Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
а)Түзете-дамыту: Жыл мезгілдері туралы мәлімет беру, жыл мезгілдерінде болатын өзгерістер туралы ұғым қалыптастыру, артикуляциялық, ұсақ моторика жаттығуларын орындату. Буындардан сөз құрауға үйрету, сауатты көшіріп жазу дағдыларын қалыптастыру. Сабақта АКТ-ны қолдану.
ә)Тәрбиелігі: адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: бояулар, буын топшамалары, магнитті әріптер, қиынды сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу.
- Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
ІІ.Негізгі бөлім
Ринолалия
Стрельникованың «Погончики» жаттығуы,
«Тыңдамайтын тіл» -тілді жалпақ етіп, қозғамай ұстап тұру үшін, ауызды кең ашып, тілді астыңғы ерінге қойып, шығарып ұстап пя-пя-пя деп 5-10 шейін санап айтқызу керек. Жаттығуды орындау кезінде мынаған көңіл бөлу қажет: тіл жалпақ, тілдің екі жағы ауыздың екі шетіне тиіп тұруы керек. Демді ұстап тұрмай, толық дем шығарған кезде пя-пя-пя деп бірнеше рет қайталау қажет.
«Тоқылдақ» тілді жоғары көтеріп ұстап, тілдің ұшын қатты таңдайға үнсіз соққылау. Нұсқау: тілдің ұшы үстіңгі азу тістердің артына қатты таңдайға тиеді, ауыз қуысынан шықпайды. Тілдің ұшын бүкпей, түзу ұстау керек. Астыңғы жақ пен ерін қимылдауы қажет.
«Күрекше»- жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып 10-15 секунд ұстап тұру керек. Тілді қимылдатпай ұстап тұруын қадағалау керек.
[К], [Г], [Х], [Қ] дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтуға үйрету. Мазмұнды суреттердің ішінен [К], [Г], [Х], [Қ] дыбыстарынан басталатын суреттерді тап.
ЖТК ІІ-ІІІ деңгейі
1. Берілген сөздердің ішінен жоғалған дыбысты тауып орнына қой. Мыс: К...з, сал...ын, жаң...ыр, таби...ат, қы..., ж..з, көк...ем, т.б.
Тақырыптарға байланысты буындардан сөз құрауға үйрету. Мыс:
Көк+тем, та +би +ғат, жаң+быр, т.б.
Дыбыстық жат жазу жұмысын жазып үйрету. (Дауыссыз дыбыстар қатары). Сауатты көшіріп жазуға үйрету
Тақырыптарға байланысты бір,екі буынды сөздерді қосып оқуға үйрету. Мыс: жыл мезгілі, қар жауды, күн күркіреді, т.б.
ІІІ. Сергіту сәті
Мынау - менің оң қолым.
Мынау – менің сол қолым.
Бір, екі, үш.
Демаламыз отырып.
ІV. Қорытынды бөлім
Бүгінгі сабағымызда не туралы әңгімелестік?
Сіздер сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?
Сабақ сіздерге ұнады ма?


Жыл мезгілдері туралы не білеміз? (17.77 KB)

