«№5 мектеп – лицей» КММ
«Адамгершіліктің қас жауы, жат ағымнан сақтанайық» атты онкүндік барысында өткен тәрбие сағаты
Онкүндіктің атауы: Терроризм
Cыныптар: 8 «В», 8 «Б»
Сынып жетекші: Спаганбетова Г.З.
Жумадилова М.К.
Шалқар, 2019-2020 оқу жылы
Бүкіл әлемніңс саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизммен терроризм. ХХІ ғасырдыңең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде де армия ортасына құрылымды бұзатын идеялардың кіруіне жол бермеу мақсатында онкүндік өткізу жоспарланды.
Осы бағытта біздің мектебіміз онкүндік барысында оқушыларға еліміздің мемлекеттік саясатын және мемлекеттік құрылымды бұзатын идеяларға қарсы іс қимыл жөніндегі идеологиясын түсіндіріп, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Экстремизмге қарсы іс қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптары жеткізіліп, «Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұрудың маңызды шарты қырағылық», «Дәстүрлі діннің радикалды ағымнан айырмашылығы неде?», «Деструктивті діни ұйымдар» тақырыптарында ауданымыздың теолог маманы арнайы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2019 жылы 4 желтоқсан күні №5 мектеп-лицейінде 8 «Б, В» сыныптар арасында «Адамгершіліктің қас жауы, жат ағымнан сақтанайық» тақырыбында, сыныпаралық тәрбие сағат, пікір алысу өткізілді және бейнефильм арқылы толықтырылып отырды.
Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Оқушыларды теріс ағымда арбалып кетпеуіне тәрбиелеу. Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік, діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
Сонымен бірге Шалқар қаласы «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының» маманы оқушыларға Қазақстанда тыйым салынған террористік, экстремистік және оккультті-мистикалық ұйымдардың тізімін айтып, жалпы елімізде жастардың жат ағымдардың жетегінде кетуінің
бірден-бір себебі, діни сауатсыздық екенін, кейбір ақпараттар көздерінің мәліметі бойынша Қазақстаннан 400-ге жуық 18 жастан 30 жасқа дейінгі қандастарымыз соғыс алаңдары-Сирия, Иран секілді елдерге кетіп қалғандығын, бұлардың арасында мектепті бітіргендер, жоғары оқу орынын бітіргендер мен бизнесте жүргендер де бар екенін айтып, экстремизм мен мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әрбір тұлға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтарын ескертіп өтті.
Теолог маман пікірталас, сұрақ-жауап жүргізіп оқушылардың көкейде жүрген біршама сұрақтарының жауаптарын алды.
Осы онкүндікте басқа да мағыналы, мазмұнды іс шаралар кеңінен атқарылды. Атап айтар болсақ, «Дін – халықтың рухани негізі» тақырыбында мектеп сынып жетекшілері жалған терроризмді таратудың алдын алу, тәрбиеленушілерді ұлтаралық, конфессияаралық төзімділікке тәрбиелеу мақсатында сынып жетекшілер сынып сағаттарынын ұйымдастырды.
Сонымен бірге мектептің жеке құрамына мемлекеттік жүйенің зайырлы қағидаларын, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерін түсіндіретін ақпараттық-түсіндіру парақтары таратылды.
Осы онкүндікте ұйымдастырылған іс шаралардың барлығы да мектептің жеке құрамына діни экстремизмнің алдын алу мақсатында септігін тигізеді деген ойдамыз.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай , Біз - Мәңгілік Елдің білімді де саналы, сауатты ұрпағы ретінде өз еліміз – Қазақстанның гүлденуі мен әрі қарай дамуына, көркеюіне үлесімізді қосуға тиіспіз. Артылған үміт пен сенімнің жүгі қанша ауыр сан қилы, сан қырлы соқпақты жолдар болса да қазаққа тән қайсар мінезбен тайсалмай көтеріп өтуге тиіспіз!
Өйткені біз сонау заманда Мағжан Жұмабаевтан бастап Елбасы дейінгі ұлы тұлғалар үміт артқан ұрпақпыз! Еліміздің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болып, намысты ұл-қызын ұлықтайтын туған Отанымыз гүлдене берсін!»-деді кеш қонағы арнайы теолог маман Елубаев А.Қ.