Тақырыбы: «Ақшақарда қонақта»
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, ата- аналармен бірлесіп, қарым- қатынасты нығайту.
Залдың ортасында сәнді шырша.
Жүргізуші:Даламызға,қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға,балаңызға
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.
Келіңіздер,келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
(Балалар шырша түбінде жайғасып отырады.Ертегі тамашалайды.)
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Соныменен,балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
Ертеде орманда Аяз ата мен оның немересі Ақшақар тұрыпты.Ақшақар орман аңдарымен ойнап , үйді ретке келтіріпті. Ақшақардың орманда кірпі досы болыпты.Ол есік алдын сыпырып, оған көмектесті.Жаңа жыл қарсаңында Аяз атаның жұмысы көп болды. Аяз ата кетіп,Ақшақар жалғыз қалды.
Ақшақар:Үйді жинадым,шыршаны безендірдім,қазір қонақтар келеді, барлығы көңілдірек болады.( Ән айтады Ақшақар «Кішкентай шырша»)
-Бірақ , Аяз ата қайда? Маған кім жауап береді? Менің досым қайда кірпі кірпішешен ? Кірпі қайдасын? Бері кел. (кірпі қолында сыпырғышы, үстінде алжапқыш)
Кірпі:Мені шақырдың ба Ақшақар?
Ақшақар:Шақырдым,бәрі дайын ба? Қазір қонақтар келеді.
Кірпі: Иә, бәрі дайын. Далада қар жауып тұр.
Ақшақар: Ой қандай әдемі қар жауған.Менің Ақшақарларым қайда бірге билегім келіп тұр.
«Ақшақарлар» биі.
Есік қағылады. Кірпі сыпырғышын қойып,алжапқышын шешіп есікке беттейді.
- Бұл кім?
Мешіндер: Біз жаңа жылмыз. Келдім міне еліме
Келдім міне жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді
Шығамыз енді төріме. Би: «Мешіндер» Есік қағылады.
Кірпі: Кім есікті қағып тұрған?
Қоян: Мен қоянмын.
Ақшақар: Жоғары шығыңдар! Сендерді қонаққа күтіп отырмыз.
Қоян: Қандай әсем шырша !Көз жүгіреді. Біз тыныш отырып, шыршаны тамашалаймыз.
Есік қағылады. Кірпі: - Бұл кім?
Тиін: Мен тиінмін көңілді. Секіргенді билегенді жақсы көреміз.
Ақшақар: Төрлетіңдер,шыршаны көріңдер.Орман аңдары бәріміз билейік. Кірпі: - Бұл кім?
Дауыс: Мен аюмын сендерге сыйлыққа бал әкелдім. Жаңа жылды бірге қарсы алуға.
Ақшақар: Жоғары шығыңдар. Барлғымыз хоровод айналайық .
Хоровод.»Ақшақар» әні.
Ақшақар: Аяз ата қайда ,сыйлықтармен келетін уақыты болды.
Дауыс: Ау,балалар.
Кірпі: Бұл кім?
Аяз ата: Мен Аяз атамын, сендерге сыйлық әкеле жатып, қалың қарға батып шығалмай жатырмын. Маған көмектесіңдерші аңдарым.
Ақшақар: Жіпті үстаңыз. (Жіпті лақтырады) Кәне тартамыз, тартылмайды енді не істейміз.
Кірпі: Көмекке балаларды шақырайық.
Жүргізуші: Кәне, балалар, Аяз ата келді, жіпті тартып көмектесейік.
Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Рахмет , саған немерем, үйді бәрін жинапсың, шыршаны безендіріпсің, қонақтарың да көп екен.Ендеше барлығымыз бірге Жаңа жылды қарсы алайық.
Хоровод: «Жаңа жыл» Дәрибаевтар әні.
«Маймыл» ертегісін сахналау.
Тақпақтар.
Ойындар: «Шаңғы»
Шарты. Шаңғыны аяққа киіп белгіленген жерге барып қайту.
«Маша»
Шарты : Үрленген шарды орамал байлап, көз, мұрын ауыз салу.
Ата аналар орындауында ертегі.
Аяз ата сыйлықтар таратады. Баллармен қоштасады.
Сөз кезегін ата –аналарға ,мектеп директоры, ауыл әкіміне беру.

"Ақшақарда қонақта" (15.59 KB)

