«Бауырсақ» ертегіге саяхат
1) Білімділік: Балаларды ертегі тыңдай білуге үйрету, өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау.
2) Түзете-дамытушылық: Балалардың психо-эмоциялық күйлерін,өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастырып, дене түйсігі арқылы сезіну, ымдау, елестеу қабілеттерін арттыру. Балалардың зейіндерін, есте сақтау, ойлау, қабылдау, сөйлеу белсенділіктерін дамыту, сөздік қорын молайту, ұсақ және жалпы моторикасын дамыту.
3) Тәрбиелік: өзара қарым-қатынасқа түсуге,шапшандылыққа, достыққа және ауыз біршілікке тәрбиелеу.
Техникалық құралдар: проектор, компьютер.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлері, қима қағаздарға жазылған тапсырмалар, суреттер, сенсорлы жолақтар.
Әдіс -тәсілдер: Шаттық щеңбері, ойын, сұрақ-жауап, әңгімелесу, релаксация, сурет терапиясы, сергіту сәті, мадақтау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа психологиялық дайындық.
Балалар, кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық.
Мен сендерді «Шаттық щеңберіне» шақырамын.
Шаттық щеңбері:
- Кане-кане тұрайық,
Үлкен щеңбер құрайық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
2. Көңіл-күй көтеру сәті:
Баламен қарама-қарсы тұрып, бір-бірінің көзіне қарап алақан арқылы жылу жіберіп, сәлемдесіп, көңіл күйін сурау.
3. Сенсорлы жолақтармен жүру.
Ал, балалар біз саяхатқа шықпас бұрын сенсорлы жолактармен жүріп өтейік, өздерімізді аздап дайындап алайық.
-Ендеше, балалар орынымызға жайғасып отырайық. Осы сәтте ертегінің әуені шығады. - Ал, балалар біз бүгін ертегі еліне саяхатқа шығамыз. Экранға назар аударайық кімдерді көрдіңдер? -Ата, әже. - Дұрыс айтасындар, деп ертегіні айтып бастайды. Ертегінің желісі бойынша «Бауырсақ» әндетіп орманға жол алады. Сол сәтте бауырсақ аюға жолығады. Мені жіберші мен саған ән айтып беремін дейді.
-Сол сәтте психолог ал балалар Бауырсаққа көмектесіп жіберейк ол үшін біз тапсырманы орындаумыз керек:
«Лабиринт» жаттығуы
Мақсаты: баланың зейінін, көркемдік-бейнелі ойлауды дамыту, байқағыштықты қалыптастыру.
-Жарайды балалар міні бауырсаққа көмектестік. Сонымен бауырсақ өз әуенін жалғастырып кете жөнелді. Сол кезде оған қоян кездесіп сен кім?- деп алдынанан шыға келді. Орманда не истеп шурсин әндетип?
Бауырсаққа көмектесу үшін тағы бір тапсырманы орындайық.
«Айырмашылықты табу» жаттығуы
Мақсаты: байқағыштық пен зейіннің тұрақтылығын, бөлінуін, шоғырлануын дамыту.
Шарты: Тақтаға қиылған екі қоянның суреттері ілінеді, сол суреттердің айырмашылығын табу керек болады. Тапсырмаға қосымша баланың алдына төрт бөлікке бөлінген қояндардың суретін жинақтау керек.
-Міне, балалар біз тағы бауырсаққа көмектестік. Бауырсақ ары өз жолымен әндетіп кетеберді.
- Осы кезде бауырсақтың алдынан қасқыр шыға келді: -Кім орманда әндетіп жүрген? - Бауырсақ тоқтайғалып мен «Бауырсақпын» деп жауап қайтарды.
-Психолог балаларға ал енді тағы бауырсаққа көмектесіп жіберейік қасқырдан құтылып шығуына. Олай болса қимылды жаттығу орындайық шаршаған боларсындар.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқы-ытқып жүгірді (әр жолды айта отырып жаттығу жасау арқылы көрсетеді)
- Ал, балалар бауырсақ қасқырдан да құтылып кетті. - Балалар сендер бұл ертегіні естідіндер ма, енді бауырсақ кіммен кездесетін еді? Бауырсақ өз олеңін айтып жөнеледі, теректен-терекке секіріп барады. Сол кезде алдынан зып етіп қу түлкі шыға келеді де -Ой қандай әдемі жіңішке дауыс естіледі. -Сен кімсің? Мен бауырсақпын ал сен кімсің? Мен сүйкімді түлкімін. -Қайдан кележатырсын? Апамнан, атамнан қашып келемін.
- Психолог балаларды түлкіден құтылу үшін тапсырма орындау керекпіз.
- «Сурет терапиясы» алдын-ала даярланған бауырсақтың суреттінің шаблоны таратылады.
-Балалар алдарындағы бауырсақтың суретін бояимыз. Саусақты суға батырып бояу. Мінеки балалар ослайша түлкіден де құтылдық.
-Балалар осымен ертегіміз де аяқталды. Сендерге етрегі ұнады ма?
4. Сабақтың қорытындысы:
«Әрқашан күн сөнбесін» жаттығуы
Тақтада бұлт басқан күннің суреті ілінеді. Әр бұлттта сұрақтар берілген, соларға жауап беру барысында күннің көзі ашылады.
Бұлттағы сұрақтар:
1. Қандай кейіпкерлер кездесті?
2. Құ түлкіден бауырсақ құтылды ма әлде ұсталды ма?
3. Сендерге ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
4. Сабақтың үстінде қандай жұмыстар жасадық?
- Ендеше, балалар, сендерге айтарым әрқашан күндерін сөнбесін, күннің көзіндей шуағымызды төгіп, күлімдеп жүре

"Бауырсақ" ертегісіне саяхат! (18.1 KB)

