“ О. Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ
Хасенова Ләйлә Назарханқызы
Бөлімінің атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография.
Сабақтың тақырыбы: Алтынемел ұлттық саябағы
Оқу мақсаты: 6О5 Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру.
ӘТН3 . Бірге жазылатын сөздер
Құндылықтарға баулу: “Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы” атты тармағындағы құндылықтарға баулу. Елін, жерін құрметтеуге, елінің тарихын, мәдениетін білуге үйрету ішінара іске асырылады .
Бағалау критерийі:
1. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды
2. Көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын қарастырады.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:
Нақты мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды табады, бірге жазылатын сөздерді пайдалана отырып қарапайым сұрақтар құрайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Көтерілген мәселені анықтай отырып, бірге жазылған сөздер арқылы күрделі сұрақтар құрастырады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Бірге жазылатын сөздер арқылы көтерілген мәселеге нақты сұрақтар құрастырады, ойын дәлелдеп айтады.
Дескрипторлар:
- Мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды табады.
- Бірге жазылатын сөздерді анықтап, ережесін түсінеді.
- Көтерілген мәселені анықтайды, нақты сұрақтар құрастырады.
- Біріккен сөздерді қолданып, күрделі сұрақтар құрастырады.
- Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Белсенді әдіс-тәсілдер
Зуылдақ ойыны
Ой бөлісу
Мозайка әдісі
Алдыңғы оқуды қайталау үшін тиімді
Топқа бөлудің тиімді тәсілі
Мозайкадан шыққан мәтін бойынша түсінік беру
Зерделік оқылым
Мәтінмен танысады, негізгі, қосымша ақпараттарды анықтайды, көтерілген мәселеге байланысты қарапайым сұрақтар құрастырады. Бірге жазылатын сөздерді табады.
Саралап оқыту
Инсерт
Қос жазба күнделігі
Қарым-қатынас аймағы
Нақты ақпараттарды анықтайды, бірге жазылатын сөздерді пайдалана отырып қарапайым сұрақтар құрап, бірге жазылған сөздер арқылы көтерілген мәселеге нақты сұрақтар құрастырады
Әр оқушы өзіне ұнаған ақпаратты табады, түсіндіре отырып өз пікірін білдіреді, біріккен сөздерді қолданып, ойын дәлелдейді.
Ақпараттың негізгі және қосымша екендігін ажыратып, нақты мысал келтіре отырып дәлелдеуде тиімді
Попс формуласы
Жетек сөйлемдерді жалғастыра отырып, жүйелі сөйлеуге және өзіндік көзқарасын дәлелді, нақты жеткізуге тиімді
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасынан үйреніп, түйгенім:
Оқу жоспарлары:
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау құндылықтары
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ қолдану
Пәнді оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері
Саралап оқыту тәсілі
Оқу үдерісін реттеудегі критериалды бағалау жүйесі
Визуалды көмек ұсыну түрі – графикалық органайзерлер түрлері
“ Мәңгілік ел” ұлттық идеясы негізінде түйінді құндылықтарға баулу
Қалыптастырушы бағалау түрлері
Ықшамсабақтың сабақты жоспарлаудағы ықпалы туралы қорытындылар
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі оқу және ойлау дағдыларын шығармашылық және сыни ойлау дағдысын, оқытудың белсенді әдістерін, бағалау критерийлерін жүйелі түрде жүргізе отырып, SMART мақсатпен негіздеп жүзеге асырамын


Алтынемел ұлттық саябағы (134.48 KB)

