Логикалық тапсырмалар:
4 бала екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипедтер теуіп жүр. Егер велосипедтердің барлық доңғалақтарының саны 9 болса, екі доңғалақты велосипед нешеу, үш доңғалақты велосипед нешеу?
10 литірлік және 3 литірлік екі ыдысты пайдаланып, 8 литр суды қалай құйып алуға болады?
11 таяқшадан үй құрастыр. Бір таяқшаны бұру арқылы осы үйді басқа жаққа бұр.
Самат 2 балықтан, ал Марат бір балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған?
Әр қабырғаға 2 орындықтан қойып, 5 орындықты бөлмеге орналастыр.
Қанаттан «Сыныпта неше қыз бала бар?»- деп сұрағанда, ол: «Қыз балалардың санынан ең кіші екі таңбала санды азайтып, нәтижиеге 8 бен 0 цифрлары арқылы жазылған санды қосса, екі сегіз арқылы жазылған сан шығады»,-деп жауап берді.
Сыныпта неше қыз бала бар?
Салтанат , Ләззат, Назерке, Гүлнардың туған күндері – 2 ақпан, 10 қазан, 2 маусым, 28 ақпан. Ләззат пен Назерке бір айда туған. Ал Салтанат пен Ләззаттың туған күндері- бірдей сандар. Балалардың әрқайсысының қай айда, қай күнде туғанын анықта.
Қазақстан Республикасының халқы ұлы Абай және Жамбыл аталарымыздың 1 ғасыр 50 жыл, ал Мұхтар Әуезов атамыздың 1 ғасыр толған мерейтойларын атап өтті.
1 ғасыр 50 жылды жылмен өрнектеп жаз. (150 жыл)
1 ғасырды жылмен өрнектеп жаз.(100жыл )
Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе?
Қандай сағат тәулігіне екі рет қана тура уақытты көрсетіп тұрады?
Оңынан оқысаң да –сол сан,
Солынан оқысаң да – сол сан.
Ол қандай екі таңбалы сан?
5 литірлік және 3 литірлік екі ыдысты пайдаланып, 7 литр суды қалай құйып алуға болады?
8 адам кездесіп, бір- бірімен қол алысты. Олар барлығы неше рет қол алысқан?
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады?
Азамат , Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғанын мұғалімнен сұрағанда, ол: «Ешкім 2 алған жоқ, бірақ бағаларың әр түрлі. Тоқтар 3 алған жоқ, Ержанның бағасы 3 те, 5те емес»,- деді. Балалардың әрқайсысы қандай баға алған?
35 жасар Бауыржанның 4 ұлы бірінен-бірі 2 жас кіші. Олардың ең үлкені 8 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлдарының жастарының қосындысына тең болады?
Үш бала дойбы ойнады. Егер әр бала қалғандарының әрқайсысымен бір партия ойнаған болса, әр бала неше партия дойбы ойнады?
12 орындықты бөлменің екі қабырғасына 4- тен, ал бір қабырғасына 6 орындықтан орналастыр.
10 орындықты үш –үштен бөлменің әр қабырғасына орналастыр.
Әкесі мен екі баласы велосипед теуіп жүр. Анасы рульдер мен доңғалақтарды санағысы келді. Рульдер – 2 ал доңғалақтар- 5 болды. Велосипед нешеу және олар қандай?
Анасы үш ұлына 9 дәптер сатып алып, бөліп берді. Ортаншысына қарағанда кіші ұлына ол 1 дәптер кем, ал үлкен ұлына 1 дәптер артық берді. Сонда әр ұлына неше дәптер берді?
Буратино Мальвинаға дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері қонаққа барды. Ал Пьеро сейсенбі, сәрсенбі және беәсенбі күндері барды. Қай күндері олар екеуі де Мальвинаға қонаққа барды?
Киноға билет алу үшін кассаға кезекте 13 адам тұр. Мирас кезектің бас жағынан санағанда жетінші болып тұр. Кезектің соңынан санағанда ол нешінші болып тұр?
1-ден 99-ға дейін санағанда 5 цифры неше рет аталады?
Үш дос шахмат ойнады. Әр бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналады?
Екі балада 10 алмұрт болды. Біреуі 1 алмұрт, екіншісі 3 алмұрт жегенде, олардың қалған алмұрттарының саны бірдей болды. Әуелде әр балада неше алмұрт болды?
Стаканға, кесеге және шыны аяққа кофе, шырын және шай құйылды. Стаканға құйылған кофе емес, кесеге құйылған шырын да, кофе де емес, ал шыны аяққа құйылған шырын емес. Ыдыстардың қайсысысына не құйылда?
Маймыл бұтаққа жайғасып, банан жеп отыр. Оның әр қолында 1-ден банан бар. Әр аяғында қолындағыдан 1 банан артық. Маймылда неше банан бар?
Ұлу 2 минутта 2 см жоғары жылжиды. Содан соң 1 мин демалады да, 1см төмен түседі. Ұлу 5 мин ішінде неше сантиметр жоғары жылжиды?
Жердің үшінші жасанды серігі Жер шарын 106 минутта айналып шықты. Осы уақытты сағатпен және минутпен өрнектеп көрсет.
5 жыл бұрын Ержан 8 жаста болған . 6 жылдан кейін Ержан неше жаста болады?
Үстел мен шкафтың арасы 4 м. Егер үстелді 2 м оңға, ал шкафты 2 м солға жылжытса, олардың арасы неше метр болады?
Ләйланың 3 бүтін, 2 жарты және 4 ширек алмасы бар. Ләйланың неше алмасы бар?
Берік мектептен 40м қашықтыққа жүгірді. Содан соң тағы 5 метрге жүгірді. Одан кейін 15 м қарама-қарсы бағытта жүгірді. Сонда Берік мектептен неше метр қашықтықта болды?
Пілдің конькимен сырғанағысы келді. Ол өте ауыр, сондықтан әр аяғына 2 конькиден киді. Бір конькиді тұмсығының ұшына іліп алды. Піл неше коньки киді?
Қолтырауындар кокос жаңғағының дәмді екенін естіп, оның дәмін татып көргілері келді. Пальма ағашының биіктігі 32м, ал қолтырауынның ұзындығы 4м. Жаңғақтың дәмін татып көру үшін неше қолтырауын бірін-бірі көтеріп тұруы керек?
Аулада 3 метрлік 20 бөрене бар еді. Жарты метрден кесіп, отын дайындау керек болса, оларды барлығы неше рет кесуге тура келеді?
Жіпке 5 түйін түйілді. Әрбір көрші екі түйіннің арақашықтығы 2см. Жіптің шеткі түйіндерінің арақашықтығы неше сантиметр болады?
Әдия 5- қабатта, ал Гүлшат сол үйде, одан екі есе жоғары қабатта тұрады. Гүлшат қай қабатта тұрады?
Азаматтың Салтанаттан 3 есе артық маркасы бар. Егер Азамат 16 маркасын досына сыйласа, олардың маркаларының саны бірдей болады. Азаматтың неше маркасы бар? Салтанаттың ше?


Бастауыш сынып мұғалімі (18.39 KB)

