Меню
Разработки
Разработки  /  Обществознание  /  Планирование  /  5 класс  /  Адалдық пен кең пейілділік

Адалдық пен кең пейілділік

Адалды? пен кіші пейілдік кіші жастан т?рбиелеуге т?рарлы?.Балалар адалды??а ?йренеді. Б?л адам ?шін ерекше ?асиет

26.03.2017

Содержимое разработки

Оңтүстік Қазақсан облысы, Ордабасы ауданы ,Шұбарсу ауылы

Өзiн-өзi тану сабағы

Мектеп:М.Исламқұлов жалпы орта мектеп Мерзімі : 01.03.2017ж

Тақырып: № 23 Адалдық пен әділдік

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: өз-өзіне сенімді болу, әділеттілік,басқалар туралы жамандық ойламау.
Мұғалiм: Садирова Мейрамгул Мусакановна Сынып: 5 Оқушылар саны: 24


Сабақтың мақсаты: оқушыларды адалдық пен әділдік ұғымдары туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға адалдық пен әділеттік ұғымын өз-өзіне сенімді болу қасиетімен байланыстыра отыра үйрету;

-оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы әділеттілік қасиетін дамыту;

-оқушыларды басқалар туралы жамандық ойламауға тәрбиелеу.


Ресурстар:



Сурет , маркер,түрлі –түсті бояулар.

Сабақбарысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

5Т- ережесін еске түсіру.

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртін деп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ойлар келеді. Нұр бірте-бірте қарқын жене шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағымызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарыңызға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... нұр менің ішімде...Мен нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әлем қалпында сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рақмет.

Ескерту:

5 «Т» ережесін сақтау.

(тәртіп,талап,

тазалық,тату- лық,тыныштық)


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№1. Оқушы дәптерінің 44-45 беттеріндегі 2-тапсырманы аяқтау.

№2. Оқулықтың 139-140 беттегі «Ұстаздың шәкірттерін сынау» аңыз әңгімесін оқып келу.

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Ұстаз шәкірттерін қалай сынады?

2.Шәкірттің «өз ұрлығымды ішім біліп тұрады ғой» дегенін қалай түсінуге болады?

3.Ұстаз шәкіртіне қандай жауап айтты?

4.Өз іс-әрекетіңе ішіңнен қысылып,ұялған кезің болды ма?

5. Бұл аңыз әңгіме қай құндылыққа жатады?





4.Дәйексөз.

«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен

адамнан артық ешкім жоқ»

Ш.Уәлиханов

1.Жеке оқыту;

2.Қыз балаларға және ұл балаларға бөлек оқыту;

3.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Адалдықтың таза ниет,ақ көңіл,имандылық қасиеттен туындаған адам екендігін айтады.Әр адамның өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап,оны адал ниетпен орындай алуы мәдениеттілікті көрсетеді.Әрқашан әділ сөйлеп,шынайы пікір білдірген адам ғана адал бола алады.

Ш.Уалиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.Шоқан да Кенесары сияқты Абылай ханның ұрпағы.Азан шақырып қойған есімі- Мұхамедханафия.Жастайынан бала болып ойнағаннан гөрі, әжесі Айғанымның қасында отырып,әңгіме,қис-саларды тыңдағанды ұнатқан.Бес жасында хат таныған.







Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат).


Екі дос

Аңыз әңгіме

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін.Бірінің отбасы,балалары бар,ал екіншісі жалғыз басты еді.Күн батқанға дейін жұмыс істеп,достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын.Бір күні жалғыз басты адам «Ішінен өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болады, мен жалғыз тұрамын.Сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлады.Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің қасындағы сарайға апарып отырды.

Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды.Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын ешкім болмайды» деп ойлайды.Осылайша Бұл да түн жамылып, үйден шығып,досының қамбасына өнімді салып тұрады. Алайда,қорадағы қаптардығ саны неліктен азаймайтынына екі досы да түсінбей жүреді.Бір түні бір-бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді.Қаптарды жерге қоя салып,достар құшақтаса кетеді.


Әңгімелеу бойынша сұрақтар.

1.Әңгіменің мазмұнынан не ұғындыңыздар?

2.Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңіздер?

3.Адал адам бойында қандай қасиеттер болады?

4.Өз достарыңа қалай көмектесіп жүрсіздер?

5.Бұл аңыз қай құндылыққа сәйкес келеді?















Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


1-топ.Адалдық пен әділдік жайлы мақал-мәтелдер жазу.

2-топ.Сурет бойынша мәтін құрастыру.

3-топ. «Адалдық борышың» эссе жазу.

4-топ.Өз ойларыңды жалғастырыңдар.

Әділдік дегеніміз ол: I-топ. Адалдық пен әділдіктің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын тауып жазу.

II-топ. «Достық қарым - қатынас» суреті бойынша мәтін құрастыру.

III-топ. «Адалдық борышың» эссе жазу.

IV-топ.Өз ойларыңды жалғастырыңдар.

Әділдік дегеніміз ол:


Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар



Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.






Үй тапсырмасы.

№1.Оқулықтағы 141- 142 беттегі берілген «Қаз дауысты Қазыбектің шешімі» атты аңыз әңгімені оқып келу.

№2.Оқушы дәптерінің 44 бетіндегі 2-тапсырманы аяқтау.




Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерімізді жүрегімізге сақтайық.

Пайдаланған әдебиеттер.

1.Өзін-өзі тану1-11 сыныптарға арналған бағдарлама.

2.Оқулық өзін-өзі тану 5-сынып «Бөбек» Алматы 2016ж 141-142 беттер.

3.Мұғалімге арналған өзін-өзі тану әдістемелік құрал 5- сынып «Бөбек» Алматы 2016ж

4. Өзін-өзі тану оқушы дәптері.

5.Өзін-өзі тану мұғалімге арналған хрестоматия. Алматы 2013ж 55 бет.



































-80%
Курсы повышения квалификации

Методика преподавания философии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Адалдық пен кең пейілділік (29.88 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт