Жасы бойыншы: Мектепалды даярлық тобы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі:мүсіндеу
Тақырыбы: «Бауырсақ»
Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырубалалардың бірнеше бөліктен тұратын заттарды біріктіріп мүсіндей алу дағдыларын қалыптастыру;оларға мазмұн беру;мүсіндеуге деген қызығушылық арттыру.
| Оқу іс-әрекеті | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Дидактикалық көрнекіліктер | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.
| Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Жарқырайды күніміз! |
| Өлеңді қайталап айтып, не сезінгендерін айтады.
|
| Ұйымдастыру, іздену
| (Сыбдыр естіледі.)- Балалар, тынышталайық! Бұл не сыбдыр? (Конверт қыстырылған қапшық тауып алады.) Қапшықты ашамыз ба? (Иа!) Ендеше жұмбақтың шешуін табыңдар.«Өзі дөңгелек сары, Дәмі сондай тәтті.» -Әрине балалар сендер бұл еретегінің жалғасын білесіңдер Сергіту сәтін орындату. Шаршадым «Уһ!» дедім, Ренжідім «Туһ!» дедім, Қорықтым «Ой!» дедім, Өкіндім «Ах!» дедім, Шарасыз «Ех!» дедім, Кейідім «И!» дедім, Біліп ап «Ә!» дедім, Қуанып «Ха - ха - ха!» дедім.
-Балалар бүгін біз басты кейіпкеріміз бауырсақты жасап үйренеміз. 1.басын 2.көзін ,мұрнын,аузын
|
Жұқмақ кітапша Ермексаздар Тақта
Бауырсақ ертегінң кейіпкерлерінң суреті
Суреттер. | Көргендерін айтады. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Өз ойларын айтады.
Жұмысқа кіріседі.
Бауырсақты мүсіндейді,жасыл қағазға орналастырады.
Жаттығуды орындайды.
Сергіту сәтін қайталайды |
|
Рефлексивті түзету | Балалар сендер ненің бейнесін мүсіндедіңдер? Оның түсі қандай болады екен? Балалардың еңбегін мадақтау Көрме жасау |
| Бауырсақты Оның түсі сары болады |
Күтілетін нәтиже:
Жүйелейді: Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерін білдік
Қолданады: Ермексаздан жұмыс жасап, бөліктерден құрастыруды қолдана алады.
Түсінеді: Ертегінің мазмұнын түсінеді

"Бауырсақ" Мүсіндеу (15.29 KB)

