Оқу қызметінің ұйымдастырылған технологиялық картасы
Күні:
/МАД топ\
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Бөлімдері: Құрастыру.
Тақырыбы: Астана-Бәйтерек.
Мақсаты: Астананың көрікті орындары жайлы түсініктерін кеңейту және «Бәйтеректі» құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру, материалдардың бөліктерін түсіне, көлеміне, пішінін сәйкестендіре және суреттерді дұрыс орналастыра білуге үйрету, ел ордасы Астанаға сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: Құрылыс материалдарына жасалынған «Бәйтерек», «Нұр Астана», «Хан Шатыр», «Сағат» бейнелерін көрсетіп, өздері сабақта осындай ойыншықтар жасайтынын есертеді, жасалу жолдары жайында қысқаша әңгімелеп береді. Көрнекі құралдар: «Әсем Астана» құрылыс материалдары. Сөздік жұмыс:Көлем,пішін, «Астана-Бәйтерек» самұрық, алтын жұмыртқа, аялы алақан, «Хан Шатыр», «Ақ орда», «Нұр Астана мешіті».
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері. Тәрбиешінің үстелінде француз ұлтының киімін киген қуыршақ тұрады. Балалар, мен бүгін сабаққа өзімнің досым Жерарды сабаққа алып келдім, ол сендерге бос қол келмей өзінің елінің мақтанышы «Эйфелев» мұнарасының (сувенирлерін) алып келіпті.
Олай болса қазір біз сендермен айтылып өткен Астанамыздың мақтаныштарының бірі Бәйтеректі құрастырайық. | Балалар мұнараны қарап көреді.
Бәйтерек, Хан Шатыры, Атамекен т.б |
| Ұйымдастырушылық-ізденістік | Құрастыру үлгісін қарап, талдау жасайды; бірнеше бөлшектерден құралатын ағаштан жасалған Бәйтеректің тағанын қойып, оған түстеріне сәйкес қалған бөліктерді ретімен орналастырады; дөңгелек шығыршықтарды қоюда түсіне, көлеміне қарай орналастыруды қадағалап, ең үстіне домалақ «шар» тәрізді бөлігін орналастырады; - оның жанындағы Бәйтеректі көркемдеп тұрған тағы бір «құрылыс» бар оны суреттерін қарай отырып қайта жинауға болады, сонда бір жағында «Бәйтерек» болса, екінші жағында «Хан Шатыр» суреті бейнеленеді оларды балалар өздігінен дербес, тәрбиешінің көмегінсіз құрастырады. | -балалар бәйтеректің негізі бөліктерін атайды; бірнеше бөлшектерден құралатьш ағаштан жасалған Бәйтеректің тағанын қойып, оған түстеріне сәйкес қалған бөліктерді ретімен орналастырады. Дөңгелек шығыршықтарды қоюда түсіне, көлеміне қарай орналастыруды қадағалап, ең үстіне домалақ «шар» төрізді бөлігін орналастырады, оның жанындағы Бәйтеректі көркемдеп тұрған тағы бір «құрылыстың» суреттерін қарай отырып қайта жинайды. Бір жағында «Бәйтерек» болса, екінші жағында «Хан Шатыр» суретіне сәйкес құрастырады. |
| Рефлексиялық-түзетушілік | Құрастырылған заттарды балалар партаның бір шетіне дайындап қояды, қуыршақ екеуіміз балалардың жұмысын қарап, мадақтап шығамыз. | Балалар өздерінің құрастырған жұмыстарын бір-біріне көрсетіп, талдау жасайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншық құрылыс материалдарынан бәйтеректі құрастыра білуді үйренеді.
Игереді: ойыншық құрылыс материалдарынан бәйтерек, Хан Шатыр, ақ орданы суреттеріне қарай сәйкестендіре орналастыруға болатынын түсінеді. Меңгереді: суретке сәйкес құрастыра білу дағдылары қалыптастырылады.

Астана-Бәйтерек (59.1 KB)

