Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Уроки  /  Прочее  /  А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі

А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі

А. Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығын, өлеңнің мазмұнын ашу, автор бейнесін тапсырмалар арқылы анықтау.

08.12.2018

Содержимое разработки







«Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Сабақтың тақырыбы:

А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі







Пән мұғалімі: Г. Б. Джуркабаева





Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі

Мақсаты: А. Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығын, өлеңнің мазмұнын ашу, автор бейнесін тапсырмалар арқылы анықтау.


Әдіс-тәсілдері: «Бес қадам», «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы», қалыптастырушы тапсырмалар


Кіріспе

Әдебиет сабағынан 5 сыныпқа жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ашық сабақ өткіздім. Сабағымды бастамас бұрын оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау мақсатында сұрақтарға жауап алдым.

Әрбір адам... (туысым, досым, жұрағат)

Әрбір сабақ... (үйрену, ұғу, ұлағат)

Әрбір ісім... (тірлік, тірек, адамдық)

Әрбір сөзім... (шындық, бірлік, адалдық)

Осы сұраққа жауап берген соң сыныпты 3 түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлдім. Топтар 1, 2, 3, топшаларға бөлінді.

Топ мүшелерінен үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында «Бес қадам» әдісін қолдандым. Әр топтан бір оқушы ортаға шығады, оқушыға бес сұрақ қойылады, әр сұраққа жауап берсе бір қадамнан алға жылжып отырады. Егер сұраққа жауап бермесе сол орнында қалады.

  1. А. Байтұрсынұлы нешінші жылдар аралығында өмір сүрді?

  2. Қандай жинақтары бар?

  3. Мысалдарын ата?

  4. Шығармаларының мақсаты?


Келесі кезекте жаңа сабақты бастамас бұрын бейнебаян көрсетілді. «Адамдық диқаншысы» өлеңін тыңдатып болған соң, оқушылар өлеңді жатқа айтып береді. Келесі екі топ мүшелері мәнерлеп оқыды. Осы өлеңді негізге ала отырып 3 топқа 3 тапсырма берілді.

1-топқа: А. Байтұрсынұлының бейнесін ашу.

2-топқа: «Адамгершілік» сөзіне кластер құрастыру.

3-топқа: «Венн диаграммасы» Асыл, жасық деген сөзді салыстыру, ортақ қасиетін табу.



Әр топ мүшелері топқа берілген тапсырмаларды орындап, ортаға шығып қорғап берді.

Өлеңді негізге ала отырып, топтарға сұрақтар қойылды, сұрақтардың жауаптарын өздерінің ойларын қосып, мәліметтер келтіре отырып жауап берді.

1.Өлеңдегі адамдық диқаншысы, адалдық нұрын себуші кім?

2. Ақын кімге қызмет етуді қалайды?

3. Адамның қандай қасиеттерін көрсетпек болған?

4. «Жасық болмай, асық бол» дегенді қалай түсінесіңдер?



Келесі кезекте өлең жолдарындағы сөздермен жұмыс жүргізілді. Мағынасын айтып, дәптермен жұмыс жүргізді. Дәптерлеріне жазып алды.

Диқаншы- егінші, егін кәсіпкері

Зейнет-еңбек рахаты, жемісі, игілік

Бейнет-азап

Жасық-1) семіз емес, өте арық ет;

2) жігерсіз, ынжық, былжыр.


Сабағымызды ары қарай «Суреттер сөйлейді» әдісімен жалғасты. Суреттер көрсетіледі не туралы екенін айтып, бүгінгі күнмен салыстырады. Топ мүшелері өздерінің ойларын айтып шықты.


Осыдан келіп шығатын мақал –мәтелдермен «Бейнет түбі-зейнет» деп қорытындылады.


Ары қарай сергіту сәтінде өлең жолдарын хормен айта отырып, іс-әрекетпен, іс-қимылмен көрсетті.

Мынау- менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау- басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау- менің оң қолым,

Мынау- менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.



Сабағымызды бекіту мақсатында топ мүшелерімен жеке жұмыс жүргізілді.

Топ мүшлеріне қалыптастырушы бағалауға байланысты тапсырмалар берілді.

А4 парақшасы таратылды. Әр оқушыға 3 тапсырмадан берілді. Білім алушы

дискриптор негізінде тапсырмаларды өлеңге сүйене отырып, орындады.





Орындаған тапсырмаларын топта, жұпта талқылап, жеке-жеке сұралды. Топ мүшелері тапсырмаларды орындап шықты.

Қорытынды:

Үйге тапсырма: «Авторға хат жазу»

Топ мүшелері сабақ барысында тапсырма орындауына байланысты кері байланыстар беріліп отырды. Топ басшылары тапсырма орындауда топ мүшелерін бақылап, тоқталып, сын-пікірлер (талпындың, жарайсың, жақсы, өте тамаша т.б.) айтылды.

Кері байланыс:


Мына сұрақтар бойынша топ мүшелері стикерге өздерінің ойларын жазып, жабыстырды.





-80%
Курсы повышения квалификации

Современные методики повышения скорости чтения

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі (1.87 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт