Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  6 класс  /  Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

А?паратты сы?у. М?ра?аттау программалары.

21.10.2016

Содержимое разработки

Сабақ №4

Тексерген_________ Пән мұғалімі: Ахметжанова

Сынып 6 а,ә,б,в,г Күні: 22.09-23.09-26.09.-28.09.2015ж



Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютерде ақпаратты сығу, мұрағаттау программаларын туралы алған білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы

түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымадстыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.



Жаңа сабақ


Ақпаратты қорғау тәсілдерінің бірі-деректердің көшірмесін сыртқы тасығыштарға сақтау. Сыртқы тасығыштарда көп ақпарат сақтау үшін оның мазмұнын жоғалтпастан көлемін кішірейту – мұрағаттауды орындау қажет.

Мұрағаттауды сонымен қатар ақпараттық желі арқылы жөнелткенде немесе сирек қолданатын деректерді ұзақ уақытқа сақтағанда жүзеге асырылады.

Мұрағат бір немес бірнеше файлдан, бумалардан, басқа мұрағаттардан тұруы мүмкін.

Мұрағаттау және мұрағаттан ажыратып алу программа-мұрағаттағыштармен жүзеге асырылады. Олардың ең кең тарағандары WinRAR, WinZip, тегіндері - IZArc, 7-Zip. Мұрағаттық файлдардың сәйкесінше кеңейтулері: rar, zip, 7z және басқалар.

Қарапайым мұрағаттардан басқа өздігінен ажыратылып алынатын SFX – мұрағаттарды да құруға болады. Мұндай мұрағаттық файл ажыратып алуға қажетті программа-мұрағаттағыштардың болуын талап етпейді, оның кеңейтілуі EXE.

Мұрағаты қалай құруға болады?

Мұрағаттауды әртүрлі тәсілмен жүзеге асыруға болады. Біріншіден, мұрағаттау үшін ерекшеленген нысандардың жанама мәзірінен мұрағатқа қосу бұйрығын таңдап, пайда болған сұхбат терезесінде мұрағаттың қажетті парметрлерін таңдау.

Екінші тәсіл – программа мұрағатшыны іске қосу және оның терезесінде файлдармен және бумалармен қажетті әрекеттердің бәрін орындау.

Әртүрлі ақпаратты қаншалықты сығуға болады?

Қайсыбір файлдар ондаған есе сығылуы мүкін, ал кейбіреуін сығу алатын көлемді еш азайта алмауы мүмкін. Деректерді сығу әдетте кері амалға қарағанда әжептеуір баяу жүргізіледі.

Түйін !

Файлдарды сығу үшін мұрағаттау программаларды қолданады. Ақпарат алушының мұрағатшы программасының бар екеніне сенімсіз болған жағдайда сендер өздігінен ажыратып алынатын SFX мұрағат құрыңдар.


IV. Сабақты бекіту.

  1. Файлдарды мұрағаттау деген не?

  2. Мұрағаттауды қашан орындай керек?

  3. Мұрағаттық файлдар құрамына не кіруі мүмкін?

  4. Мұрағаттауды жүзеге асыратын программаны ата


V. Үйге тапсырма беру: §5 Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары. оқу


VI. Оқушыларды бағалау.


-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары. (15.35 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт