Білімділік: 8-НАУРЫЗ аналар мейрамы екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Балалардын ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз! Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен, қымбатты әйелдер, 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Жүргізуші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық!
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық!
Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
Аналар, құтты болсын мерекеміз!
Әрқашан аналарым аман болса
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!
Құрметті ата – аналар енді бір сәт теледидарға көңіл бөліп тобымыздағы түсірілген видео бейнеге көңіл бөліп, назар аударайық. Әр баланың анасы туралы жылы сөзі және не тілейді.
Залға музыка әуенімен ұл балалар кіреді.
Қуат:Құрметті асыл Аналар, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!
Аслан:Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің
алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді.
Мұса:Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан,қалың қардың
астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да
соншалықты нәзіктігіне қарамастан, барлық қиындық атаулыға
төзімді
Әділ: Аналар,көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл
мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Абылай: Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін де,
Ерали: Сәбилеріңіз біздер үшін де ерекше күн болмақ, барлық
уақытта шыдамдылықпен.
Қуат: мейіріммен.
Муса:ақылмен.
Қасым: ыстық құшағында аямай мәпелеп,
Вячеслав: еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар бүгінгі
балалық сезіміміз,
Фархат: әсем әніміз
Әділ: көңілді күйіміз
Фархат:демалыс кешіміз
Бірге:Сіздерге арналады.
Жүргізуші: Ау балалар бәрің қандай керемет сұлу жігіт болып
кеткенсіңдер , ал тобымыздың қыздары қайда?
Жүргізуші: Балалар аналарың мерекеге, тойға барар кезде не
істейді?(балалар жауабы) Олай болса бізде сол жерлерден
қыздарымызды іздейік.
Дүкен.
Муса: Алло- алло сәлеметсізбе ? Бұл киім дүкені ме? Біздің «Айна »
тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы: Сәлеметсіз бе! Иә, олар бұл жерде болған сәнді киім
сатып алып мерекеге кетті.
Сән салоны: Алло- алло сәлеметсізбе ? Бұл сән салоны ма екен?
Біздің «Айна » тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы: Сәлеметсіз бе! Ия, сіздердің қыздарыңыз бізде болған
шаштарын жөндеп, сәнделіп қазір ғана таксимен
балабақшаға мерекеге кетті, күтіп алыңыздар.
Музыка ойналып қыздарды Спанч боб алып келеді. Балалар қыздарды отырғызады.
Спанч боб: Сәлемепсіздер ме аяулы аналар мен әжелер және ұстаздар! Сіздердің қыздарыңыз жолдан өте алмай тұр екен, бұларды жолдан өткізіп едім, олар мені мерекеге шақырды, мені барлығың танитын шығарсыңдар мен кіммін? Балабақшаларың қандай тамаша!
Жүргізуші: Ой Спанч боб саған көп- көп рахмет, біз қыздарымызды тосып отыр едік, сен біздің мерекеде бірге бол. Мерекемізді бастайық.
Т.Аяжан: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құтықтаймыз мейрамыңмен,
Аяулы біздің аналар.
Б.Аяжан: Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
Аружан: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Радима: Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күн-шуақ,
Бізге қымбат Анашым.
Инабат: Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын жақсы адам.
Ән: «Туған күнімен мама»
Ойын: Спанч бобпен «Орамал байлау.»
Ангелина: Аялаған анамыз,
Саялаған панамыз.
Шынары боп өсеміз,
Ана-біздің гүліміз.
Ұланды ана,қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Сабина: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім ап келді.
Қуантшы күнде енді,
Құттықтаймын сіздерді.
Би: « »
Мадина: Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән, беретін гүлім дайын
Әжетай сені жақсы көремін деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Ән: «Әжем» Аружан, Мадина.
Гаухар: Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Көрініс: «Үш ана»
Ортаға үстел қойылады. Айналасына үш орындық, үстел астында қуыршақ жатады.
Қатысушылар:
Жүргізуші Диьназ
Қыз- Мадина
Анасы – Алима
Апа- Махаббат
Жүргізуші: Ойыннан келген Мадина
Қуыршағын іздеді
Астынан үстелдің тапты да
Хал сұрауды көздеді
Мадина: Қызым менің қалайсың
Томсырайып қарайсың
Қарның ашып отырмай
Тамақ ішсең жарайсың
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың
Отыр кәне қасыма
Тамақтанып аласың (қуыршағына тамақ береді)
Жүргізуші: Мадинаның осы сәт
Анасы үйге кіреді
Тағат тапай қызының
Қалын сұрап біледі.
Ана : Мадинажан бүгін сен
Тамақ ішіп көрдің бе
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде сағат ұмытпай
Тамағыңды іш деймін
Тіл алмайсың қырсығып
Осы сені не істеймін. (Қызының қасына тамаққа отырады)
Жүргізуші: Анасының артынан
Аптығып әже кіреді
Ол дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әже: Айналайын алтыным!
Шаршадың ба жарқыным?
Ішпедің – ау тамақта,
Жайын ойлап жалпының
Қарашығым, қарағым
Түсіңкі ғой қабағың
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалдау тамағың (қызының қасына отырады)
Жүргізуші: Аналардың елжіреп
Ет бауыры барады
Әрқайсысы сұқтанып
Өз қызына қарады
Бәрі бірге Қандай қиын, қараңдаршы
Қырсық мінез бала болу
Бәрінен де оңай емес
Білсеңіздер ана болу.
Би: « »
Әділ: Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Мерекеде қыздарға,
Достық жырын арнаймыз.
Ерали: Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Мадина кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.
Қуат:Алар дәйім, «бестігін»,
Аққұба қыз кескінің.
Орта бойлы Инабат,
Ақылды деп естідім.
Фархат: Ыңғайы көңіл-күйінің,
Келгенде байқап бейімін.
Айтарымыз Аружан қыз,
Еркесі ғой үйінің.
Аслан: Мерекеде көктемгі,
Жақтырмайды өктемді.
Радиманы байқаймыз,
Еркелігі көп тегі.
Абылай: Ай секілді өзі де,
Сыңғыр-сыңғыр сөзі де.
Аяжаннын өзі де,
Әдемі ғой көзі де.
Вячеслав: Айтқанда әнді әуелі,
Ерекше шығар әуені.
Биязы қыз Ангелина,
Өзі де ұяң әдемі.
Муса: Сабағы ылғи үздікті
Шығарса есеп ызғытты.
Арамызда Гаухар,
Өзі ширақ қыз тіпті.
Қасым :Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата-анасы Елнара,
Әдемі есім теңгерген.
Мәди: Сабағынан қалмайды,
Жалқаулыққа бармайды.
Мерекеде Зереге ,
Ұлдар жырын арнайды.
Қуат: Сабағын жақсы оқиды,
Көңілге бәрін тоқиды.
Үндемей жүрген Нузар,
Нені ойлап тоқиды?
Әділ: Саған да жыр арналады,
Саусағынан бал тамады.
Екпінділер қатарында,
Кішкентай қыз Жансая.
Ерали: Өзіңді ұлдар еледі,
Топтың өзің ерегі.
Сен де еліңе ардақты бол,
Аяжан қыз дегелі.
Абылай: Жақсы оқуды бастады,
Әріптерді ашқалы.
Томпиған қыз Сабина,
Ұйпа – тұйпа шаштары.
Муса: Жақсы оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Ашуланса Алуа, Айжан ,
Шеттерінен қыратын.
Ойын: «Гүл сыйлау»
Нузар: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын мамашым.
Ән: «Ақ мамам»
Елдана: Өмір берген анам қымбат
Бақытты балалық шақ қымбат
Бейбіт өмір қымбат
Сәби тәтті сезім қымбат!
Балалар аналарына сыйлықтарын таратып береді


"Алтынсынғой анашым" (22.57 KB)

