Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  Прочее  /  «Адам және табиғат. Қос сөздер»

«Адам және табиғат. Қос сөздер»

1. Проблемаларды шешу құзыреттілігі. Бір- бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету. Оқушыларға анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік береді. Табиғат және адам тақырыбын талқылауға белсенділікпен қатысуға үйретеді,сөздік қорын өз бетінше толықтырады. 2. Ақпараттық құзыреттілігі Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады. Өздерінің айтқан, жазған жауаптарына толғанып ойлауын қамтамасыз етеді. 3. Коммуникативтік құзыреттілігі.Оқушыларды ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.

18.09.2017

Содержимое разработки

«Табиғаттың байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі. Бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз»

Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың тақырыбы : «Адам және табиғат. Қос сөздер»

Сабақтың құзіреттілігі: 1. Проблемаларды шешу құзыреттілігі . Бір- бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету. Оқушыларға анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік береді. Табиғат және адам тақырыбын талқылауға белсенділікпен қатысуға үйретеді,сөздік қорын өз бетінше толықтырады. 2. Ақпараттық құзыреттілігі Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады. Өздерінің айтқан, жазған жауаптарына толғанып ойлауын қамтамасыз етеді. 
3. Коммуникативтік құзыреттілігі.Оқушыларды ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету. 

1.  Табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру ;

2.   Оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқиғаға сыни көзқараспен қарап, өз ой -пікірлерін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

3.   Оқушылардың табиғатқа деген аялы көзқарасын қалыптас- 
тыру, Отанын сүйе білетін азамат болуға тәрбиелеу,қоршаған орта мен табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,пікірлесу, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың технологиясы: СТО, диалогтік оқыту, жас ерекшеліктеріне сай оқыту

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, жаңа білім беру сабағы. Сабақтың көрнекілігі: табиғат жайында жазылған нақыл сөздер мен тыйым сөздер, мәтін басылған қағаздар, маркерлер,деңгейлік тапсырмалар жазылған карточкалар,Венн диаграммасы, интерактивті тақта, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,жаратылыстану,орыс тілі. 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

4 . Топқа бөлу. /Оқушылар гүл таңдайды/

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

а/ «Зымыран сұрақтар» әдісін қолдану.

Топтар өткен сабақта танысқан тақырып бойынша сұрақтарды 2-топ бір-біріне қояды.    

б/ Сөздік диктант . Бірін-бірі бағалау (өзара тексеру)

Әуежай,көлік,құрал,кәсіпорын,тасымалдау,кедергі,бір мезетте,ыңғайлы,қалаға қатынау,ұлттық,бағыт,бірлескен,жиілік,халықаралық,жабдықталған.

 

III. Жаңа тақырыппен танысу кезеңі. /Қызығушылығын ояту/

-Балалар, енді мына жұмбаққа назар аударыңдар:

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.   (Күз)

-Бұл қай кезде болады? 
-Дұрыс, осы өзгерістер күз мезгілінде болады.

- Балалар, жыл мезгілі немесе табиғат туралы қандай өлеңдер білесіңдер? 

(Өлең үш тілде баяу естілген музыканың ырғағында үш тілде оқылады.)

-Бұл өлең не туралы ? -Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Адам және табиғат. Қос сөздер». /сабақ мақсатымен таныстыру/
-Қазір мына суретке назар аударайық, жазылған нақыл сөзді оқып, аударып,бүгінгі сабақтың ұранының мағынасын түсінейік . 
Сабақтың ұраны: «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ , 
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ». 
Дыбыстық жаттығу: Осы сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарға сипаттама беріңдер. 
Ы – дауысты, жуан , қысаң , езулік 
Ң – дауыссыз, үнді, мұрын жолды, тіл арты 
Ғ – дауыссыз, ұяң, ызың, тіл арты 
Ү – дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік 
І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік 
Қ – дауыссыз, қатаң,шұғыл,тіл арты 
-Балалар,жұмыс дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді,тақырыпты,ұранды көшіріп жазыңдар.

 IV. Ой шақыру /топтастыру/ 1)«Табиғат» сөзін естігенде нені елестетесіңдер?

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бабалар табиғатты аялаған , 
Мал бағып , бауырында саялаған . 
Табиғатты «Ана» деп ардақ тұтып , 
Қамқорлығын ешқашан аямаған ... 
Табиғат-бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасына тыс, өздігінен пайда болған дүние. Табиғаттың пайда болуы-адамның пайда болуына әкеледі. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайді. Табиғаттың тамаша бір қасиеті-ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазарта алады. Ол адам баласының іс-әрекеттерінің қалдығынан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады. Бұл жерде адам көмегі керек-ақ! Таза табиғат үшін күрес-өмір үшін күрес, келешек үшін күрес. Туып өскен ортаның табиғатын қорғау үшін әр бір адам өз жерінің табиғатын, оның ерекшеліктерін білуі қажет, неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, сауатты түрде өз көмегін бере білуі қажет деп ойлаймын. Халқымыздың мақтанышы, ғалым Шоқан Уәлиханов та: «Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғатты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым - жорасын жасаттыру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі» деп, атап көрсеткен. Біздің қазіргі кезде аузымыздан күнделікті тастамай айтып жүрген экологиялық мәселерімізге қазақ халқы ертеден-ақ ерекше мән берген. Табиғат туралы тыйым сөздер халық арасында кеңінен таралған. Судың тазалығын сақтауға арналған тыйым сөздер : «суға түкірме», «суды лайлама», « су ішкен құдығыңа түкірме», «бұлақты былғама». 
Жасыл желекке,орман-тоғайға жайлы тыйым сөздер : 
«көкті жұлма», «көкті таптама», «орманды өртеме »,»жалғыз ағашты кеспе» Жан-жануарларды аялау,қорғау жайлы тыйым сөздер: 
«аққуды атпа», «ұяны бұзба», «өрмекшіні өлтірме». 
Халық ұғымында « табиғат» деген ұғым «туған жер» деген  сөзбен мағыналас айтылады. Мысалы: «Туған жердің топырағы да киелі», «Жері байдың- елі бай», «Жер – ана , ел- бала». Бүкіл әлемдік тіршіліктің құдіретті төрт негізі бар. Олар: күн – ана, жер – ана, ауа мен су . Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды.Сондықтан адамзат күнді , жерді анадай ардақтайды, жер мен судың әулиелігін қастерлеп, әрекет жасап, қызығын көреді./бейнебаян/

2) Жаңа сөздермен жұмыс (оқу, сөз тіркесін құрастыру)

Заңдылықтарына бағынушы - починен закономерности Сақшы- хранитель,защитник

Себепші -причина Шипагер-целитель

Сіңіру-усваивать

Шапағат-луч Көкті жұлма – не рви зелень Сақтау керек – нужно сохранить

3) Мәтінмен жұмыс. /Әр топ өзінің мәтінімен жұмыс жасайды: мәнерлеп түсініп оқиды, мәтін бойынша бір- біріне  сұрақтар  қояды, сұхбаттасады/

а/Оқулықтағы мәтінді түсініп оқу . (2 топқа қағаз,маркерлер). 

б/Екі мәтін бойынша кластер құрату.

в/ синквейн 5жолды өлең /Табиғат, Адам/

1.Бірінші жол тақырыпты суреттейтін сөз. Ол зат есімнен болуы шарт. (Зат есім) Табиғат.
2.Екінші жол сол тақырыпты суреттейтін екі сөзден тұру керек.  (Екі сын есім. ) Ғажап.Тамаша.
3.Үшінші жол іс- әрекетті көрсететін үш сөз болуы тиіс. (үш етістік) Аялайды. Қорғайды. Сақтайды.
4.Төртінші жол төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.Табиғат-біздің асыл қазынамыз.
5.Соңғы жол синоним болуы керек. Жасалу жолы.Табиғат. Қоршаған орта. 

ЕСІҢЕ САҚТА! Бір сөздің қайталанып айтылуы арқылы немесе сөздің қосарлануы арқылы жасалатын сөздерді қос сөздер дейміз. Қос сөз дефис арқылы жазылады. Мысалы: Биік-биік, жақсы-жақсы, үлкен-кіші, құрт-құмырсқа, жалт-жұлт, бала-шаға.

Қос сөздердің жасалуындағы ерекшеліктер:

1. Бір сөздің қайталануы /Қора-қора, көзбе-көз, бетпе-бет/

2. Екі түрлі сөздің қайталануы /Ата-ана, жақсы-жаман /

3. Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер /көйлек-көншек, ескі-құсқы, ет-мет/

4. Екі сыңары мағынасыз сөздің қосарлануы /оқта-текте , ығы-жығы, некен-саяқ/

5. Күйшейткіш буындардың қосарлануы /Қып-қызыл, әп-әдемі, жап-жақсы/

6. Еліктеу сөздерінің қосарлануы / Сарт-сұрт, жалт-жұлт, сырт-сырт/

7. Екі жағы да мәнді сөздердің қайталануы /Ағайын-туыс, аға-іні, дос-жар/ Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Менің атамда елу түйесі, екі жүздей қой–ешкілері бар. Мен бүгінгі сабақтан азды-көпті білім алдым.

Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек.

 Дәптермен жұмыс .Топтарға сөйлемдер жазылған карточкалар беріледі. Тапсырмаларды топ мүшелері білім деңгейлеріне сәйкес өзара бөлісіп орындайды (дифференциалды тапсырма)

















I-топ: /оқулық 6-бет/

1 – тапсырма: Мына сөздердің синонимдерін тап.

Адам,болашақ,көп,қуат,алыс,туған жер,сұлулық,шапағат, сақшы, дауа,шипагер,ластанбау,қастерлеу.

2 – тапсырма : Сөйлемдерді орын тәртібімен жинаңыз.

Табиғаттың, Адам, бөлігі, ажырамас.

_____________________________________________________________

Жатады, өзгерістер, болып, үздіксіз, табиғатта.

_____________________________________________________________

Деп, әлемде, сан, алатын, аталады, орын, алуан, құбылыстары, өзгерістер, табиғат.

______________________________________________________________

Бір-бірімен, табиғат, байланысты, тығыз, құбылыстары.

_________________________________________________________________

Жан-жануарлар,өсімдіктер, мен, табиғат, ауқымды, білдіреді, деген, барлығы, алыстағы,Жер,Күн, мен, жұлдыздар,Ай, мен, ұғымды, –, да, осылардың. _________________________________________________________________

3-тапсырма: Қос сөздерді тап, мағынасына ажырат.
Жыл құстары топ - тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді.
Жазда күн кенет ысып кетсе, ұзамай жауын-шашын болады.
Көкек қатты-қатты, әрі жиі-жиі шақырса –күн жылиды.
Мысық қайта-қайта жер тырналаса, боран соғады. Ит ұзақ-ұзақ уақыт ұйықтаса, күн жылынады.

4-тапсырма: Мына мақалдардан қос сөздерді тауып,мағынасын түсіндір.

а) Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің.

ә) Тамшыдан тама-тама дария болар.

б) Үйдің жылы-суығын,

Қыс түскенде білерсің.

в) Ағайынның алыс-жақынын,

Іс түскенде білерсің.

г) Ақымақ ішкен-жегенін айтады,

Ақылды көрген-білгенін айтады.


5-тапсырма: «Орал- жасыл қала» шағын әңгімеле құра.






II-топ:

«Сәйкестендіру» стратегиясы.

1– тапсырма Қос сөздерді сәйкестендір

Жып шашын

Жора төмен

Жауын мұны

Жоғары ұят

Ар жолдас

Оны жылы

2-тапсырма Сұрақтарға жауап бер және қос сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

- Табиғаттағы жарқыраған нелер? (күн, ай, жұлдыз)
- Табиғаттағы көгілдір нелер? (аспан, өзен, көл, теңіз, мұхит)
- Табиғаттағы жайқалған нелер? (ағаштар, гүлдер)
- Табиғатта ән салған нелер? (құстар)
- Сыбырлаған нелер? (жапырақтар)
- Сыңғырлаған нелер? (сулар)
- Осының бәрін бір сөзбен не дейді екенбіз? (Табиғат - ана)
3-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрап, қос сөздердің қалай жасалғанын айт. Дүркін-дүркін, қолма-қол, көзбе-көз, жалт-жұлт, өзінен-өзі, қараптан-қарап, жымың-жымың, қараң-қараң, мөлт-мөлт, тарс-тарс.

4-тапсырма. «Сен бағдарламаға келдің» - ситуациялық жағдай туғызып,тірек схема арқылы бір оқушы - табиғат туралы бағдарламаның дикторы, екінші оқушы – ғалым-эколог болып сұхбат өткізу.

5– тапсырма Жаттап ал

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

(Сәкен Сейфуллин)

V. Бекіту  кезеңі. 1. «Миға шабуыл» стратегиясы

- Табиғат деген не екен? -Сенің өлкеңнің табиғаты қандай? - Табиғатты кім қорғауы керек? -Қос сөздің түрлерін ата?

-Қайталама қос сөз деген не? Қосарлама қос сөз қалай жасалады?

2. Жүректен жүрекке

Пікірді жалғастырып айту.

1. «Табиғат – мен үшін қуаныш, өйткені...»

2. «Табиғат – мен үшін денсаулық, өйткені...»

3. «Табиғат – мен үшін шығармашылық, өйткені...».../байлық,жылылық,бақыт,қазына,әсемдік,сұлулық,қуат,шабыт, қамқоршы/

VI. Қорытынды сөз: -Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл адамға ортақ қазына. Жер, Табиғат, Отан, Атамекен деген ұғымдар бір- бірімен үндес әрі мағыналас. Сондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу, қорғай білу, қастерлей білу-бәріміздің борышымыз. /“Табиғатты қорғайық” /деген белгі тапсырылады.

Табиғатымыз аман болсын! Табиғатты түсіне білейік! /Ән орындау/

VI I. Үйге тапсырма:

«Менің өлкемнің табиғаты» шағын әңгіме жазу. 

Табиғат туралы сөзжұмбақ құрастыр.

Мақал- мәтелдерді,тыйым сөздерді жаттап келу. 

VIII. Бағалау: 2жұлдыз,1тілек






























































































































 Бағалау парағы





Оқушының аты-жөні

тапсырмалар



Алған бағасы





Үй жұмысы 1



Сұрақ-жауап 2



Мәтінмен жұмыс 3



Деңгейлік тапсырма 4



Шығармашы- лық жұмыс 5








6


1









2









3









4









5









6









7























































Арық-тұрақ

Мұндағы жеке мағынада қолданылмайтыны - «тұрақ». Ертедегі түркі тілдерінің жазба ескерткіштері сөздігінде тур-арықтау, ал туруқ- арық мағынасын білдірген. Сөз түбірі ─ «тур» екендігі көрініп тұр. Қазіргі түркі тілдері ішінде хакастарда «түре» қазақ тіліндегі арықтау сөзімен мағыналас.

  Тоқты-торым

«Торым» деген сөз қазіргі моңғол, бурят, қалмақ тілдерінде тайлақ ұғымында кездеседі.

Төре-төлеңгіт

«Төре» де, «төлеңгіт» те қазіргі тілімізде қолданудан қалып бара жатқан, көнерген сөздер. «Төре» - үстемдік етуші әкімдер, ал «төлеңгіт» - төренің күтушісі. Түріктерде «түлінгі», тува тілінде «түреңгіш» қалпында дыбысталатын сөздер қайыршы, жарлы ұғымдарын береді. Дәлірек айтсақ «төре-төлеңгіт» - «бай-жарлы» деген сөз .

    Телі-тентек

Ертедегі түркі жазба ескерткіштеріндегі сөздерге қос сөздердің бір сыңары «телу» тұлғасында көрініп, осы кездегі ақымақ, ақылы аз сөзінің орнына жұмсалған. Қырғыздарда «тели» есінен адасқан, хакас тілінде – топас мағынасын береді.





































Қазақстанның табиғаты.

Халық мақалы

Бізді қоршаған орта: жан-жануарларменөсімдіктер,жер мен ай,күнмен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да «табиғат» деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай, анасын күндей қастерлеу ата салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан ормандарды, тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген. Адам мен табиғаттың жарасымы мен үйлесімі сақталғанда ғана, олардың өзара өмір сүру тепе-теңдігі сақталмақ. ХХ ғасырда осындай тепе-теңдік бұзыла бастады. Адамзаттың индустриялық кезеңге өтуі, қалалардың көбеюі – табиғатқа зақым келтіре бастады. Соның нәтижесінде, бүгін көп айтылатын экологиялық мәселе туындап, оны шешу жолдары ғаламдық мәселеге айналды. Экологиялық мәселе, әсіресе, экономикасы жоғары дамыған елдерге аса тән. Сондықтан табиғат пен адамның үйлесімді өмір сүруіне қоғамның көңілін бөлу үшін экологиялық ұйымдар құрылуда. Өнеркәсібі дами бастаған біздің елімізде де осындай мәселе бар. Мысалы, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Жаңаөзен, Балқаш, Теміртау сияқты қалалардағы экологиялық ахуал адамның денсаулығына зиян келтіруде. Сол себепті қоғамдық ұйымдар, ақпарат құралдары осы мәселелерді жиі көтеруде. Адамзаттың өркениет биігіне жетуі – индустрияландырумен ғана шешілмейтінін уақыт дәлелдеуде. Сондықтан бүгінгі адамзат баласы табиғатпен үйлесіп өмір сүрудің тиімді жолдарын шешуде.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

    • Қоршаған орта дегеніміз не?

    • «Жер-Ана» деген ұғымды қалай түсінесіз?

    • Табиғатта кездесетін өзгерістерді атаңыз?

    • Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы айтыңыз.

    • Өз мінезіңізді табиғаттың қандай құбылысымен сипаттайсыз?















Табиғатты аяла.

Табиғат – алтын бесік

Мақал

Қазақстан табиғаты алуан түрлі. Біздің Отанымыз – Қазақстан дүниежүзіндегі табиғат байлығы мол елдердің бірі. Қазақстанның байлығын ысырап етпей, ластамай, оларды ұқыпты, тиімді пайдалану керек. Табиғатты қорғау әрбір азаматтың борышы. «Экология» терминін 1866 жылы ірі неміс зоологы Э. Геккель ғылымға алғаш рет енгізді.( гр «ойкос»- үй, тұрақ, мекен, баспана дегенді білдірсе, «логос» ғылым, ілім, зерттеу деген сөз) . Экология организм мен қоршаған орта арасындағы байланысты, қарым – қатынасты зерттейтін ғылым. Саны сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды , құстарды, жорғалаушылар мен қосмекенділерді сақтау мақсатында 1996 жылы Қазақстанның Қызыл кітабі жарық көрді. Лепсі,Ақсу,Көксу,Сарқан,Қаратал,Іле,Шу.Жетісу-үлкен жеті өзен болғандықтан Жетісу атаған.

Жер шоқтығы Бурабай суреті Нью-Йоркте көрмеге қойылғаннан бері, «Қазақстан Швейцариясын» әлем таныды. Қазақстанда 48262 көл бар. Ең терең көл-Алакөл.Оның тереңдігі 54 метрге жетеді.. 1991 жылы 18маусымда Республика тарихында тұнғыш рет Қазақстан Республикасының «Айналадағы табиғи ортаны қорғау» туралы заңы шықты. Бұл заң адам өмірі, денсаулығы үшін табиғи ортаның қолайлы болуын, адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен табиғат байлығын ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған. 1991 жылы 20 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен елімізге ажал отын шашқан Семей полигоны жабылды. 1997 жылы қыркүйекте Қазақстанның бастауымен ядролық қаруды қолданбау туралы халықаралық конвенция өтті. -«Қазақстан-2030» бағдарламасында Президентіміз ел экологиясына ерекше тоқталды Сондықтан бүгінгі адамзат баласы табиғатпен үйлесіп өмір сүрудің тиімді жолдарын шешуде.











  • Қазақстандағы өсімдіктердің жалпы түрлері 6 мыңнан астам. Ал құстардың түрі 500-ден көп.Өзен-көлдерде балықтың 107 түрі бар. Далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178-ге -

  • «Табиғатты қорғау басты борышымыз» деп ҚР Ата Заңында бекітілді.

Онда сүткөректілердің 40 түрі мен түршелері, құстардың 50 түрі мен түршелері, өсімдіктердің 179 түрі мен түршелері, ал бұрынғы Семей облысы бойынша сүткөректілердің 6 түрі мен түршелері, құстардың 18 түрі мен түршелері, өсімдіктердің 30 түрі мен

.






























Көрініс «Әке мен бала»

 

Әкесі:  Жүр, балам , орманға барып ағаш кесіп әкелейік. Ағаш та қалмапты ғой өзі?

Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.

Әкесі: Е, міне жалғыз қайың қалыпты ғой.

Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні гой. Әке, адам да табиғат перзенті. Сондықтан туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау-баршамыздың парызымыз, міндетіміз.

Әкесі:  Ей, сен айтып тұрсың? Үйде отын жоқ емес пе? Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.

 Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып келеді.

 Құс: Тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы, қырықпаңдаршы. Ей, адамдар, неткен қатал едің, аясаңшы мына ағашты. Не жазды саған орман байлығы? Саған Алла сана берген жоқ па еді? Неге кесесің ағашты, орманның керегі жоқ па еді?

Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.

Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырықпай-ақ қояйықшы.

Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны. Ай, сенде, нәзік жүрек. Мә, саған.

(Әкесі құсты таспен атып ұрады)

  Құс сахнаның алдыңғы жағына етпетімен құлағандай қимыл көрсетеді. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді. Көңілсіз әуен қосылады.

 Құс: Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала.

Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын,

Не көрінді? Не қалады артындағы ұрпағына.

Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,

Бас ұрып қара жерге сұлағанын.

Сарғайып жапырағы өлімсіреп,

Байғұстың кім тыңдады жылағанын.

















«БҚОӘББ Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК



«Бекітемін»

ОӘБ бойынша директордың орынбасары

______ Ә.Н.Утебаева

«___» ________2016 жыл



«Қазақ тілі» пәні бойынша

АШЫҚ САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ:  «Адам және табиғат. Қос сөздер»

Дайындаған: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы :Нуртаева Л.К.

Орал – 2016жыл


Тілдер ПЦК отырысында «Келісілді»

қаралып, талқыланды. Колледж әдіскері

ПЦК төрайымы

Қайырлиева.А.М _______А.М.Мизамова «____» ________ 2016ж. «___» ________2016жыл











































































-75%
Курсы дополнительного образования

История моды

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Адам және табиғат. Қос сөздер» (340.04 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт