Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Планирование  /  5 класс  /  Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа"

Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа"

"Менің атым Қожа" Бердібек Соқпақбаев

13.11.2017

Содержимое разработки



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

«Адамгершілік – асыл қасиет» бөлімі

Мектеп:


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5 Қазақ әдебиеті


Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға, шығарма кейіпкеріне хат жазу, өлең жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

шығармадан алған әсерін қағаз бетіне түсіріп, кейіпкерге хат жазады


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

авторға арнап шығармадан мысал келтіре отырып, өз ұсыныстарын жазады


Кейбір оқушылар орындай алады:

шығармадан бір оқиғаны алып,ХХІ ғасырға сәйкес етіп қайта жазады, кейіпкерге арнап өлең жазады

Бағалау критерийі

∙ шығармадан өзі таңдаған бір

кейіпкерден алған әсері туралы

кейіпкерге хат, өлең жазады

∙ хат құрылымын сақтайды

∙ ұйқасты өлең құрайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятынан алған әсерін сипаттапбере алады, кейіпкерге немесе авторға хат жаза алады


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:жолдама, ағаттықтың азабы, қаулы, жұмыр жер, қыршаңқылық


Талқылауға арналған сұрақтар:

«Түбінде адам болатын бала» деген пікірді қалай түсінесіңдер?

Қожа бойындағы қасиеттер адамгершілікке жата ма? Неліктен?

Шығарманың қандай тәрбиелік мәні бар?

Құндылыққа баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» атты тармағындағы идеялар Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятында адамгершілік қасиеттер Қожа бейнесі арқылы оқырманға жеткізілген

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Алдыңғы оқу

7 минут

Қызығушылықты ояту. «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсете отырып, әр кейіпкер бойындағы қасиеттер туралы толық мәлімет беру.

«Шеңберге жиналу уақыты» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтарға жауап береді

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

С.

«Кім сұрақ қояды?» ойыны

Сабақтың мақсаттары мен критерийлерімен таныстыру

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы

Сабақтың ортасы

28 минут


(5+5=10 мин)



















(8 мин жазу, 5+5 қорғау)

Ж.

Автормен сырласу хаты

∙Оқушылар шығарма кейіпкері көзқарасы тұрғысынан авторға хат жазады

∙Кейіпкерге хат жазады

Хат жазудың критерийі:

  1. Хат түсінікті, анық жазылу керек

  2. Әрі сыпайы, қарапайым болуы қажет

  3. Хат қысқаша мазмұнды болуы керек

  4. Кімге арнадың? М/ы: Қымбатты менің кейіпкерім! Қымбатты Қожа!

  5. Негізгі бөлім(сұрақтар, өтініштер, болған жағдайда өзіндік пікір,тілек)

  6. Қоштасу, хат иесінің аты-жөні(уақыты)


Т.

І, ІІІ топ:

«Бес жолды өлең»

«Ақылдылық», «Тәкәппарлық» сөзіне байланысты өлең жазу

Өлең жазу критерийі

Зат есім – 1

Сын есім – 2

Етістік – 3

Нақыл сөз

Синоним


ІІ, ІV топ:

«Креативті жазу»

Шығармадан бір оқиғаны алып, ХХІ ғасырға сәйкес етіп қайта жазады.

Мұғалім деңгейі төменге қолдау көрсетеді. Үздігі сыныпта оқылады және мектепішілік газетке шығарылады.







Интербелсенді тақта, видеоролик




Қалам, А4













А3, маркер











А3, маркер

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс:

«Шыңға шығу» әдісі арқылы шығармадағы адамгершілік қасиеттерді шыңның басына төменнен жоғары қарай орналастырады.

ҚБ

«Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы бағалау


Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Тапсырмаларды жүйелі түрде бере отырып, кейіпкерге немесе авторға хат жазуға бағыт беремін. Жеңілден күрделіге қарай тапсырманы беру арқылы қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізіледі. Кейіпкерлер бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді талдай отырып, адамгершілік қасиеттерге баулу.

«Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы бағалау жүзеге асырылады.

Жазылым дағдысы басым болғандықтан қазақ тілі пәнімен байланысады, АКТ-дан бейнероликтер мен жазбаша тапсырмалар ұсынылады. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді дәріптеу және жалпыұлттық құндылығымызды жетілдіруге бағытталады.

Сабақ бойынша рефлексия

∙Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізеді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

∙Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

∙Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырма сәйкес болды ма?)




-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Филолог

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа" (41.9 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт