ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
Тегі: Абишева
Аты: Айнур
Әкесінің аты: Айтбаевна
Ғылыми дәрежесі, атағы: жоқ
Ұйым, қызмет: З.Ақышев атындағы ЖОББМ №3, химия пәнінің мұғалімі
Үй мекен – жайы: Павлодар об.,Баянауыл ауд., С.Торайғыр көшесі №26
Телефон: 87713131100
Е-mail: [email protected]
Секция:
Баяндаманың аты (толық аты): Ас тұзы – адамға аса қажет химиялық зат.
Қосымша баяндамашы туралы мәлімет:
Серия:
оқушылар;
студенттер;
ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар +
Мен:
Секция мәжілісінде баяндама жасаймын;
Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын; +
Сырттай қатысамын.
Ас тұзы – адамға аса қажет химиялық зат
Абишева А.А
Павлодар обл., Баянауыл ауд., З.Ақышев ат.ЖОББМ №3
Барлық дерлік химиялық элементтер тұздар түзеді. Солардың ішіндегі аса маңыздысы – ас тұзы. Осы бірегей өнімде мәдениет пен өркениеттің маңызды құрамы ететін көптеген пайдалы қасиеттер бар. «Тұз біздің тіршілігіміздің барлық тұстарын қамтиды» - деп бір автор жазғанды. Ас тұзы – адам ағзасына аса қажет химиялық зат екендігі баршамызға белгілі. Ол адам ағзасында судың балансын реттеп отырады және қанның қысымын тұрақтандырып отырады. [1, 17б.]
Адам ағзасында шамамен 200 грамдай ас тұзы болады. Ол қанның, өттің және т.б. сұйықтардың құрамына кіреді. Қарын сөлінде болатын тұз қышқылы да ас тұзының қатысуымен түзіледі. Тұз қышқылы жетіспесе, ас қорыту процесі тоқтатылып, тамақпен бірге кірген микробтар өлмес еді және ағзаның барлық қызметі тез бұзылып, көптеген ауруларды қоздырады, әсіресе адамның нерв жүйесінің қабілеті төмендейді. Сау ағзада тұздың концентрациясы өте кішкентай. Тұздың жоғалуы міндетті түрде толықтырылуы тиіс. Денеден әр түрлі жағдайда сұйық кетіп қалған кезде, адамда зат алмасу процесі бұзылып, адам әр түрлі ауруларға ұшырауы мүмкін, осы кезде дәрігерлер ас тұзының 0,9% -тік физиологиялық ерітіндісін ағзаға жібереді. [3, 56б.]
Біз анықтағандай тұз – су сияқты, мүмкін, тіршілікте маңызды жалғыз өнім болып табылар, оның қолданылуы климат, аспаздық әдет пен айналысатын істің түріне байланысты айтарлықтай ауытқиды екен. Мысалы, жазғы ыстық немесе көп тер төккізетін ауыр физикалық жұмыс тұзға деген қажеттілікті өсіреді, яғни салқын ауа-райы жақта тұратын адамдар күніне 3-5 грамм, ал ыстық жақта тұратын адамдар 20 грамға дейін тұз қабылдауы қажет. Бұл мөлшер адамдармен бөлінетін тердің мөлшерімен байланысты болуы керек. Күрішті жиі қолданатын жер шары адамдарының жартысы тұзды көбірек қолдануы тиіс (15-20 г/күніне), өйткені күріш тұзға өте кедей. Орташа климатта тұзды айтарлықтай аз қолданады (5-8 г/күніне). ӘДҰ күніне 6 г тұз қолдануды ұсынатынын назардан қалдырмаған жөн, диетологтар ас тұзын натрийдің калий және магниймен тепе-теңдігін сақтай отырып, шамадан асырмай қолданған жөн деген қағида тұжырымдады. [2, 16б.]
Тұз – ең алдымен ағзадағы суды реттегіш, бірақ одан бөлек су адам ағзасында бірқатар басқа функциялар орындайды. Тұз мидан пистаминнің бөлініп шығуына әсер етеді және астма дерті қозған кезде көмектеседі, бұл адам ағзасы үшін маңызды. Мысалы, бірнеше стакан су ішіңіз де тіліңізге кішкене тұз қойыңыз, өзінің жағымды әсері жағынан ол ингалятордан кем түспейді және токсинді емес. Бірақ бір маңызды ереже – тұзды тілге су ішіп болғаннан кейін қояды. Ғалымдар бұрын дәлелдеп қойған нарсе – тұз физиологиялық стресс кезінде жақсы көмектеседі. Тұз артық қышқылды ағзадан жақсы шығарады, әсіресе біздің миымыздың жасушаларынан және жасуша ішіндегі ортадан. Тұзсыз ағзада қышқылдық бірден өседі. Үнемі аздап тұзды қолдана отыра депрессиялық күйден қорғанамыз. Тұз бен су адам ағзасында табиғи антиоксиданттардың рөлін ойнайды және ағзада тұз бен су болмаған жағдайда жұмсалатын, өздері алмастырылмайтын аминқышқылдарының, тирозин мен триптофанның дербес құқықтылығы сақталады. [5, 17б.]
Ас тұз минералды табиғи зат болып табылады. Ас тұзын өндіру Ливияда біздің заманымызға дейін 3-4 мың жыл бұрын жүзеге асырылғандығының куәсі бар.
Басқа деректерде тұзды алғаш алған қытайлықтар болды деседі, олар теңіз суын буландыру арқылы алған. Теңіз суы қатқанда оның мұзды суы ащы болмайды, ал қатпаған су өте ащы болады. Таза натрий хлориді ылғал тартқыш емес, оның құрамында кездесетін аз да болса, магний мен кальций хлориді ылғал тартып, тұз кесектенеді.
Ас тұзы ерте кезде мемлекеттің байлығы ретінде қаралған әсіресе, сауда-саттық кезінде айырбастың баламасы ретінде қызмет атқарған. Ертеде осы тұз үшін талай соғыстар мен тартыстар болған.
1648 жылы Мәскеуде «тұз көтерілісі» болған және Ресей тарихындағы бұл қанатын жайған көтерілістің себебі патша өкіметінің халықты озбырлықпен қанап, тұзға жаңадан үстеме салық салуы болған. Сольвечегодск және Соликамск қалаларында ас тұзын өндіру өркендей бастаған кездегі бұл көтеріліспен өкімет сескеніп, тұзға салынатын салықты азайтуға мәжбүр болған. І Петр 1705 жылы тұз сатушы жеке меншік иелеріне тиым салып, оны өкімет билігіне берген соң, тұздың құны арзандап кетті де, тұз өндіру кілт төмендеді. Осының нәтижесінен халық тұзға зәру болды. Осы кезең тарихта «тұз жетіспегеннен адамдар тектен-текке қырылып жатты» - деп сипатталған. Осыған байланысты Пугачевтің басшылығымен шаруалар көтерілісі кезінде жеңіп алған қалалардан ең алдымен тұз қоймасындағы ас тұзы шаруаларға таратылып беріліп отырды. Ас тұзының бір адамға жылына физиологиялық қажетті мөлшері 6-7кг болғанымен, ХХ ғасырдың басына дейін 4,5-5кг аспады. [4, 22б.]
Тұз өндіру көптеген елдердің географиялық атауларына өзіндік із қалдырды. Мәңгі қала Римге тұз тасыған алғашқы жолдардың бірі Via Salaria деп аталған. Ресей жерінде де тұзға байланысты Сольвычегодск, Солигалич, Соликамск, Соль-Илецк, Усолье-Сибирское, Солонешное, Солянка, Солонка, Солигорск деген елді мекендер бар. Өзбекстанда Тузкан деген қаланың атауы тұзға байланысты қойылған. Солтүстік Америкада Юта штатының астанасы Солт-Лейк-Сити Үлкен тұзды көлдің жағасында салынғандықтан осылай аталған. Францияның Парижден кейінгі екінші қаласы Марсельдің атауы да теңіз деген мағынаны білдіреді. Германияның Зальцбург, Зальценберген, Зальцвег т.б. қалалары да тұз деген сөзден басталып тұр. Иорданияда «Ас тұзы» деп аталатын қала бар, онда 80189 адам тұрады. [4, 22б.]
Орыс халқының ең құрметті қонағына, халық құрметтеген батырына, нан, тұз алып шыққан және осы дәстүр осы күнге дейін сақталып келе жатыр. М.В.Ломоносовтың айтуынша, Абиссинияда 4-5 шақпақ тұзға бір құл сатып алатын кездер болған.
Ертедегі Рим әскерлері де өздерінің жалақыларының жартысына тұз алатын болған. «Жалақы» сөзі ағылшынша «salarу» тұз деген мағынаны білдіреді екен. Тибет аймағында ақшаның орнына «ұлы ханның» суреті салынған тұзды шелпек қолданылған.
Ертеректе араб халқы тұзды тұрақтылықтың, адалдықтың, шындықтың бейнесі ретінде қабылдап, тұзды «ант» құралы ретінде пайдаланған.
Жапонияда сумо күресіне шығар алдында күресетін кілем үстіне тұз шашып, жын-шайтандардан аластаған. Қазақ халқында да жаңа туған нәрестені тұзды сумен шомылдыру ырымы бар.
Тұзды судағы балықтар тұщы судағы балықтарға қарағанда уылдырықты көп шашады екен, сондықтан тұз көптіктің белгісі ретінде бағаланған.
Табиға ас тұзы үш түрде кездеседі:
суларда еріген күйде, яғни бұлақ, өзен, көл, теңіз т.б. суларында;
ащы көлдерде шөгінді және еріген күйінде;
жер қабатында қазба қатты тұз түрінде кездеседі;
Қазіргі кезде теңіз, мұхит суларында орта есеппен 3%-ға жуық еріген ас тұзы бар. Ол қатты түрде болса, 20млн км3 км3 көлем алар еді. Бұл өте көп екендігін байқау үшін осы тұзды жердің құрғақ бетіне, яғни 149 млн км2 км2 жайған болсақ, қалыңдығы 100м-ден артық болар еді. Кейбір ащы көлдердегі тұз мөлшері 26% дейін барады. Міне осы көлдер суалғанда тұз түбіне шөгеді. Ондай ірі көлдерге: Эльтон, Басқұншақ, Жақсықылыш (Арал теңізінің маңы), Тобылжан (Павлодар облысы), Орқаш (Қостанай облысы) жатады. Сонымен қатар ас тұзы жер қабатында қатты тұз түрінде кездеседі, мұны қазба тұздар қатарына қосады. [6, 3б.]
Тұз бұл адаммен асқа «табиғи» түрде, еш өңдеусіз қолданылатын жалғыз минерал. Жалпы тұздың түрі көп, ал ол өзі бірнеше әдістермен өндіріледі. Тұздың өзінің тегі бойынша түрлі айырмашылығы болады: тасты тұз, вакуумда буландырылған және шөгетін немесе тұнба тұз. «Техникалық» тұз бен тамақта қолданылатын тұздың арасында негізінен айырмашылық жоқ. Бұл натрий хлоридінің таза түрі. Тек тамақ үшін тұз әрдайым қорапшада немесе кішкене қалташаларда (бөлшек саудада 1 кг немесе одан да кішкене) немесе үлкен қаптарда (40-50 кг немесе 1000 кг дейін) қолданылады. Тұз сондай-ақ ұнтақталу түрі мен химиялық тазартылуына қарай да (экстра, жоғарғы сорт, бірінші және екінші сорт) айырылады.
Тұз алу көне және әлемде кең тараған өндіріс болып табылады. Тұзды жерасты кендерінің шахталарынан, теңіз, көл мен жерасты су көздерін қайнату арқылы алады. Әлемде өндіріліп жатқан тұздың негізгі бөлігі тасты және шөгетін тұздарға жатады. Еуропа мен Солтүстік Американың сұраныстары негізінен шахтадан алынған тұзбен қамтамасыз етіледі, ал Азия, Африка, Австралия мен Оңтүстік Америкада оны өңдірудің басты жолы күн астында буландыру болып табылады. Түрлі жолмен шығарылатын тұздың физикалық және химиялық құрамы кең ауытқиды және өндіру әдісіне, климаттық жағдайға, өңдеу түріне тәуелді.
Тағамдық сападағы тұз натрий хлоридінен құралған кристалл өнім болып табылады. Оны теңіздерден, тасты тұздардың жерастында жатқандарынан немесе табиғи ерітіндіден алады. Бұл стандарт тамақтану үшін қолданылатын және тұтынушыға тікелей немесе тамақ өнеркәсібінің өнімдері арқылы тиген тұзға қолданылады. Ол тамаққа қоспалар немесе нәрлі заттар қолданатын тұзға да қолданылады.
Жалпы стандартта аталған міндетті талаптардан бөлек қапталған тағам өнімдерін белгілеу үшін келесі маңызды айрықшалаулар қолданылады:
- өнімнің атауы «тұз» болуы керек;
- «тұз» атауынан бөлек міндетті түрде «тағамдық сапа» немесе «асханалық» көрсетілуі керек;
- егер тұз кристалдау кезеңінде ерітіндіге арнайы қосылған бір немесе бірнеше феррицианидті тұздан тұрса, онда атаумен бірге «дендридті» деп, қаптамасында шығарылған жерін немесе әдісін көрсетуге болады;
- егер тұзда қандайда бір дәруменді заттар болса және оны денсаулық сақтау мақсатында солайша сатып жатса, онда оны «фторлы тұз» немесе «темірмен байытылған тұз» деп көрсету керек, және де ондайда белсенділігі өтіп кеткен өнімді сатпас үшін шығарылған күнін көрсету керек.
Ас тұзын біздің елімізде негізінен көлдерден алады. Олардың ішіндегі ең әйгілісі – Басқұншақ көлі. Бұл көлдің бетінде шағылысқан тұз айнадай болып жарқырап жатады. Тұзды комбайндер арқылы темір жол вагондарына тиейді. Бір комбайн жылына 200-300 мың тонна тұз өндіреді. Басқұншақ көлінің тұзы табиғаттағы таусылмайтын қордың бірі, себебі оған келіп құятын он шақты шағын өзендер мен бұлақтардың суының өзі жылына 500 мың тоннадан аса ас тұзын бірге ала келеді.
Жақсықылыш көлі – Қазақстанда шөгетін тұздың ең үлкен кен орны екенін атап өтейік. Мұндай көлдердегі су «шипа су» деп аталады. Тұздың шөгуі жыл он екі ай бойы жүріп тұрады: жазда судың интенсивті булануы мен тұздың концентрациясының өсуінен, қыста төменгі температура жағдайында тұздың еруінің төмендеуінен. Тұздың бұл түрін шығару механикалық әдіспен жүзеге асады. Мұнда түрлі техниканы қолдану мүмкіндігі бар: скрепер, тракторлы жүк тиегіш, бульдозер, тұз сорғыш, фрезерлі комбайндар. Көлді тұзды шипалы сумен жуады, центрифугалайды және кептіреді. Бұл процесте тұзды өзенге қайтып ағып кететін шипа су (қою ерітінді) мен лайдан ажырату маңызды.
Бүгінде өнеркәсіптің дамуымен тұздың қолданылуы мен мәні өсті. Осылай, әлемде өндірілетін тұздың 6% адаммен, ал 94% химиялық өндірістің басты ингредиенттері қолданылады. Бірақ тұзды қолданушы ең үлкен өнеркәсіп болып , назар аударыңыздар, хлор, күйдіргіш сода және адам тіршілігі үшін қажетті пластмасса, қағаз, сабын, жуғыштар, инсектицидтер мен әйнектер дайындайтын, содалы күл өндіретін, хлорлы-сілтілі индустрия болып табылады. Тамақ өнеркәсібі тұзды консервілеу, пісірулер, ұн мен басқа да өнімдерді өңдеу, етті сақтау, балықты тұздау, май өндіру мен тамақ өнімдеріне дәм келтіру үшін қолданады. Тұз тағы басқа салаларда да қолданылады, мысалы: былғары өнеркәсібі, жолдарды мұздан тазартуда, мұнай ұңғымасын бұрғылауда, бояғыштар мен тоқыма өндірісінде.
Азық-түлік тауарларының ішінде ас тұзының маңызы зор болғанмен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде мемлекеттік қолдаудан шет қалып келеді. Қазақстанның өзіндегі техникалық, азықтық ас тұзының өндірісі 426 мың тонна, оның ішінде ас тұзы 100 мың тоннаға жуық. Ішкі нарық қажеттілігін 91 пайыз жабады. Қалғаны — Ресей (74 пайыз), Украина мен Беларуссия импорты. Импорттың жартысынан астамы — техникалық түрінен қымбат сапалы йодталған ас тұзы. Сөйте тұра Қазақстан Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан сияқты көрші елдерге арзан техникалық тұз шикізатын экспорттайды.
Елде тұз өндірісімен 40-қа жуық кәсіпорын айналысады. Алайда үлкен бөлігі Қызылорда облысындағы «Аралтұз» бен «Павлодартұздың» еншісіне тиеді. Нарықтағы ас тұзының 60 пайыздан астамы осы саладағы бұрыннан келе жатқан кәсіпорынның бірі «Аралтұз» акционерлік қоғамының үлесінде. 2001 жылы кәсіпорында өндіріс қалпына келтіріліп, жоғары сапалы йодталған тұз шығару жолға қойылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ балалар қорының 2006 жылғы қорытынды баяндамасының деректері бойынша Қазақстан осының арқасында әмбебап йодталған тұзға қол жеткізген ел ретінде сертификаттауға дайын.
2015 жылы арал тұзының өндіріс көлемі ұлғаяды. 2013 жылы брикетталған және ас тұзына арналған қаптама шығаратын цехтар іске қосылды. Айына 1200 тонна тұз өндіруге мүмкіндік ашылды. Сондай-ақ, ас тұзы енді жаңа үлгідегі қаптамада шығады. Цехта айына 30 тонна қажетті қаптамалар дайындалады. Жалпы, комбинатта айына 23 мың тоннадан астам өнім шығарылады. Кәсіпорын өнімдері негізінен, Ресей мемлекетіне жөнелтіледі. Нақтыласақ, көршілес елге айына 6400 тонна бәсекелестікке төтеп бере алатын өнімдер жөнелтіледі, ал қырғыз еліне мың жарым тонна сапалы ас тұзы жіберіледі. Түркия, Өзбекстан елдері де тұтынушылардың қатарында. Еліміздің барлық өңірі де осы Аралдың ас тұзын пайдаланып отыр. [7, 4б.]
Тұз өндірісінің өзіндік құнын көтерудің Қазақстан тұз өндірушілерінің шетел мемлекеттеріндегі зауыттармен бәсекеге түсе алмауына алып келуі мүмкін және неғұрлым арзан өнім сырттан импортталады. Мысалы, Ресейде отандық тұз өндірушілері бірқатар артықшылықтарды пайдаланады. Ресейде тұз стратегиялық тауар деп табылып, тұз өндірушілер үшін теміржол көлігі тасымалында өте төменгі тариф белгіленген. Тұзды 3 шақырымнан жоғары қашықтыққа тасымалдаған жағдайда 50 % көлемінде жеңілдіктер беріледі. Өкінішке орай Қазақстанның тұз өндіру саласында мұндай жеңілдіктер қарастырылмаған. Қорыта келгенде, ас тұзы – адамға аса қажет зат екендігін біле отырып, жаңа технологиялық шешімдерді қолдану арқылы тұз өндірісін барынша жеңілдетуге тиіспіз.
Әдебиеттер:
Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н., «Химия әлемінде» , алматы, 1979ж.
Піралиев С.Ж., Бутин Б.М., байназарова Г.М., Жайлау С.Ж., Ержанов Қ.Ж. «Жалпы химия», Алматы , 2003ж
«Химик анықтамалығы» №3-2012ж.
«Химик анықтамалығы» №5-2012ж
Ершова Ю.А. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. Москва. «Высшая школа», 2000г.
«Алтын Орда» газеті, 2011 ж.
«www. strategy 2050.kz».