Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  3 класс  /  Жылы жүрек-жақсы тілек

Жылы жүрек-жақсы тілек

Өзін-өзі тану 3-сынып, бастауыш сынып Жылы жүрек-жақсы тілек

25.02.2018

Содержимое разработки

Сабақ: Жылы жүрек – жақсы тілек

Мектеп: «ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Каумеова Сания Кусановна.

Сынып: 3 «Б»

Қатысушылар саны: 15

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Жақыныңа жақсы тілек тілеу арқылы қиянат жасамау құндылығын дамыту туралы түсінік беру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы істей алады: өз ойларын жеткізе алады

Көпшілігі істей алады: постер істей алады

Кейбірі істей алады: 5 жол құрастыра алады

Тілдік мақсат


Алдыңғы білім

Дос болайық. Бәріміз!

Жоспар

Басы







Ұйымдастыру кезеңі


Сабақ барысында:

Тыныштық сәтi.

Су түбіңе саяхат

Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.

Біз сіздермен теңіз түбіңе саяхатқа барамыз. Ақырындап орындарыңан тұрып, кабинеттен шығып, далаға шығамыз. Қараңыздар алдарыңызда теңіз. Елестетіңіз, сіз теңіз жағалауымен келе жатырсыз. Жалаңаяқ жүріп, құмның жылуын сезіп келе жатырсыз. Теңізге қараңыздар, сіздер бір қара нүкте көріп тұрсыздар. Ол жақындаған кезде сіз ол қара нүктенің дельфин екенін көрдіңіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхатқа апаруға келді. Дельфин ең адал жануар. Сіз ақырындап дельфиннің үстіне отырып, қатты ұстап алыңыз. Сізді дельфин ақырындап теңіздің түбіне жүзіп алып келе жатыр. Жан жағынызға қараңыз, әр түрлі балықтар. Оң жақтарыңызға қарасаңыздар қып – қызыл балдырлар, сол жақтарыңызға қараңыздар сары, көк түсті балықтар. Сізді дельфин ақырындап осы балықтардың арасымен жүзіп алып келе жатыр. Қараңызшы алдыңызда сегізаяқ. Өзі сондай үлкен. Теңіз түбі қандай ғажап десеңізші. Теңіздің түбіндегі тыныштықты сезіндіңізбе? Осы тыныштықта бір сәт отыра тұрыңыз. Енді артқа қайтуға дайындалыңыз. Дельфин сізді теңіздің бетіне алып келе жатыр. Теңіз бетіне шыққанда беттерңізге самал желдің үрлеп тұрғанын сезіндіңіздер. Дельфин сізді теңіз жағалауына алып келді. Сіз ақырындап дельфиннен түсіп, оған өз ризашылықтарыңызды білдіріңіздер. Оны сипаңыздар. Жылы құммен ақырындап артқа жүріңіздер. Мектептің есігінен кіріп, өз кабинетімізге ораламыз. Өз орындарына отырыныздар.

Сұрақтар

  1. Көз алдарыңызға не елестеді?

  2. Қандай сезімде болдыңыздар?

Ортасы























































































































































Рефлексия

Жаңа тақырып: -Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Жылы жүрек – жақсы тілек »деп аталады.

3.Жағымды ой-пікір. (дәйексөз)

-Оқушылар бәріміз тақтаға назар аударайық. Тақтада дәйексөз берілген.

«Жақсы сөз – жан жылытар»

Халық мақалы

- Сендер осы халық мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Жақсы сөз дегенді қалай түсінесіңдер?

Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады

Әңгімелеу (Мұғалімнің сыйлығы) Қандай тілек жақсы?

Сол күні Амантайдың апасының қас қабағы келісіңкіремей отырды.-Балам, бүгін мазам кетіп шаршап тұрмын. Шайды өзің қамдап қоямысың? Күнде қапырық болды ғой. Мен аздап жантайып тұрайын.Амантай зыр жүгіріп, шай әзірлеп, апасының бетіне де жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына, тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кейде жүрегі жиі- жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетті. Жарқ- жұрқ найзағай жарқылдап,күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты,күбір күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдай қойды.«-Жасаған ием,құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарым жан көңілдерінің жұбанышын көпсін бе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерің жәутеңдете көрме!»-деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл тегіл жас жуып, үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта дүрс- дүрс соғып, зәресі ұшты. Әне бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды әкелеп жүргенінде мұның іші әлем жәлем қызғанышқа толып, көңіліне көпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті.

-Апа ,біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес, ә?

-Әрине балам. Досың түгілі қасына да жаман тілек тілеуге болмайды -деді анасы.

-Апа енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады?

-Балам түн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқанының өзі сол адамға ақ ниет тілегенің.Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа, балам!

-Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?

- Неге жақсы ойлауымыз керек?

-Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?

  • осы баланың орнында болсаңдар әке өсиетін дұрыс түсінесіңдер ме?

Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс

Тақтада күн шуағын бұлттар жауып тұрады. Әрбір бұлттың 

бетіндегі тапсырманы орындаса,күннің көзі ашылып  отырады. 

1-тапсырма тақпақ құрастыру әр топ 1-топ.

Жақсылықта үйреніп

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.







2-топ.

Жақсы адам көңілі күн

Жанға сәуле түсірген

Нашар адам көңілі түн

Кеудеден отты өшірген

3-топ

Талпын жақсы болуға

Күндей сәуле шашатын.

Білім іздеп өнер тап

Түнді күндей ашатын.

2-тапсырма Ситуациялық жағдаяттардың шешімін әр топ табады.

1.Әр топтан бір білім алушы ғана қатысатын байқаудың болғалы жатқанын, естіп, өзіңді бірінші барып тіркетіп қойғаныңды топтастарың біліп қойып, ренжіп қалды. Сені ең бірінші болып кешіретін үш топтасыңның ата.

2.Топтағы екі бала өзара сөзге келісіп, қатты ренжісіп қалды делік, араға түсіп, екі жақты да тыныштандырып, татуластыруғау күш салатын екі топтасыңды ата.

3.Дене тәрбиесі сабағы басталар кезде, бір жиһазды бәріңіз бүлдіріп алдыңыздар. Ал оқытушы келгенде бірінші болып кім мойындар еді. Бір білім алушыны белгіле. (кім көп дауыс жинаса, ол «ең кешірімді, ең кең пейілді адам» деп марапаттау)

1.Сіздің сынып серуенге шығуға жиналды, бірақ сіздің жан досыңыз ауруханаға түсті де сол күні оған барып шығу керек болды. Сіз ауруханадағы досыңызға барасыз ба немесе сыныптастармен досыңызға барасыз ба?
2. Аялдамада сізбен бір әже сөйлесті. Сіздің сөйлесуге көңіліңіз жоқ. Сіз мейірімді, жылы жүзді болу ниетімен әңгімені жалғастырасыз ба немесе үзіп жібересіз бе?

3. Сіз мысықтың баласын үйге келе жатырғанда тауып алдыңыз. Бірақ ата – анаңыз оны үйге әкелуге рұқсат етпейді. Егер сіз мейірімді болсаңыз, сонымен қатар ата – анаңыздың қойған талабын бұзбай сіз қандай қылық жасаған болар едіңіз?

3-тапсыпма Топпен ән айту.

Достар әні.

Сөзі: Фариза Оңғарсынова

Әні: Айжігіт Асанов

- Ал, енді балалар, Достар әнін орындайық.

(әннің сөздерін таратамын, музыка қосылады)

Оқушылар жүрек стикеріне жылы жүректеріндегі жылы тілектерін жазып жұрекке жапыстырады

Үй тапсырмасы беру

Соңы

Дәйексөз жаттау

Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка ойнайды. Балалар көзімізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.



Жағымды ой-пікір Бірлесіп, ақылдасып тапсырманы табуда




Ситуациялық жағдаяттардың шешімін әр топ ойлануда

-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жылы жүрек-жақсы тілек (312.3 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт