Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  11 класс  /  Б. Майлин "Шұғаның белгісі"

Б. Майлин "Шұғаның белгісі"

урок казахской литературы ? о произведений Б. Майлина "Ш??аны? белгісі"

05.12.2016

Содержимое разработки

Мұғалім: Курмангалиева Ш.К.

Сынып:11

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Майлин туралы деректер беру, Шұғаның белгісі туралы түсініктер беру арқылы жаңа тақырып бойынша білімділіктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой - өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру.
Тәрбиелік: елжандылыққа, адамгершілікке, әдебиетті сүюге, өзара көмектесуге, бірін - бірін тыңдауға, қолдауға тәрбиелеу.
Сабақтың  түрі: жаңа сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі: тақта, презентация, қиықшалар

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сыныптың ынтымақтастық атмосферасын «Сын есімді қос» деп аталатын тренинг арқылы құраймыз.
Оқушыларға алдын ала берілген тапсырмаларды сұрау

  1. Б.Малин туралы презентацияны тыдау

  2. Шығармаларын айтып, таныстыру (оушылар)

Жаңа сабақ:
- Ал, енді оқушылар, бүгінгі сабағымызға назар аударалық.
Бейімбет Майлин кім? Ол туралы не білеміз?
Бейімбет Майлин

Ақын
Жазушы
Көркемсөз шебері
Прозашы
Драматург
Мағынаны тану бөлімі.
Тірек сөздер мен сандар: 1894, 1938, Қостанай облысы, Таран ауданы, Троицк қаласы, «Уазифа» медресесі, Уфа қаласы, «Ғалия» медресесі, Қостанай, Айқап журналы, Арғынбай қажы медресесі, орыс және башқұрт әдебиеті.
Интервью (жаңа дерек)
Қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан, кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жыл, 1913 жылы Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, Қостанайдағы орысша - қазақша мектепте, Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Б. Майлиннің ақындық қызметі 1912 жылы жазылған «Мұсылмандық белгісінен» басталады. «Ғалия» медресесінде оқып жүрген кезінде Уфада шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялаған. Әдебиет жолына түсуіне әжесі Бойдас ықпал еткен. Өлеңдері «Айқап» журналында, басқа да басылымдарда жарияланған. 1916 - 1921 жылдары ауылда ұстаздық еткен. Одан кейін Орынборда шығып тұрған «Еңбекші қазақ» газетінде, Қостанайда шығып тұрған «Ауыл» газетінде жұмыс істеген, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болған. Көркем әңгімелер, поэмалар, романдар жазған. 1937 жылы халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938 жылғы 25 - ақпанда атылған.
Түсініктеме күнделігі
Қазақ әдебиетінде әңгіме жанрын дамытып, жаңа қырынан көтерген жазушылардың алдыңғы легі

Б. Майлиннен басталады.
Б. Майлин әңгімелерінің тақырыбы – ауыл өмірі. ХХ ғасырдың бас кезіндегі аласапыран заманды (маусым жарлығы, патшаның құлап, кеңестің орнауы, ақ пен қызыл соғысы, байларды тәркілеу, колхоздастыру, ұжымдастыру т. б.) қазақтың қабылдауы, түсінуі, халыққа жат әдет - ғұрыпты күшпен таңуы, оның нәтижесі жазушының әңгімелерінде нақты суреттелген. Әңгімелерінде ауыл кедейінің жаңа заманға бейімі, төселуі, қабылдауы, қазақ даласындағы өзгерістің түрлі қыры айтылады. Жазушының әңгімелерін тұтастай жинақтаса, сол кезеңдегі қазақ кедейінің жан - жақты бейнесі ашылады. Қоғамдық өзгерістер тудырған қайшылықтар түрлі кейіпкер іс - әрекетінен көрінгенімен, барлығында тақырыптық, идеялық сабақтастық бар.

Оқулықпен жұмыс.

76-81 бет оқып танысыу, «Шұғаның белгісі» қандай шығарма?
Қорытындылау.

  1. Бейімбет шығармаларында андай тақырыпты қозғаған?

Шұғаның белгісі повесінің басты кейіпкерлері кім?

2. презентация арқылы сұрақтар қойып қорытындылау.

Бағалау: бағалау

Үйге тапсырма. 81-89 бет «Шұғаның белгісі» повесін мазмұндау










-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Б. Майлин "Шұғаның белгісі" (14.77 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт