Сабақ: 12.1В Геометриялық фигуралар Айналу денелері Көпжақтар мен айналу денелерінің комбинациялары. | Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ | |||||||||||
Күні: 20.10.2016 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Искакова Инкар Балабаевна | |||||||||||
Сынып: 12 | Қатысқандар саны:30 | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | ГП 12.2 айналу денелерін (конус, цилиндр, шар) таниды және олардың элементтерін таба алады; ГВ 12.1 көпжақтар (пирамида, призма және олардың түрлері) және айналу денелерінің (конус, цилиндр, шар) комбинацияларын бейнелей алады.
| |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: айналу денелерін ажырата алады, олардың элементтерін таба алады; көпжақтар (пирамида, призма және олардың түрлері) және айналу денелерінің (конус, цилиндр, шар) комбинацияларын бейнелей алады. | |||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы айналу денелерінің анықтамаларын, элементтері формулаларын білулері керек; Көпжақтар және айналу денелерінің комбинацияларын дұрыс бейнелейді. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Төбесі - Вершина- vertex Қабырғасы - Ребро- edge Жағы - Грань- face. Көпжақ - Многогранник- PolyhedronsПризма - prism Параллелепипед - Parallelepiped Пирамида- pyramid Қиық пирамида - Усеченная пирамида- Truncated Pyramids Дұрыс көпжақ - Правильный многогранник - regular polyhedron Жазба - Развертка- net Комбинациялары - Комбинации - combination Цилиндр - Cylinder Конус- Cone Сфера- Sphere | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар жұптарда, өз сыныптастарымен диалогтарға қатысулары керек, сонымен қатар сыныппен талқылауларға қатысып, өзінің коммуникативті, көпшілдік, ашықтық, өзгеге құрмет көрсету құндылықтарын дамытуы керек. Оқушыларға есептер шығару үшін шығармашыл болуы керек. Жұптарда жұмыс істеу арқылы, оқушылар жаупкершіліктері артып, әріптестерін тыңдап, ойларымен алмасып, пікірталастарға қатысуды үйренеді. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометриялық фигуралардың қолданыс аясы ауқымды. Құрылыста, техника жасауда, өндірісте, химия, физика, информатикада кеңінен қолданылады. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Математика сабақтарында ақпараттық технологияларды жаңа ұғымды енгізу барысында қызығушылығын арттыруға, модельдерді көрсетуде, кейбір іскерліктер мен біліктіліктерді жетілдіруде, білімін бақылағанда тиімді қолдануға болады. | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылардың стереометрия фигуралары туралы 11 сынып бағдарламасынан түсініктері бар. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
2 мин 3 мин 5 мин
10 мин
17 мин
3 мин
| Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбын беру, мақсатымен таныстыру. Терминдер сөздігімен таныстыру. Сергіту сәті. Оқушыларға бірнеше фигуралардың жазбаларын ұсыну. Осы жазбаларды олардың атауларымен сәйкестікке қойсын.
Айналу денелерін еске түсірейік!
Жаңа сабақ. Анықтамалар беру. Көпжақ пен пирамида, көпжақ пен цилиндр, көпжақ пен конус, айналу денелерінің комбинацияларына қатысты анықтамалар беру 1. Шар цилиндрге сырттай сызылған, егер цилиндр табандарының шеңберлері шар бетінде жатса. 2. Шар цилиндрге іштей сызылған, егер ол цилиндр табандарын олардың центрінде, ал бүйір бетін цилиндр табандарына параллель шардың үлкен шеңбері бойымен жанайтын болса. Шар центрі цилиндр осінің ортасында жатады. Цилиндрге іштей шар салу әрқашан мүмкін бола бермейді, бірақ цилиндрге әрқашанда сырттай шар сала аламыз. 3. Шар конусқа іштей сызылған, егер ол конустың табанын оның центрінде, ал бүйр бетін шеңбер бойымен жанайтын болса. Шар центрі конус осіне тиісті және табан центрі мен конус жасаушысынан бірдей қашықтықта орналасқан. 4. Шар конусқа сырттай сызылған, егер конустың төбесі мен табан шеңбері шар бетінде жатса. Шар центрі конус осін қамтитын түзуге тиісті және конус төбесі мен табанының нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан. 5. Шар призмаға сырттай сызылған, егер призманың барлық төбелері шар бетінде жатса. 6. Шар призмаға іштей сызылған, егер ол призманың барлық жақтарын жанайтын болса. Призмаға іштей шар салу әрқашан мүмкін бола бермейді және призмаға әрқашан да сырттай шар сала алмаймыз. 7. Конус призмаға сырттай сызылған, егер призма табандарының бірінің барлық төбелері конустың бетінде, ал екінші табанының барлық төбелері конустың табанында жатса. 8. Цилиндр пирамидаға іштей сызылған, егер оның табандарының бірі пирамида табанына тиісті, ал екінші табаны пирамида табанына параллель қимасына іштей сызылған болса Көпжақ комбинацияларына берілген есептерді шығару 1. Конусқа іштей сызылған сфера бетінің ауданы 100. Конустың бетімен жанасатын шеңбердің ұзындығы 6. Конустың табан радиусын табыңдар. Жауабы: 15 2. Радиусы 5-ке тең шарға дұрыс төртбұрышты пирамида іштей сызылған. Пирамиданың бүйір қыры Жауабы: Архитектурадағы геометрия Орасан зор геометрия бағында әркім өз талғамына сай гүл шоғын жинай алады. Давид Гильберт Рефлексия: Оқушылардан келесі сұрақтарға жауап іздеуін сұрау:
Сабақтың барлық материалдарын moodle.nis.edu.kz сайтынан таба аласыздар | Слайд 1-4 Слайд 5 Видео Слайд 6-15 Слайд 16 Видео Слайд 17-41 Слайд 42-50 Слайд 51 | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |