Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Планирование  /  Дошкольникам  /  "Байланыс құралдары" ашық сабақ

"Байланыс құралдары" ашық сабақ

бұл сабақ мектепалды даярлық сыныптарының "Байланыс құралдары" тақырыбына арнап жазылған. сабақ мектепалды даярлық сынып тәрбиешілеріне көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.

25.04.2019

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: _________________

Білім саласының мазмұны: Әлеумет, Қатынас, Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қоршаған орта

Тақырыбы: Жыл мезгілдері

Мақсаты:

Жыл мезгілдері туралы балаларға мәліметтер беру. Әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: сөздерді дұрыс қолдана отырып, сөйлем құрауға үйрету.

Дамытушылық: ой-өрісін дамыту, табиғаттың әр кезеңінде әртүрлі өзгерістер болатынын байқауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: туған өлке табиғатын сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.


Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық және жұптық жұмыс, Кластер әдісі, Кір жаю әдісі

Көрнекілігі: жыл мезгілдерінің жеке және топтама суреттері, АКТ, алма ағашы, доп, смайликтер, гүлдер, жапырақтар, жемістер мен көкөністер, қарлар, мақта, буын сөздер, бұтақтар

Блингвальді компоненті: қыс – зима – winter, көктем – весна – spring, күз – осень – autumn, жаз – лето – summer, жыл мезгілдері – времена года - seasons

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

-Сәлемдесу

-Балаларды түгелдеу

-Жылулық шеңбері:

Шуақ шаша алтын таңда,
Мөлдір таза ауада.
Табиғаттың бәрі оянады.
Қайырлы таң балалар!
Сәлем бердім саған елім!
Тал бесігім туған жерім.
Сәлем бердім бәріңізге!


Здраствуй, солнце золотое!

Здраствуй, небо голубое!

Здраствуйте, мои друзья,

Очень рад вас видеть, Я!


Good morning, good morning

Good morning to you

Good morning our teacher

We are glad to see you

-Жарайсыңдар! Ал енді мына стол үстіндегі қағаздардан алыңдар.

Қызыл түс таңдағандар «Көктем» тобы

Жасыл түс таңдағандар «Жаз» тобы

Сары түс таңдағандар «Күз» тобы

Көк түс таңдағандар «Қыс» тобы

Осылай балаларды 4 топқа бөлемін.

Ал енді тақтаға назар аударайық.

-Сәлемдеседі




-Қимыл-қозғалыспен орындайды.















-Бір-бір қағаздан алады.

-4 топқа бөлініп отырады.





-Тақтаға қарайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Мен жұмбақ жасырамын, сендер шешуін тауып айтуларың керек.

1.Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Суда мұз бар, жерде қар бар,

Боран борап соғады.

Бұл қай кезде болады?

2.Бұлттар төніп, жерге төгіліп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай, денем мұздап тоңады.

Бұл қай кезде болады?

3.Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең?

4.Өрік, алма, жидек, жүзім піседі,

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бұл қай кезде болады?

-Видео ролик көрсетемін

Сонымен бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы «Жыл мезгілдері»

Кір жаю әдісін қолдана отырып, суреттердің қай жыл мезгілінде бейнеленгенін әңгімелету.

Блингвальді компоненттерін айтып үйретемін.

Жыл мезгілдері туралы білетін тақпақтарын сұрау.

Сергіту сәтін орындату.

Пазлдар құрату.

Сол құраған пазлдағы суретті әңгімелету.

Мақал-мәтел жаттату:

1.Жаз – береген,

Күз – алаған.

2.Қыстың көзі қырауда.

3.Жаздың бір күні,

Қыстың мың күні.

4.Жаз сайға қонба,

Қыс қырға қонба.

Шығармашылық жұмыс.

4 топқа 4 мезгілді бейнелеуге ағаш беремін.

Тақтаға сөздер іліп, сол сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату.








-Қыс







-Күз








-Көктем






-Жаз






-Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді.

-Айтып үйренеді.


-Білетін тақпақтарын айтады.

-Қимылмен көрсетеді.


-Пазлды құрайды.



-Мағынасын түсініп, жаттап алады.







-Түрлі-түсті қағаздармен өз қалауларынша бейнелейді.

-Дыбыстық талдау жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

«Кластер» әдісі бойынша бекітемін.

Бағалау.

Смайликтер беремін.

Рефлексия.

«Ауа райы» әдісі бойынша.

-Топтастырады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: әр жыл мезгілінің өздеріне тән ерекшеліктерін білуі керек.

Нені игереді: табиғатқа қамқор болуды.

Нені біледі: жылдың 4 мезгілі бар екенін біледі.

-80%
Курсы повышения квалификации

Конфликтология: общая теория конфликта

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Байланыс құралдары" ашық сабақ (24.97 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт