Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мәтіннің түрлері туралы түсіндіру, білімділікке, тапқырлыққа баулу;
Дамытушылық: ақыл-ойын, логикалық жаттығулар жүргізу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, көркем жазуға, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі:дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап,әңгімелесу, ойын, тірек сызба,жаттығулар
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақ тың көрнекілігі: интерактивті тақта, дидактикалық материал
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Дөңгеленіп тұрамыз, Керегені құрамыз. Уық болып иіліп, Киіз үйді құрамыз
. ІІ. Топқа бөлу (Күзгі жапырақтарды жинау ойыны) ІІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау
Дауысты дыбыстың қандай түрлері бар. Дауыссыз дыбыстың қандай түрлері бар.
ІҮ. «Кім тапқыр?» ойыны
Төңкеріліп тұрған әріптерді тастап,оқысаң бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. 1. Мәтін деген не?
Мәтін мағына жағынан байланысты екі не одан да көп сөйлемнен тұрады. Мәтінге ат қоюға болады.
2. Мәтіннің қандай түрлері бар?
Мәтінің түрлеріне әңгімелеу, сипаттау, пайымдау жатады.
3. Мәтіннің бөлімдерін ата. Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңы болады.
4. Мәтіннің үш түріне жеке тоқтал.
І. Топ. Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді.
ІІ. Топ. Сипаттау мәтіні бір нәрсені, затты сипаттайды және қандай? Сұрағына жауап береді.
ІІІ. Топ. Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? Сұрағына жауап береді.
Ү.Жаңа сабақ
1-жаттығу. Интерактивті тақтада берілген мәтіндердің түрлерін ажырату.
І. Топ.Алматы қаласының суреттерін көрсету.Бұл қай қала?
Мәтінді оқыту.
Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан қазақстанның ірі қаласы.Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың атауы «Алманың атасы» деп аударылды.
Неге олай ойлайсың? Түсіндір.(Әңгімелеу)
ІІ. Топ. Күз белгісін ең алдымен аққайың сезеді.Өйткені, басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды.
Неге олай ойлайсың? Түсіндір.(Пайымдау)
ІІІ. Топ. Арпа бір жылдық шөп тектес өсімдік. Ол астық тұқымдастарға жатады.Оның сабағы түп-түзу, жіңішке. Масағы төрт немесе алты қырлы
. Неге олай ойлайсың? Түсіндір. (сипаттау)
2- жаттығу (ауызша)
Мәтінді оқы. Оған ат қой. Мәтіннің қай түріне жатады?
Сергіту сәті
Аппақ болып таң атты, Түтін тік боп шығады. Қарлығаштар қанатын, Самғап биік ұшады. Қоюланып қара бұлт, Төкті жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып, Бұға қалды көбелек.
3-жаттығу.Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрастыру.
Шөп сарғайды. Біз жылы киімімізді кидік. Күн суыта бастады. Күз келді. Құстар жылы жаққа ұшып кетті.Ағаштың жапырағы түсті.
Жұмбақ ойын. «Бұл қай құс»
І топ.Бұл өте сүйкімді , бауыры ақ, пайдалы.Бір жылда миллион құрт жейді. Ұясын адамға жақын жерге салады.Бұл құсты адамның досы деп те атайды. Ендеше, бұл қай құс? (қарлығаш)
ІІ топ.Бұл құстың тұмсығы ұзын ,ағаш діңінде отырып, тұмсығын дінге тоқ-тоқ соғады. Ағаш қабығындағы құрт, көбелектерді тазалайды. Бұл құсты емші құс деп те атайды. Бұл қай құс? (Тоқылдақ)
ІІІ топ. Өте пайдалы,өте сақ құс. Маңына ешкімді жуытпайды. Бұл құстың ұшуы да ерекше, ол ауада ұшпай бейне бір таңғажайып мұхитта жүзіп «сүңгіп» жүргендей әсер қалдырады. «Құсты ұшқанына қарай біл деген мақал тура осы құсқа айтылғандай.
Ендеше, бұл қай құс?(сауысқан)
Сабақты бекіту:Тірек сызба арқылы оқушылардың түсініктерін тиянақтау.
Сұрақ – жауап әдісімен қорытынды жасау.
Басы
Әңгімелеу

Сипаттау
Негізгі бөлім
Соңы
Пайымдау

Сабақта белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
№148 қазақ орта мектебінің
2 «В» сынып оқушысы
...............................................................
қазақ тілі (фак) пәніне арналған
дәптері





7 саны апта күндері (383.5 KB)

