Меню
Разработки
Разработки  /  Английский язык  /  Практикумы  /  6 класс  /  Ағылшын тілінен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Ағылшын тілінен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Жалпы білім беруде оқытылатын пәндер ішінде ағылшын тілінің де өзіндік орны бар.Ағылшын тілін оқыту арқылы жастарды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге болады. Ағылшын тілінде әр түрлі мәтіндер, әр түрлі тақырыптарды оқушылар оқи отырып тілін үйреніп отырған сол елдіңтарихымен,өнерімен, мәдениетімен, ұлтымен жақынырақ танысады. Олар өз ұлтын сүйеді, өзге халықтарды сыйлауды үйренеді. Шетел тілін үйрету арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытуға кең жол ашуға болады.

Басқа оқытылатын пәндермен қатар ағылшын тілі пәніде оқушылардың білім деңгейін көтеруге көмектеседі. Оны оқи отырып, өз ана тілін тереңірек меңгереді, сөйтіп ана тілі негізінде өзге тілді саралап үйренеді. Оқушылардың бойындағы өз тіліне деген сүйіспеншілігі арқылы өзге ұлт тілдерін ұғындыруға, ол тілдерді құрметтеуге, үйретуге мүмкіндік туады.

14.11.2018

Содержимое разработки

Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту



Жанарысқызы Айжан

7 орта мектебінің

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Қарақия ауданы

Жалпы білім беруде оқытылатын пәндер ішінде ағылшын тілінің де өзіндік орны бар.Ағылшын тілін оқыту арқылы жастарды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге болады. Ағылшын тілінде әр түрлі мәтіндер, әр түрлі тақырыптарды оқушылар оқи отырып тілін үйреніп отырған сол елдіңтарихымен,өнерімен, мәдениетімен, ұлтымен жақынырақ танысады. Олар өз ұлтын сүйеді, өзге халықтарды сыйлауды үйренеді. Шетел тілін үйрету арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытуға кең жол ашуға болады.

Басқа оқытылатын пәндермен қатар ағылшын тілі пәніде оқушылардың білім деңгейін көтеруге көмектеседі. Оны оқи отырып, өз ана тілін тереңірек меңгереді, сөйтіп ана тілі негізінде өзге тілді саралап үйренеді. Оқушылардың бойындағы өз тіліне деген сүйіспеншілігі арқылы өзге ұлт тілдерін ұғындыруға, ол тілдерді құрметтеуге, үйретуге мүмкіндік туады.

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға тікелей байланысты. Бұның өзі шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады.

Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесі бойынша зерттеу жұмыстарын ғалымдар А.Әбілқасымова, Р.Омарова, С.Смайлов, Ж.Қараев, С.Бегалиева, М.Құдайқұлов, Н.Хмель т.б жүргізгені белгілі.

Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді. Сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау кезеңдерімен жүзеге асады. Ол мынадай:

Өзекті мәселені табу.

Мақсаты мен міндеттерін айқындау

Зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу

Болжам құру

Болжамды тексеру

Нәтижесі

Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан көптеген қасиеттерді талап етеді: зеректік, ізденімпаздық, еңбекқорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік, қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным.

Мұғалім оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекетін ұйымдастыруы қажет.Оқушылар шығармашылықпен айналысуы үшін үнемі ізденісте болуы тиіс. Ол үшін оқытудың дәстүрлі емес түрлерін,жаңа технологияларды,тесттің әр түрлі күрделі нұсқаларын сабақта үздіксіз жүйелі пайдалануымыз керек. Өзім сабақтын типін оқушының қызығуына, қабілетіне сәйкес тандаймын. Өзім пайдаланып жүрген «Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудыңтәсілдері мынандай:

1.Оқушы білімінің өмірмен байланыстылығы

2.Берілген білімді меңгеруі.

3.Теория мен практикалық әдістердің байланыста болуы.

4.Өзіндік жұмыстарды ғылыми тұрғыда орындауы.

Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру-қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі. Ол әр баланың табиғатына тән. Біздің міндетіміз,оқушыға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегініңнәтижиесін көруге,оны бағалауға бағыттау.Осындай шығармашылық жұмыстың бірі ғылыми жоба.

Ізденімпаз оқушыларды ғылыми жұмысқа баулығанда

-ең алдыментақырып таңдалады.

-деректер жиналады.

-жұмыс жоспарланады.

-жұмыс жазылады.

-жұмыс жазылғанда,зерттеу күнделігі қатар жазылады.



Ғылыми жоба

Оқушылардың ғылыми жұмысына тақырып алғанда бағдарлама жасалады.



Тақырып

Міндеті

Мақсаты тиімділігі

Жаңалығы

Актуальдығы

Ағылшын тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулығанда мынандай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыру;

-оқушылардың білімдері мен ізденімпаздықтын қалыптасуы оларды шығармашылыққа баулиды;

-Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, жұмыс түрлерін таңдап жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;

-Сабақта дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер қолдану,интеллктуалдық қабілеттерін дамытып,оқу- танымдық және ғылыми ізденістер жасауға ұмытылдырады.

Сонымен қорыта келе оқушыларды шығармашылықка баулу арқылы, олармен жүйелі жумыс жүргізу нәтижесінде бәсекеге қабілетті, мұраты айқын,мақсаты нақты, құнды нәрселерді көздей алатын жеке тұлғаны қалыптастырамыз.







Пайдаланылған әдебиеттер.



  1. Әбілқасымова А. Омарова Р. Мұғалімдердың танымдық,ізденімпаздығын қалыптастыру. Ғылым,2003

2. Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру- әдістемелік құрал. Жексенбаева У.Б

3. «Қазақстан мектебі» журналдары.

-80%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ағылшын тілінен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту (18.81 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт