Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Мероприятия  /  5 класс  /  Арулар - асыл жандар!

Арулар - асыл жандар!

Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

24.12.2017

Содержимое разработки

Күні: 7.03.2017

Сыныбы: 5 «б»     

Тақырыбы: Арулар – асыл жандар

Мақсаты: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: гүлдер, шарлар, плакаттар.

Мұғалім: Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір де жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа! Бүгін біз дүниедегі ең қымбат , аяулы жан-аналарымызды 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына қуаныш пен амандық тілей отырып «АРУЛАР- АСЫЛ ЖАНДАР» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!

1-оқушы: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

Құтты болсын аналар мерекесі

Құшақ жайсын даламның кең өлкесі.

Бұл заман бақыт берсін баршаңызға

Төнбесін қара бұлттың көлеңкесі.

2-оқушы:

Біз ғана емес, Қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген-тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

Тамылжытып сайраса құстар тағы

Жүрегіңді толқытса жастар әні

Мерекеңіз құтты болсын ұстаз, ана Ертеңгілік қол соғайық басталады.

3-оқушы:

Арнада су тасынып

Көзге түскен беттен гүл

Үлкен - кіші асығып,

Күткен мейрам неткен бұл?

4-оқушы:

Жер бусанып,

Көк шығып,

Арықтардан су ақты.

Бүрлеп өсіп көк шыбық

Жұтып жатыр шуақты.

Аналардың мерекесі

Бәрімізді қуантты.

5-оқушы:

Сегізінші наурыз

Келген кезі көктемнің

Босап бақша-бауымыз

Мұз, қар еріп кеткен күн.

«Бүлдірген» қазақ биімен қыздарымызды ортаға шақырамыз

1-жүргізуші:

Сегізінші наурыз

Күлімсіреп көктен күн

Елге ұсынып сары уыз

Елжіреп нұр төккен күн.

2-жүргізуші:

Сегізінші наурыз

Жыл құсы ұшып жеткен күн

Тамшы жерге салып із

Жаңбыр жұпар сепкен күн.

1-жүргізуші:

Жоқ ешқандай дауымыз

Мереке ең жайдары

Өйткені бұл наурыз

Аналардың мейрамы.

Келесі оқушыларымыздың өлең-шумақтарына берелік...

6-оқушы:

Келбетінде ұлылық,

Даладан кең пейілі

Ана деген-жылылық,

Ана деген-мейірім.

7-оқушы:

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.

8-оқушы:

Әлемдегі ақылды адам-

Бәрінен сол жақын маған!

Ол жанымда жүрсе, мен де

Батырларша батылданам.

9-оқушы:

Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Отыратын анашымды,

Жүрсем деймін мақтан қылып.

Ән «Анашым» орындайтын: Абишеев Әлихан

2-жүргізуші: Бүгінгі 8-Наурыз –халықаралық әйелдер күні, жылдың басқа мезгілінде болуға қисыны келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді, аналар да адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды.

10-оқушы:

Ардақты анам, асылым,

Теңдігіңді жырлаймын.

Жырымның ең асылын

Мерекеңе сыйлаймын..

1-жүргізуші:

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

Ән: «Ана» Орындайтын Абдрахманов Оспан, Алданазаров Жәнібек

2-жүргізуші:

8 Наурыз қуанышқа бөлесін!

Әкелсінші жаздың жылы елесін!

Барлық халық аман болып елімде

8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

1-жүргізуші:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік болып жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

2-жүргізуші:

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

1-жүргізуші:

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиетті – ананы

Қорытынды: Оқушылар аналарына тілектерін айтып, өздерінің жасаған сыйлықтарын ұсынады.



-80%
Курсы дополнительного образования

Основы косметологии

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Арулар - асыл жандар! (22.53 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт