Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  Прочее  /  Жүк багажын тасымалдау тарифі мен салымы

Жүк багажын тасымалдау тарифі мен салымы

Салмақ немесе орын бөлігі, сондай-ақ зақымданған жағдайда багажды алушы оны осындай түрде алуға келіссе, багаж алушыға беріледі. Квитанция станцияда қалады, ал багаж алушыға оның талабы бойынша орындарды ашқаннан және ішіндегі барын тексергеннен кейін ғана (алушы ұсынған тізімдемеге сәйкес) коммерциялық актінің екінші данасы беріледі, онда жетіспеушілік немесе зақымданғаны туралы мәліметтерден басқа алушының аты, әкесінің аты, тегі, мекенжайы және жарияланған құндылық сомасы көрсетілуі тиіс. Көрсетілген акт бойынша жолаушы (алушы) жөнелту немесе тағайындалған станцияға арыз-талабын бере алады, сондай-ақ іздеп табылған жетіспейтін багаж орындарын қайтып ала алады.

27.05.2018

Содержимое разработки

ЖҮК БАГАЖЫН ТАСЫМАЛДАУ ТАРИФІ МЕН САЛЫМЫ.

      151. Салмақ немесе орын бөлігі, сондай-ақ зақымданған жағдайда багажды алушы оны осындай түрде алуға келіссе, багаж алушыға беріледі. 
      Квитанция станцияда қалады, ал багаж алушыға оның талабы бойынша орындарды ашқаннан және ішіндегі барын тексергеннен кейін ғана (алушы ұсынған тізімдемеге сәйкес) коммерциялық актінің екінші данасы беріледі, онда жетіспеушілік немесе зақымданғаны туралы мәліметтерден басқа алушының аты, әкесінің аты, тегі, мекенжайы және жарияланған құндылық сомасы көрсетілуі тиіс. Көрсетілген акт бойынша жолаушы (алушы) жөнелту немесе тағайындалған станцияға арыз-талабын бере алады, сондай-ақ іздеп табылған жетіспейтін багаж орындарын қайтып ала алады.

      152. Талап-қуынымды қарау кезінде станция әрбір орынның жарияланған құндылығын немесе, егер бағалау барлық орындар үшін жалпы болса, жоғалған багаж бөлімінің тиісті салмағын өтейді. 
      Багаж зақымдалған немесе бүлінген жағдайда жолаушыға багаж бөлімінің немесе барлық багаждың құны қайтарылады. Егер багаждың бүлінуі оны жеткізу мерзімінің кешігуінен және ол құндылығын жариялаумен тапсырылған болса, жолаушыға бүлінген багаждың салмағына пропорционалды құны төленеді.

      153. Егер іздеп табылған багаж бойынша оның иесіне оның талап-қуынымы бойынша ақшасы төленген болса, багаж берілген соманы қайтару жағдайында ғана беріледі. 
      Егер багажды алумен барлық талап-қуынымдар жойылатын болса, онда акті багажды берген жолда қалады, ал талап-қуынымның бір бөлігі ғана жабылған болса, актінің көшірмесінде іздеп табылған багаж орындарын беру туралы станция бастығының қолы қойылып, белгі жасалады.
БАГАЖДЫ ҚАЙТА ЖӨНЕЛТУ

      154. Багаж тағайындалған станциясына келмеген жағдайда жеткізу мерзімі өтіп кеткен болса ал оны багаж квитанциясын ұсынушы багажды басқа станцияға қайта жөнелтуді талап ете алады. 
      Оның иесі багажды қайта жөнелту туралы алғашқы тағайындалған станциясының (вокзалының) бастығына жазбаша өтініш беруге тиіс, онда қай станциядан және қай станцияға дейін тасымалдауға багаж тапсырылғаны, орындар саны, орамның салмағы, түрі, багаждың жарияланған құндылығы, багаж жөнелтімінің нөмірі, багаждың жаңа тағайындау станциясының атауы және багаж иесінің нақты мекен-жайы көрсетіледі. Өтінішті алған станция бастығы (багаж бөлімшесінің қызметкері) багаж квитанциясының теріс жағына келесі мазмұндағы белгі жасайды: "... станцияға дейін багаждың уақытында келмеу себебінен оны қайта жөнелту туралы өтініш қабылданды". 
      Белгі күнтізбелік мөртабанмен және станция бастығының (багаж бөлімшесінің қызметкерінің) қолымен бекітіледі. Багаж квитанциясы жолаушыға (иесіне) қайтып беріледі. Бұл жағдайда жолаушыға (иесіне) айыппұл төленбейді.

      155. Багаж алғашқы тағайындалған станциясына келгеннен кейін станция бастығының атынан багаж иесінің атына жазылған жаңа багаж құжаттары бойынша қолма-қол оның қайта жөнелтілуі жүргізіледі. Жаңа жол багаж ведомосіне алғашқы багаж жөнелтімінің нөмірі көрсетіледі. 
      Қайта жөнелтілген багаж жаңа багаж ведомосі бойынша жіберіледі, ал жаңа багаж ведомосі қайта жөнелту туралы өтінішпен бірге квитанцияның түбіртегіне жабыстырылады да ескі жол багаж ведомосімен бірге есеп беру кезінде кері жіберіледі.

      156. Алғашқы тағайындалған станция багаждың келгені және қайта жөнелтілгені туралы иесіне қайта жөнелтудің уақыты мен жіберу квитанциясының нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды. 
      Жаңа тағайындалған станцияда багаж ақысыз беріледі, бұр ретте багаж иесінде алғашқы жөнелтуге берілген багаж квитанциясы кері қайтып алынады.

      157. Сондай-ақ багаж әлі келмеген және де оны жеткізу мерзімі өтпеген жағдайларда да багажды қайта жөнелтуге рұқсат етіледі. Бұндай жағдайларда жолаушының жазбаша өтініші бойынша багаж жаңа тасымалдау құжаттары бойынша тиісті төлемдер төленген багаж ретінде өтініште көрсетілген жаңа тағайындалған станцияға қайта жөнелтіледі (мекен-жайы өзгертіледі). 
      Төлемдер төленгеннен кейін жолаушыға алғашқы тағайындалған станцияда берілген квитанцияның орнына багаж квитанциясы беріледі, ол өтінішпен бірге багаж келгенге дейін станцияда сақталады.



-80%
Курсы дополнительного образования

Кухни мира

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жүк багажын тасымалдау тарифі мен салымы (52.1 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт