Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзырлылығын дамыту»
Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл –ойы мен қөзқарасы өзгеріп отыратыны заңды құбылыс. Қоғамдық қарым –қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.
Жылдық оқытуға көшуге байланысты білім беру жүйесінде «құзырет», «құзыреттілік», «құзырлылық» деген жаңадан қолданысқа енген сөздердің мәні мен мағынасы біреуге түсінікті, таныс болса, біреуге бейтаныс, таңсық болуы мүмкін.
Тұжырымдамада көрсетілгендей құзіреттіліктің өзі бірінен- бірі тәуелсіз бірнеше бөліктерден тұрады.Оларды талдай отырып жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзіреттілігін төмендегіше сипаттауға болады:
-өзінің даралығын сезініп, өзін –өзі дамыта білуі;
- өзінің қызметін бағалай білуі;
- түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;
- өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі;
-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;
-түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі;
Білім беру нәтижелері ретінде құзіреттіліктер :
-құндылықты –бағдарлы құзіреттілік
-мәдениеттанымдық құзыреттілік
-оқу – танымдық құзыреттілік
-коммуникативтік құзыреттілік
-ақпараттық – технологиялық құзыреттілік
Коммуникативті құзырлылықты оқыту технологиясы сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайларды жасайды.Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу –іс әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады.
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асатын , белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын , тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын , тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым –қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу –ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі , бір уақытта дамиды. Оқушылардың құзырлылығын дамыту мақсатында бастауыш сыныптардағы тәжірибемізде коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамыз.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзінің әдістемелік қорын толықтырып отыруы және үнемі ізденісте болуы керек. Коммуникативтік оқыту технологиясын жүзеге асыру негізінде Сент- Экзепюридың сөзін айтқым келеді:
«Жер бетіндегі ең үлкен байлық – бұл қарым –қатынас байлығы». Сонымен осы оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін пайдаланып, сабақта балалардың білімділігін , іскерлігін,адамгершілік, эстетикалық патриоттық сезімін дамытамыз. Ал нақтылап айтсақ , салыстыру, жинақтау , талдау, нақтылау, жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен коммуникативтік оқыту технологиясын пайдалану арқылы топпен, жеке жұппен жұмыс істеу арқылы үлкен жетістіктерге жетеміз.
Қорыта келе, оқушының құзырлылығы коммуникативтік оқыту технологиясы арқылы дамиды. Танымдылық қабілеттері , танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады.Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең , дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.