазақ халқының құндылығы мақал-мәтел сайысы.
Тапсырманың шарты: Отан және Білім тақырыбында мақал-мәтелдерді айту.
Сайыс соңында жеңімпаз топ марапатталады.
- Осымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған сайысымыз өз мәресіне жетті, «Найзағай» мен «Білім» топтарына үлкен рахмет, оқуда озат болыңдар, тілдерді үйренуге жалықпаңдар, Отанымыздың бетке ұстар азаматы болыңдар.
- Адамға екі нәрсе тірек тегі Бірі – тіл, бірі – ділің жүректігі,
- деп Жүсіп Баласағуни айтқандай, туған тіліміздің мәртебесін көтеріп, қастерлейік. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде екенін ұмытпайық!


«Білгірлер» зияткерлік сайысы (32 KB)

