Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  6 класс  /  Ақпаратты сығу мұрағаттау

Ақпаратты сығу мұрағаттау

Электр тогының жұмысын, қуатын есептей алуы.Тізбектерді құрастыру және олардың схемаларын салу, формуласын, заңын тұжырымдау, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру

16.03.2018

Содержимое разработки

Күні:

Сыныбы: 6

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу, мұрағаттау бағдарламалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақпаратты сығу, мұрағаттау бағдарламалары туралы мағлұмат беру

Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту

Түрі: Дәстүрлі

Типі: Аралас

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс, түсіндірмелі – иллюстративті, практикалық

Көрнекілігі: ДК, оқулық, интерактивті тақта, слайдтық - презентация

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1-мин

-оқушылармен сәлемдесу

-оқушыларды түгендеу

-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру: 3-4 мин

Өткен тақырып бойынша оқушыларға қима- қағаз үлестіру (тест)

  1. Вирус - ол ....

  1. Дискілерді тексеру құралы

  2. Файлдарды көшіруге арналған программа

  3. Операциялық жүйедегі қателердің салдары

  4. Көбеюге қабілетті зақымдаушы программа *

  1. Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы?

  1. Модем *

  2. Электрондық пошта

  3. Қатты диск

  4. Ажырап алынатын тасығыштар

  1. Антивирус – ол...

  1. Файлдарды сығуға арналған программа

  2. Файлдарды көшіруге арналған программа

  3. Компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа*

  4. Вирустарды құруға арналған программа

  1. Антивирус не істей алмайды?

  1. Файлдарды сканерлей алмайды

  2. Мұрағаттарды қарай алмайды

  3. Файлдарды қайта қалпына келтіре алмайды

  4. Файлдарды сығыстыра алмайды*

  1. Компьютердің вируспен зақымданудың алдын алудағы бұрыс кеңесті табыңдар?

  1. Бейтаныс адамдар жіберген хаттарды және хаттардың тіркемелерін ешқашан ашпау

  2. Компьютерде «әкімшілік» мәртебесінде емес, шектелген есепке алу жазбасында жұмыс істеу*

  3. Компьютердегі барлық бумаларға толық қол жеткізу құқын әрқашан ашып қою

  4. Вирусқа қарсы қорларды жүйелі түрде жаңартып отыру

Сәйкестігін тап

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 10-15мин

Ақпаратты қорғау тәсілдерінің бірі – деректердің көшірмесін сыртқы тасығыштарда сақтау. Сыртқы тасығыштарда көп ақпарат сақтау үшін оның мазмұнын жоғалтпастан көлемін кішірейту – мұрағаттауды орындау қажет болады.

Мұрағаттауды сонымен қатар ақпараттық желі арқылы жөнелткен кезде немесе сирек қолданылатын деректерді ұзақ уақытқа сақтағанда жүзеге асырады.

Мұрағат бір немесе бірнеше файлдан, бумалардан, мұрағаттардан тұруы мүмкін.

Мұрағаттау және мұрағаттан ажыратып алу программа-мұрағаттағыштармен жүзеге асырылады. Олардың ең кең тарағандары – WinRAR, WinZip, тегіндері – IZArc, 7-Zip. Мұрағаттық файлдардың сәйкесінше кеңейтулері: rar, zip,7z және басқалар. Мұрағаттық файлдың белгішесінің түрі мынадай болуы мүмкін

Қарапайым мұрағаттардан басқа өздігінен ажыратылып алынатын SFX – мұрағаттарды да құруға болады. Мұндай мұрағаттық файл ажыратып алуға қажетті программа-мұрағаттағыштардың болуын талап етпейді, оның кеңейтілуі ЕХЕ және белгішесі болады.

Мұрағаттауды әртүрлі тәсілмен жүзеге асыруға болады.

Біріншіден, мұрағаттау үшін екершеленген нысандардың жанама мәзірінен Мұрағатқа қосу бұйрыған таңдап, пайда болған сұхбат терезесінде мұрағаттың қажетті параметрлерін таңдау


Екінші тәсіл - программа-мұрағатшыны іске қосу және оның терезесінде файлдармен және бумалармен қажетті әрекеттердің бәрін орындау

батырмасын шерту таңдалған файлдардың сығылу дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді, ал Шеңбер программамен алғаш жұмыс істегендерге мұрағат құруға көмек көрсетеді. Ажыратып алу (Извлечь) бұйрығына сәйкес мұрағат мазмұнының қайда ажыратып алынатыны көрсетілуі тиіс сұхбат терезесі пайда болады.

Қайсыбір файлдар ондаған есе сығылуы мүмкін, ал кей сығу алатын көлемді еш азайта алмауы мүмкін. Деректерді сығу әдетте кері амалға қарағанда әжептәуір баяу жүргізіледі.

Сергіту сәті:  Көзге жаттығу жасату 1 мин

1 – 6 – ға дейiн санай отырып, оң жақ жоғарыдан – сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау; сонан соң сол жақ жоғарыдан – оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4 – 5 рет қайталау.

ІV. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:

Бақылау сұрақтары: 2-3мин

  1. Мұрағаттар қандай мақсатта құрылады?

  2. Мұрағаттық файлға қандай ақпарат кіреді?

  3. Қандай деректерді мұрағаттаған жөн, ал қандай деректерді мұрағаттаған дұрыс емес?

  4. SFX мұрағаттар қандай жағдайда құрылады?

  5. Деректерді қаншалықты жиі мұрағаттау қажет?

V. Сабақты бекіту кезеңі: Компьютердегі тәжірибелік жұмыс (слайдта ) 10-

15 мин

А деңгейі

  1. Өз компьютерлеріңде орнатылған программа- мұрағаттағыштарды іске қосыңдар.

  2. Өздеріңнің бумаларыңның мазмұнын үнсіз келісім бойынша тағайындалған параметрлермен мұрағатқа орналастырыңдар.

  3. Деректерді мұрағаттан қайта қалпына келтіріңдер.

В деңгейі

  1. Жұмыс үстелінде Эксперимент бумасын құрыңдар және оған .txt, .wav, .bmp, .jpg, .mp3 пішімдерінде құрылған бір-бір файлдан көшіріңдер.

  2. Файлдардың әрқайсысын үнсіз келісім бойынша тағайындалған параметрлермен мұрағатқа орналастырңдар.\

  3. Сығу дәрежесін өзгертіңдер және әрбір файлдың мұрағатын қайта құрыңдар.

  4. Нәтижелерін мына кестеге енгізіңдер:


    Файлдың бастапқы мөлшері

    Мұрағаттың RAR пішіміндегі мөлшері

    Сығу әдісі


    Қарапайым

    Ең үлкен

    ... . txt




    … .wav




    … .bmp




    … .jpg




    … .mp3




  5. Әртүрлі файлдардың сығылу дәрежесі туралы тұжырымдама жасаңдар.

С деңгейі

  1. В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

  2. Мұрағаттың пішімін өзгертіңдер. Өздігінен ажыратылып алынатын мұрағаттар құрыңдар және кестені мәліметтермен толтырыңдар:


    Файлдың бастапқы мөлшері

    Мұрағаттың ZIP пішіміндегі мөлшері

    SFX – мұрағатының мөлшері

    Сығу әдісі


    Қарапайым

    Ең үлкен

    Қарапайым

    … . txt





    … .wav





    … . bmp





    … .jpg





    … .mp3





  3. Жұмыс жылдамдығы мен RAR және ZIP пішімдеріндегі файлдардың сығылу дәрежелерін салыстырыңдар

  4. Мөлшері шамалы файлдар үшін SFX – мұрағаттар құрудың мақсатқа лайықтығы (дұрыстығы) туралы тұжырым жасаңдар

Қорытынды:

  1. Сонымен балалар, мұрағаттау дегеніміз не?

  2. Мұрағаттауды қанша жолмен құруға болады?

  3. Қандай мұрағыштарды білесіңдер?

Рефлексия: Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Сеніңше не орындалды? Нені орындай алмадық? Неге? Болашақта нені ескеру қажет?

Үйге тапсырма: Өтілген тақырыпты оқу, кітаптан өзіңді тексер тестін орындау

Бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!



-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ақпаратты сығу мұрағаттау (2.3 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт