Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "Бағдаршам" Коммуникация

"Бағдаршам" Коммуникация

Тақырыбы: Бағдаршам

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Сурет салу.

Мақсаты:Көше, жол, машиналар, жаяу адамдар туралы түсінік беру жұмысын жалғастыру, бағдаршам қызыметімен таныстыру. Сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын байыту, сурет салу техникасын меңгерту.

05.02.2018

Содержимое разработки

Тақырыбы: Бағдаршам

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Сурет салу.

Мақсаты:Көше, жол, машиналар, жаяу адамдар туралы түсінік беру жұмысын жалғастыру, бағдаршам қызыметімен таныстыру. Сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын байыту, сурет салу техникасын меңгерту.

Көрнекіліктер: Машиналар, көше туралы суреттер.Мнемотаблица.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ұйымдаст-

тырушы-

қозғаушы

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек

Күліп өмір сүрейік

Балалар қала көшелері туралы

видиофильм көреді.

Фильмнен не көрдік? Көшедегі тәртіпті не сақтап тұр екен?

Көшені, ондағы машиналар мен бағдаршамды.

Бағдаршам.



Ұйымдас-

тырушы-

ізденуші-

Сендер қандай машина түрлерін білесіңдер?

Бұл машиналардың жалпы атауын көліктер дейміз.

Көліктердің қандай пайдасы, қандай зияны бар?

Көліктердің ортақ белгісі қандай?

Енді жол қозғалысын реттейтін

бағдаршам туралы өлең

тыңдайық .

«Бағдаршам» Ә.Табылдиев

Қызыл көзін ашқанда, аяғыңды баспа

алға,

Сары көзін ашқанда,қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда жүре бергің,

жасқанба !

бағдаршамның неше көзі бар екен?

Қызыл көзін ашқанда не істейміз?

Қай көзін ашқанда жүреміз?


Ойын: : «Бағдаршам»

Тәрбиеші қызыл түсті көрсеткенде

балалар қимылдамай тұрады, сары түсті көрсеткенде қол шапалақтайды,жасыл түсті көрсеткенде жолақшадан өтеді.

Балалар біздің ауылда бағдаршам бар ма?

Бағдаршам жоқ жерде жүргіншілерге арналған жолақтан өтуіміз керек!

Жолдан өтпес бұрын алдымен сол жаққа, сосын оң жағымызға көлік жоқ па екен қарап алып сосын өтеміз.

«Біздің көшенің бағдаршамы»

тақырыбында сурет салу.

Балаларға бағдаршамның сұлбасы салынған парақтар таратылады.

Енді салған суреттегі бағдаршамымызды плакаттағы көше қиылысына орналастырайық.

Бұл бағдаршам көшедегі адамдар мен көліктердің қозғалысын реттеу қызметін атқарады.

Балалардың жұмыстарын мадақтау, көрме ұйымдастыру.

Біз бүгін не туралы өлең жолдарымен таныстық?Бағдаршамның қызметі не?

Енді бағдаршам өлеңін мнемотаблица арқылы қайталап шығайық.

Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма? Балалар өз түсініктерін бағалайды.

Жол тәртібін білейік,

Аман-сау болып жүрейік!

Балалардың жауабы.





дөңгелектері





Балалар өлеңді тыңдайды.




Үш көзі бар.Қызыл,сары,жасыл.




Тоқтап тұрамыз.

Жасыл.

Көшеден өтеміз,жүреміз.



жоқ








Балалар бағдаршам көздерін дөңгелек пішінді бастыру арқылы салып, керек түстермен бояйды.







Бағдаршам өлеңі.

Өлең жолдарын қайталайды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: Түрлі машина атауларын, өлеңнің не туралы екенін.

Игереді: Көше тәртібі туралы түсінік алады

Меңгереді: Бағдаршам және оның қызыметімен танысады.

Алматы облысы

Панфилов ауданы Алтыүй ауылы

«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Балдаурен» шағын орталығы Керимбекова Бибігуль Даулетбекқызы















«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Балдәурен» шағын орталығы















«Бағдаршам»

\ашық оқу қызметі\



















Тәрбиеші: Б. Керімбекова













2017-2018 оқу жылы

-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Эффективный руководитель образовательных организаций

Продолжительность 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
19800 руб.
3960 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Бағдаршам" Коммуникация (59.05 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт