Күні:11.10.16ж.
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі:ҚМҰҚ
Тақырыбы: 1 саны және цифры.
Мақсаты: 1 саны мен және цифрымен таныстыру, бір затты анықтай алуға үйрету,заттардың белгілерін тауып ,оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру, зейіндерін дамыту.Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі –құралдар: Суреттер
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру.
| Оқу іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық - қызығушылық | Сәнденіп даламыз, сәулетті қаламыз, Сәулеңмен құлпырды, Сәлем, Күн – анамыз! Сәлеметсіңдер ме, балалар!
| Тыңдайды, сәлемдеседі. |
| Ұйымдастырушылық-ізденістік | 1-тапсырма « Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы. Үстел үстіне 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды қою.Бір баланы шақырып кез келген цифрды алдырып ,сол туралы өлең оқытқызу. 2-тапсырма Цифрларды сәйкес келетін суретпен қосу. 3-тапсырма « Сан және цифр» ойыны. Саны жағынан әртүрлі заттардың суреті бар карточкаларды кезекпен көрсету. Балалар тиісті цифр жазылған карточканы көрсетуі тиіс. 4- тапсырма. 1 санымен таныстыру. 1 санын ауада жаздыру. 1 санын таяқшамен құрастыру. Дәптермен жұмыс: Нүкте арқылы 1 санын бастырып жаздыру.
Сергіту сәті. Бәріміз біргеміз, Оңға бір қадам, солға бір қадам. Шапалақ ұрамыз. Алға бір қадам, артқа бір қадам. Шапалақ ұрамыз
5-тапсырма Үй мен жұлдызшаның арасында ,қолшатыр үстінде, жұлдыздың астында, саңырауқұлақтың үстінде не тұрғанын сұрайды. |
Өлең оқиды.
Қосады.
Көрсетеді.
Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәтін жасайды. |
| Рефлексиялық – түзетушілік | Бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай тапсырмаларды орындадық. Мақтау, мадақтау. | Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1 санын және цифрын.
Игереді: Цифрларды заттың санымен сәйкестендіруді.
Меңгереді: Заттың орналасқан орнын табуды , сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде,ортасында.

1 саны және цифры. (20.75 KB)

