Фанфар беріліп ортаға жүргізушілер шығады.
1-Жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2-Жүргізуші:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
1-Жүргізуші:
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
2-Жүргізуші:
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Мерекелік салтанатымызды ашық деп жариялаймыз.
(Гимн орындалады)
1-Жүргізуші:
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Мерекелік құттықтау үшін сахна төріне директордың уақытша міндетін атқарушы: Турысбеков Бақытжан Ырысбекұлын шақырамыз.
2-Жүргізуші:
Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір, бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады.
Келесі сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Муталиева Айнур Абдикадировнаға береміз.
(Құттықтау сөз)
2-Жүргізуші:
Қазақстан! Бірлік пен ынтымақтың, бостандық пен бақыттың, еркіндік пен ерліктің қасиетті жері. Қазақстан!Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі отандастар тебіреніспен, ерекше екпінді леппен, шынайы салтанат сезіммен айтады.
1-Жүргізуші:
Тәуелсіздік! Туы бекем тұр елім,
Жұмыр әлем жұдырықтай жүрегім.
О,Халайық, қуанышқа шашайын,
Ел бірлігін айқындайтын той биін.
(қазақ биі биленеді)
2-Жүргізуші:
На сегоднешнем празднике главным
Высоких и радостных чуств не тая
Мы величаем Казахстан наш славный
Где наша любовь родилась и семья!
(музыка фоны өзгеріп, орыс биі биленеді)
1-Жүргізуші:
Кел, бауырым той, мереке жасайын,
Саған ыстық құшағымды ашайын.
Шарықтайық, шырқап қанат қағайық,
Шыңдарына жарқын өмір нұрының.
(музыка фоны өзгеріп, корей биі биленеді)
2-Жүргізуші:
Мы спеснею праздник встречаем
И день улыбается нам
И славим тебя, величаем
Цветущей, родной Казахстан!
(музыка фоны өзгеріп,әзірбайжан биі биленеді)
1-Жүргізуші:
Сен дәм бердің менің су мен наныма,
Сен қан қостың тамырыма, қаныма.
Барлық ұлтты туыс еттің халқыма,
Оған бүгін жердің жүзі танымал.
(музыка фоны өзгеріп, ұйғыр биі биленеді) 
2-Жүргізуші:
Мы создали с вами народную Славу,
Любовь нашу, мира весну.
Казахстан – великую державу
Любимую нашу страну.
(музыка фоны өзгеріп, татар биі биленеді)
1-Жүргізуші:
Жаралған ұят, ар-намыстан,
Азаттық жолында алысқан.
Достықтың киелі мекені,
Сүйікті Отан – Қазақстан.
(музыка фоны өзгеріп, түркмен биі биленеді) 
2-Жүргізуші:
Над Землей небо синее
К солнцу рвутся тополя
Вмире есть место красивее
Но мне роднее мой Казахстан
Моя Земля!
(музыка фоны өзгеріп, грек биі биленеді)
1-Жүргізуші:
Ел ұрандап,қағып достық дабылын,
Көшеменен лек-лек болып ағылды.
«Мәңгі достық, бірлік» деген үнменен,
Бейбіт өмір барабаны қағылды.
(музыка фоны өзгеріп, грузин биі биленеді)
2-Жүргізуші:
Достар биін билегенде халықтар,
Ұлы дүбір бар әлемге шарықтар.
Мамыр айы бейбітшілік бастауы,
Берекені болашаққа алып бар.
(музыка фоны өзгеріп, өзбек биі биленеді) 
1-Жүргізуші:
Шаттық үнім шабытымды шыңдайды,
Жоламағай көңіліме мұң-қайғы.
Жүз жүректе тербеледі бір тілек,
Бәрі де оның достық жырын жырлайды.
(музыка фоны өзгеріп, украин биі биленеді)
2-Жүргізуші: Әр халықтың, әр ұлттың, адамзат қоғамының ертеңгі күнге үміт артар сенімі де, өмірі де балалар. Бүгінгі сәби — ертеңгі ұрпақтың жалғасы, біздің болашағымыз, Қазақстанның жарық жұлдыздары.
(Балабақшалар бүлдіршіндерінің биі)
1-Жүргізуші:
Мерейі өссе шарықтап көкке ұшқаным,
Ақ саумал ессе, сеземін өбіп, құшқанын.
Болашақтарға болаттай бекіп жол тартқан,
Сүйемін мәңгі, сүйемін сені,Қазақстаным!
(Қазақстан туралы ән орындалып, барлық бишілер би билейді) 
2-Жүргізуші:
Республикам — менің ырысым!
Қиындықтардан қайыспай өткен құрышым!
Жаралған өлкем, жалыны шалқар жыр үшін,
Тыныштығыңмен ұнайды асқақ тұрысың.
1мамыр -Қазақстан Халықтарының бірлігі күні
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
1-Жүргізуші:
Қазақстан халықтарының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.
Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды.
Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.
2-Жүргізуші:
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
1 мамыр – Қазақстандағы 21 жылда құрған негізгі мереке.
1-Жүргізуші:
1-мамыр Тәуелсіз елімізде «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі ретінде 1996 жылдан бері тойланып келеді. Қазақстан үшін айтулы мереке мүлде жаңаша мән-маңызға ие. Бұл мейрам бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні деген мазмұнда жалғасын тауып, көпэтносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды. Жыл сайын атап өтілетін мерекеге еліміз былтырғы жылы ерекше ықылас танытқанды.
2-Жүргізуші:
Себебі ел Тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ еш бүзылмай, түрлі ұлт бір шаңырақ астында бақытты өмір сүріп келді. Бүгінге дейін түрі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір, діні басқа ділі бір жүз отыздан астам ұлт өкілдері Қазақ елін өз туған жұртындай көріп, еш жатсынбады. Бұның барлығы біздегі берік саясаттың үлкен жетістігі.Түрлі ұлт өкілдері мекен ететін елімізде өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында көптеген іс шаралар да жүзеге асуда. Осы мақсаттта Қазақстан халықтары ассамблеясы да өз жұмысын үздік атқаруда. Халық бірлігінің арқасында әлемдік дағдарысқа мойымай, дамуға бет алды.
І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенгн елміз!
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүіегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»
І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
ІІ жүргізуші: Хор «Атамекен»
І жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусаев Арман Қонысбайұлына беріледі.
ІІ жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар

1мамыр -Қазақстан Халықтарының бірлігі күні (849.4 KB)

