Меню
Разработки
Разработки  /  Физкультура  /  Разное  /  4 класс  /  Баланы ойын арқылы тәрбиелеу

Баланы ойын арқылы тәрбиелеу

Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығының және орындалуы да көбінесе ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым - қатынасқа әрекеттенуге тәрбиелеуге мүмкіндік мол.

22.04.2018

Содержимое разработки

Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қатынастырады. Бала ойынында да қоғамдық ұжымдық сипат болады. Мысалы: кез - келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар - құрбылармен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір - бірімен өзара қарым - қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. "Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да қандай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады."

«Оқу құралдарының мінезі -мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог-психолог, ақын М.Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолында пайдаланылатын әдістемелер мәнді, жұмыр болуы керек.Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлык, іскерлігін дамытатындай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Ойынның қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен кызығуы.

Ойын әрекеті - өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жүмыс өз алдында жеке тұрып оқыту ұсталған бола алмайды. Ал баланың ойын үстіндегі өзін - өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шашығуы, шыңдалуы, оның ақыл - ойын, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік -қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде балалардың өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы бала белсенділігі мен білімді игеруге деген санашылық (пен) ұстанымы бала дербестігін туғызып, өздігінен оқу білім алу дағдысын қалыптастырады.

Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығының және орындалуы да көбінесе ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым - қатынасқа әрекеттенуге тәрбиелеуге мүмкіндік мол. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмсалуы керек, өйткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтықпен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді.


-75%
Курсы повышения квалификации

Охрана здоровья обучающихся в образовательной организации

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Баланы ойын арқылы тәрбиелеу (13.11 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт