Меню
Разработки
Разработки  /  Физкультура  /  Разное  /  4 класс  /  Бастауыш сыныптарда өтетін дене шынықтыру пәнінің мақсаты

Бастауыш сыныптарда өтетін дене шынықтыру пәнінің мақсаты

Дене тәрбиесінің негізі – жеке тұлғаның өз қолында. Мысалы, әр күні дағдылы жаттығулар жасап, тазалықты қастерлеуді қалыптастырса, екіншіден, түрлі сауықтыру қимылдарын міндетті түрде (парыз) жасап, дене қимылдарын шынықтырса, онда ол денсаулығын, ой парасатын таза сақтай алады.

22.04.2018

Содержимое разработки

Бастауыш сыныптарда өтетін дене шынықтыру пәнінің мақсаты


Бастауыш сыныптарда өтетін дене шынықтыру пәнінің мақсаты – оқушыларды дағдылы қозғалыс түрлеріне (жүру, жүгіру, секіру,т.б.) спорттық жарыстарға қатысуға дайындау. Таң ертеңгі бой жазу жаттығуларын үйде орындауға бақылау жасау және т.б. Бала алғашқы кезде далаға шыққан бетте жаттығулар орындайтын жерге жеткенше тез жүгіріп барып, одан соң жүгіруді бастап, бара-бара жылдамдықты үдете беруі қажет. Ең әуелі жүгіруден бастаудың мәні қан айналу процесімен ішкі мүшелерді тиісті жүктемелерге дайындайды. 5 – 10 минут жүгіріп, одан кейін керіліп-созылу жаттығуларын орындайды. Кеудені кере дем алу, иық, кеуде және белді қозғау жаттығуларын орындап бірте-бірте күрделендіре береді. Бастауыш сыныптарды дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене жағынан даму процестері баса ескерілуі қажет. Сабақтың мақсатына қарай арнайы іріктеліп алынған жаттығулар мен ойындарды, оқушылар орындай алатындай болуы керек. Баланың өз құрбыларының арасында жүргенде көпшіл бола білу мінез-құлқын қалыптастыратын бірден-бір құрал ойын екені даусыз. Әрбір баланың мінез-құлқы ойын үстінде қалыптасады. Яғни біреуі әділ ойнайды, екінші біреуі алдайды, үшіншісінің жаттығуды орындауға шамасы келмейді, енді бірі жігерсіздік танытады. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері ойын тәрбие құралының негізі ретінде пайдалану керек. Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен байланысты. Денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту. Адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Органзм шамасы келетін жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана дамып, нығайып жетіледі.

Күнделікті «денсаулық сағатын» өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайтады, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Әсіресе ақыл-ойына, мидың қабылдау процесіне әсер етеді. Демек мидың белгілі бір уақытта тынығуына жағдай жасайды.

Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгертудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін, күш – қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп-бүгілгіштігін дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ оқушы өз қимыл-қозғалысын соған сәйкес музыка ырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады.

Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын жетілдіргенде нәтижесі жақсарады. Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану оқушының шапшаңдылық, күштілік, төзімділік қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары – мойын, иық, кеуде, арқа және аяқ бұлшық еттерін дамытуға пайдасын тигізеді.

Дене тәрбиесі мен адам психологиясы өзара тығыз байланысты. Балалар өмірінде оның ой әрекетінен тыс ешбір процесс болмайды. Адамның жан-дүниесіндегі әрбір түйсік, қозғалыс түрінде білінетіндігі және керісінше әрбір қимыл-қозғалыс көңілге тікелей байланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сөйтіп ақыл-ойға қозғау салмайтын бірде-бір қимыл жоқ, ой қызметі қимыл түрінде көрініс табады.

Ойынға баланың дене мүшелері түгел қатысады, ойын оның барлық рухани әрекетіне қозғау салады, сөйтіп жеңіл және гимнастиканың, дене тәрбиесінің барлық түрлерінің міндетін атқарады. Осылайша бастауыш мектеп оқушыларының күнделікті тіршілігіндегі қозғалыс белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстары дұрыс жолға қойылғанда ғана біздер денісау ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Дене тәрбиесінің негізі – жеке тұлғаның өз қолында. Мысалы, әр күні дағдылы жаттығулар жасап, тазалықты қастерлеуді қалыптастырса, екіншіден, түрлі сауықтыру қимылдарын міндетті түрде (парыз) жасап, дене қимылдарын шынықтырса, онда ол денсаулығын, ой парасатын таза сақтай алады.


-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бастауыш сыныптарда өтетін дене шынықтыру пәнінің мақсаты (13.11 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт