Тақырыбы: Аққала. Мәди Қайыңбаев
Мақсаты:
Білімділік:Өлеңді оқу отырып,қыс мезгілі туралы түсініктерін толтыру.Қысқы ойын түрлеріне тоқталу.Баланың сезім түйсігін, қабылдау мен ынтасын, зейінін, есте сақтауын, ұғыну, ойлау, қиялдау, болжау қабілеттерін ашу.тіл байлықтарын, сөздік қорын молайту.
Дамытушылық:Көркем сөздің мағынасын меңгерте отырып,табиғат туралы ұғымдарыны кеңейту.Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Дүниетанымдарын кеңейтіп, өз беттерімен ізденуге үйрету.
Тәрбиелік:Табиғатты қорғап, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Топпен жұмыстың мәнін ашу, бір –бірімен жақсы қарым қатынас, пікір алмаса білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, маркер, сөзжұмбақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой –қозғау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мұғалімдермен амандасу
Оқушылардың мақсатымен –міндеті
Мақсатымыз -білім алу
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы «5»ке қолды жеткізу
Түрлі- түсті жүрекшелер арқылы топтарға бөлу
2 топқа бөліп, топ басшысын сайлау. Топтың атына байланысты ұран құрату.
Үй тапсырмасы тексеру «Шана» Гүлбаршын Әзімбаева мәнерлеп оқу, әңгімелеу
«Ыстық орындық»
Қызық сұрақ айдарымен
1.мәтін кім және не туралы ?
2.Қалай ойлайсыңдар Жәнібектің сөзіне әкесі неліктен сасқалақтап қалды?
3.Жәнібектің жасы нешеде?
Жаңа сабақ
Жұмбақ жасырып, сабақтың тақырыбын ашу
Шелек қалрақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен он
(Аққала)
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)
II топқа Қыс жайлы сұрақтар қою
Казір жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын атаңдар
Қыста қандай мерекелер бар?
Қысқы ойындарды ата?
Аққала жайлы түсінік беру
Қыстың белгілерін сұрау
Өлең оқып беру.Бұл қай кезде болады?
Аяз қысып, өрнек сызып
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып
Сырғып жастар ойнайды
Кейде ұлып, кейде жұлып
Ұйытқып боран соғады
Айтыңдаршы бөбектерім бұл қай кезде болады?
Оқулықпен жұмыс
Тізбек бойынша II топ кезекпен өлеңді мәнерлеп оқып шығады
Сұрақтар қою
Аққаланы неден жасайды?
Аққала неше бөліктен тұрады?
Өлеңде не жайлы айтылған
Өлеңнен күлдіргі жолды тауып оқыту
Дәптермен жұмыс: ай күнді жазу
Аққала сөзіне сипаттау мәтін құрастырып жазғызу
Сергіту сәті:
Сөздікпен жұмыс:
Мамық қар-жеңіл қар
Қасат қар-тығыздалып қалған қатты қар
Қырбақ қар –жұқа жауған қар
Қай топ шапшаң?
3 минут ішінде аққала жайлы 4 жол өлең құрастырғызу
Айтқанымды жаңылмай, қағып ал да жатқа айт
Жаңылтпаш
Ақ мақта ақ қардан аппақ па?
Ақ қар ақ мақтадан аппақ па?
Қимыл -қозғалыс ойыны
«Аққаланың сыпырғышы»
Ән ырғағымен аққала келеді
Мен жай адам емеспін
Қыстың күні келемін
Ал көктемде кетемін
Өйткені мен ыстықтан
Тез еріп кетемін
Ал балалар мен еріп кетпей тұрғанда сендермен бір ойын ойнап алайын.
Ойынның шартын аққала айтады
Ән ырғағы басталғанда сыпырғышты бір-біріне кезекпен береді.Ән ырғағы тоқтаған кезде,кімнің қолында сыпырғыш қалып қойса,сол өлең немесе тақпақ айтып береді
Кім шапшаң?
Қыс жайлы мақал- мәтелдер айтып жарысу.
Топпен жұмыс
Қар, қыс сөздерін топтастыру
Топты қорғау
Әр топ өздерінің аттарына байланысты тақпақтар айтады
Қорыту:Сұрақтар қою
Сабақтағы көңіл күйлерін білдіріп смайликтер жапсыру
Үйге: аққала өлеңін мәнерлеп оқып, сқрақтарға жауап береді

"Аққала" Мәди Қайыңбаев (29.23 KB)

