Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін.
Оқ борады күні – түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Қасарысты жиырма сегіз,
Тынбай атты гранатты.
«Отан» деген отты лебіз –
Жандарынан жалын атты.