Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  4 класс  /  Аққу,шортан һәм шаян

Аққу,шортан һәм шаян

Мен өзім өткіздім сіздерге керек деген ойдамын

09.02.2018

Содержимое разработки

Солтүстік Қазақстан

Ақмола облысы

Біржансал ауданы

Еңбекшілдер ауданы

Амангелді орта мектебі

Абдрахманова Айгуль Сиражовна

Сертификат № 7892


Тақырыбы: Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы.

Мақсаты: Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, мысал жанры туралы түсінік беру; оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын,өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту; Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : сайыс сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру.

Көрнекілігі: 1. А. Байтұрсынұлы мен И.А.Крылов портреті

2. Мысал бойынша салынған сурет.

Әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал.

Аманбысыңдар ұл қыздар,

Әзірміз бе, сабаққа?

Әдебиет сөз өнері,

Сай келейік талапқа

Бар ма үйден дайындық?

Тапсырмамыз дұрыс па?

Оқымасаң уайым қып,

Тығылмаңдар қуысқа.

Ойымызды айтайық

Білімімізді байқайық,

Қонаққа келген ұстаздар

Қалсың бір сәт демалып.

Сабағымыз басталды, балалар. Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.

II.Өткен тақырыптарды тест арқылы тексеру.

1. “Асып Бурыл жөнелді,

Қарсы келген қабақтан

Қарғып басып жөнелді” деген өлең жолдары қай жырдан алынған және ненің шабысын суреттеп отыр?

А. Қамбар батыр жыры, Қарақасқа ат

Ә. Қобыланды батыр жыры, Тайбурылдың шабысы

Б. Алпамыс батыр жыры, Қаракер

2. Сүлеймен патшаның жарлығын орындамаған құс қай ертегіде айтылады?

А. Ғажайып бақ

Ә. Бес ешкі

Б. Сатқын жапалақ

3. Әсірелеу дегеніміз не?

А. Бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп,үлкейтіп айту

Ә. Екі нәрсенің ортақ сипатын,белгілерін табу, ұқсату

Б. Әр түрлі жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттеу

4. “Ол өзінің сиқырлы ғажап кілемімен су бетінде қалықтап жүзе береді,көздің жасындай мөлдір суға қадала қарап,қобыз күйін тарта береді”деген үзінді қай шығармадан алынған?

А. Өнерлі жігіт

Ә. Қорқыт

Б. Ғажайып бақ


III.Үй тапсырмасын тексеру.

ІV. Сабақ мақсатымен таныстыру: - Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз.

V. Жаңа материалды түсіндіру:

Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Балалар топқа бөлінеді.

Топқа бөлу шарты: Төрт бұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.Топтарға бағалау парақшалары таратылады.

1 – тапсырма. Алдын ала әр топқа әр түлі үй тапсырмалары берілген, олар өз сұрақтары төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілер арқылы, яғни сызбалар салып, соған жазып түсіндіру қажет.

І топ: А. Байтұрсынұлының өмірі.

ІІ топ: А. Байтұрсынұлының мысалдары.

ІІІ топ: А. Байтұрсынұлының өлеңдері.

Қысқаша деректер. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушы, ірі ғалым-лингвист, ақын, аудармашы, оқулық авторы. Туған жері – қазіргі Қостанай облысының.Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. А. Байтұрсынұлы алғашқы «Әліпби» оқулығын жазған. Оның «Қырық мысал», «Маса» деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін адал қызмет етуге арнаған оған «халық жауы» деген жала жауып, жазықсыз құрбан болды.

Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.

А. Байтұрсынұлы Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген кітап етіп шығарады. Соның бірі – бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.

Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы – мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар. Ал сендердің 3-кластағы оқыған «Бидай мен Қаңбақ» мысалының авторы Асқар Тоқмағамбетов – жаңашыл мысалшы. Осы ақын-жазушылардың арқасында мысал жанры – қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.

( Мұғалімнің мысалды мәнерлеп оқуы, балалардың түсінігін тексеру, нақтылау)

  • Балалар, олар қайда өмір сүреді?

  • Олар не істемек болды?

  • Олардың жүктері неге қозғалмады?

  • Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?

Мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік. Негізгі ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.

Сөздікпен жұмыс

Һәм - және

Ғибрат - үлгі

Машақат - бейнет


2– тапсырма.Ассоциация

І топ: Аққу қандай құс?.

ІІ топ: Шортан қандай балық?.

ІІІ топ: Шаян жайлы не білесіңдер?


3– тапсырма. Автордың түйінді, яғни негізгі ойын табу.

  • А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде жазылған?

  • Мысал бізді неге шақырады?

Мысалдың тәрбиелік мәні – балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.

Қорытынды: Мысалда негізгі ой шығарманың басында немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.

VI.Сергіту жаттығуы музыка әуенімен жасалады.


Дәптермен жұмыс.

4 – тапсырма. Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақал жазу. Мысалы:

1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,

Төртеу түгел болса, төбедегі келер.

2. Бірлік болмай, тірлік болмас.

3. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Әрбір топ жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.


5– тапсырма.

Мысал кейіпкерлерін тиісті суреттерімен сәйкестендіру.


VII.Қорытынды.Мына пікірлерге «Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беру. Жауаптарын дәлелдеу.

1.Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал» деген кітап жазған.- иә

2.Жүкті аққу аспанға, шаян жерге, шортан суға тартады. - иә

3.Аямай бар күшін салып, тартқанда жүк орнынан қозғалып кетеді.-жоқ

4.Бірінің айтқанына бірі көнеді.-жоқ

5.Мысалда адамдардың арасында кездесетін алауыздық сыналады. - иә

VIII. Кері байланыс парақшалары таратылады. «Бес саусақ» әдісі


IX. Бағалау.

X. Үй тапсырмасы:58-59 беттер,мәнерлеп оқу,мысал бойынша сұрақтар дайындау.Өздеріне ұнаған екі шумақты жаттап алу.Мысал кейіпкерлерінің суретін салу.











-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Аққу,шортан һәм шаян (72.06 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт