Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Презентации  /  1 класс  /  Жолда жүру презентация

Жолда жүру презентация

Тақырыбы: Жол және біз.

Мақсаты:

Білімділік – оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, көшеде дұрыс жүруін ескерту, қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге үйрету, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, өзін-өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүруіп тұруын, жол белгілері бойынша қиылыстан, бұрылыстан өтерде жол ережелерін есте сақтай білу қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік – жол белгілерін жатқа білуге, сақ болуға, мәдениетті сөйлей білуге, өзара достыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: слайд-шоу, шарлар, плакаттар, үлестірме қағаздар.

Барысы:

І. Кіріспе.

Сайыстың өткізілуіне байланысты қысқаша мағлұматтар. Әділ-қазылармен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

1) «Сұрақ-жауап» (әр топқа сұрақтар қойылады)

2) «Кім тапқыр?» (жұмбақтарды шешу, шешуін қағазға жазу)

3) «Кім жылдам?» (әр топқа тапсырма беріледі)

4) Үй тапсырмасы (әр топ үйден дайындап келген шығармасын оқиды)

5) Сергіту ойындары (көрермендермен)

ІІІ. Қорытынды.

Жол белгілері туралы түсіндірмелер.Әділ-қазылар шешімі.

І. Кіріспе.

Мұғалім: Қазіргі таңда адам өмірінде көліктің пайдасы мен маңызы зор. Ертеде көліктің орнына қазақтар ат пен түйені, үнділіктер пілді, өзбектер есекті, тау халықтары өгізді пайдаланған. Өркениетті дәуірде жануарлардың орнына қолайлы және тез арада жеткізетін көліктер мемлекеттер мен континенттердің бірігіп қатысуына қолайлы болып отыр.

Бір сәтте барлық көлік тоқтап қалса не болар еді?

Әрбір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Жүк тиеген машиналар, асыға қозғалып келе жатқан кез-келген көлік түрі адам өмірімен тығыз байланысты.Қала ішінде автобусқа, алыс жаққа баратын болсаңдар пойыз, ұшақ тәрізді көлік түрлеріне мінесіңдер. Жолда сендер әртүрлі адамды кездестіресіңдер, олардың әрқайсысы әр түрлі жұмыстармен жүреді. Осы кезде сендер бөтен адаммен қалай болу керек екенін білулерің керек. Ол үшін жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білу керек.Көліксіз жүріп-тұру мүмкін емес. Біз демократиялық құқықтық мемлекетте өмір сүретіндіктен әр адам құқықтарын білу керек. Қарапайым көшені алсақ, оның өзі бір заңдылықтарға бағынады.

Сондықтан да біз бүгін өздеріңізбен көше тәртібіне байланысты 2-сыныптар арасында «Жол және біз» атты сайыс өткізгелі отырмыз.Сайысымызға қатысушылар 2 «А,Ә,Б,В» сынып оқушылары, 4 топ, әр топта 4 оқушыдан.

2 «А» - «Жолаушылар» тобы

2 «Ә» - «Жас инспекторлар» тобы

2 «Б» - «Жүргізушілер» тобы

2 «В» - «Жаяу жүргіншілер» тобы

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай жалын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Ойынымыз басталады сәлемменен – дей келіп «Сұрақ-жауап» атты 1-сайысымызды бастаймыз.

«Сұрақ-жауап» (әр топқа сұрақтар қойылады, дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

  • Бағдаршам деген не? (Жол бойының қозғалысын реттейтін құрал)
  • Қай түс жанғанда машиналар жүреді? (жасыл)
  • Көлік күтетін жерді қалай атайды? (аялдама)
  • Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? (жүргіншілер)
  • Автобус тоқтайтын жерді не деп атайды? (аялдама)
  • Бағдаршамның «Қызыл» көзі не дейді? («Тоқта» дейді)
  • Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады? (14 жастан)
  • Бағдаршамда неше көз бар? (Үш көз бар: қызыл, сары, жасыл)
  • Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызық. (ақжолақ)
  • «Жолаушылар» деген кім? (көлікке мінетін адамдар)
  • Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)
  • Бағдаршамның «Сары» көзі не дейді? («Дайындал» дейді)

Сергіту сәті.

Кел, достарым,ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Босқа бекер тұрмайық,

«Бағдаршам» ойынын ойнайық!

Ойын «Бағдаршам»

Шарты: Бағдаршамның жасыл жарығын жаққанда, балалар аяқтарын жүрген сияқты бір орында тұрып қозғалысқа келтіруге тиіс. Сары жарықты жаққанда, ду қол шапалақтайды. Қызыл жарық жаққанда, бір орында қозғалмай тұрып қалады.

2. Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүрекке бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

2-сайысымыз «Кім тапқыр?» деп аталады. Барлық топқа бірдей жұмбақ жасырылады, әр топ жауаптарын алдарындағы қағазға жазады. Әр жұмбақтың дұрыс шешіміне 5 ұпайдан беріледі.

  • Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта, жүр» дейді. (бағдаршам)

  • Екі аяқты, бір ізді

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмен ол менің

Аяғымды жүргізді. (велосипед)

  • Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (полиция қызметкері)

  • Қозғамасаң – құлайды,

Сүйемесең – сұлайды.

Құйымшақта ері бар,

Бұл не деген жануар? (велосипед)

  • Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады. (бағдаршам)

3. Тап болмасын қасірет,

Күдер үзіп жалғаннан.

Көшені тек кесіп өт

Бағдаршамы бар маңнан.

Көше деген – тағылым,

Абай болсаң, жоқ қайғы.

Қай кезде де Тәңірің

Сақтанғанды сақтайды.

Сайысымыздың 3-кезеңі – «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл сайыста әр топқа бірдей тапсырма жазылған суреттер таратылып беріледі, жауабын көрсетіп, әділ-қазылар алқасына тапсырады.

1-сурет бойынша тапсырма: Көшедегі жағдайға байланысты бағдаршамның көздерін сәйкес түстермен боя.

2-сурет бойынша тапсырма: Жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалар салынған суретті жасыл түспен, ереже сақталмаған жерді – қызыл түспен белгіле.

Сергіту сәті.

Кел, достарым,ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Босқа бекер тұрмайық,

«Қызыл, сары, жасыл» ойынын ойнайық!

Ойын «Қызыл, сары, жасыл»

Бағдаршамның қызыл түсін көрсету Оқушылар орындарынан тұрады

Тоқта!

Бағдаршамның сары түсін көрсету Оқушылар екі жаққа кезек – кезек

қарап дайындалады Дайындал!

Бағдаршамның жасыл түсін көрсету Аяқтарын топ-топ басады.

4. Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары шамы жанғанда,

Сақ, абай бол барынша.

Жасыл жарық жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

4-кезеңіміз «Үй тапсырмасы» деп аталады. Өздеріңе алдын-ала тапсырма берілген болатын, яғни көше тәртібіне байланысты өлең дайындап келу. Әр топтан бір оқушы шығып оқиды.

ІІІ. Қорытынды.

  • Ал, балалар, ендігі кезекте жол белгілері туралы айтып кетсек. Барлықтарың мұқият тыңдаңдар. (мұғалім слайд арқылы түсіндірме жүргізеді)

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі – заңды тәртіп,

Ол ортақ! Үлкен – кіші, баршамызға – дей келе, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден

Сау-саламат жүреміз!

Тамашалап, тыңдағандарыңызға көп рахмет!

«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп»ММ

16.11.2017

Содержимое разработки

Мақсаты:  Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Көрнекілігі:  Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер. интерактивті тақта, суретті тест, блиц -турнир сұрақтары, жұмбақтар, мультфильм

Мақсаты:

Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 

Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер. интерактивті тақта, суретті тест, блиц -турнир сұрақтары, жұмбақтар, мультфильм

   Әдіс-тәсілдері:  сұрақ жауап,топпен жұмыс, ойын,оқушылардың шығармашылығы.

 

Әдіс-тәсілдері:  сұрақ жауап,топпен жұмыс, ойын,оқушылардың шығармашылығы.

ІІ. Қызығушылығын ояту . Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? Жаяуға қай жермен жүруге болмайды? Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? Бағдаршам туралы не білесіңдер? Сұрақ – жауап:

ІІ. Қызығушылығын ояту

.

Балалар көшеде жүру ережесін

білу бізге не үшін керек?

Жаяуға қай жермен жүруге

болмайды?

Көшеде жүру тәртібін кім

басқарады?

Бағдаршам туралы не білесіңдер?

Сұрақ – жауап:

ІІІ.Тарихтан тағылым Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,  Көрдің жұрттың тосқанын.  Сары жанды – дайындал  Айналаңа қарап ал.  Жасыл жанды – тыңдағын  Жолың ашық, тұрмағын.

ІІІ.Тарихтан тағылым

Жүргізуші:

Қызыл жанды, тоқтағын, Көрдің жұрттың тосқанын. Сары жанды – дайындал Айналаңа қарап ал. Жасыл жанды – тыңдағын Жолың ашық, тұрмағын.

Жол –қозғалыс үшін қолданылатын аумақ, көше, бұрылыс жер жолағы. “жол”деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын  аумақ ұғымын қамтиды. Жол көлік пен жүргіншілерге арналған деп, екі бөлікке бөлінеді . Жол және оның элементтері Жол жиегі Тротуар Қоршаулар

Жол –қозғалыс үшін қолданылатын аумақ, көше, бұрылыс жер жолағы. “жол”деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын

аумақ ұғымын қамтиды. Жол көлік пен жүргіншілерге арналған деп, екі бөлікке бөлінеді .

Жол және оның элементтері

Жол жиегі

Тротуар

Қоршаулар

Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге арналған жол”дегенді білдіреді. Тротуарда жүру тәртібі Жеке жүрсең: 1.Тротуардың оң жағын ала жүр. 2.Жүгірме,асықпай адымда. 3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме. 4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт. 5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр. 6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа. 7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра. 8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе.Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма. Топпен бірге жүрсең: 1.Қатардан шықпа. 2.Алысып,ойнама. 3.Жүгірме, секірме, итеріспе. 4.Шуылдама. 5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама. 6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.

Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге арналған жол”дегенді

білдіреді.

Тротуарда жүру тәртібі

Жеке жүрсең:

1.Тротуардың оң жағын ала жүр.

2.Жүгірме,асықпай адымда.

3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.

4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.

5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.

6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.

7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра.

8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе.Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.

Топпен бірге жүрсең:

1.Қатардан шықпа.

2.Алысып,ойнама.

3.Жүгірме, секірме, итеріспе.

4.Шуылдама.

5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама.

6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.

Жол жиегі Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны кейде бордюр деп атайды. Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайыдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.

Жол жиегі

Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны кейде бордюр деп атайды.

Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайыдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.

Қоршаулар  Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.  Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда,мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топталған тұстарында жанына қойылады.  Жол қозғалысы ережелерін, нағыз қасақан бұзушылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер. Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі. Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмайтынына әрқашан сенімді. Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргізуші аса қиын жағдайға тап болады.

Қоршаулар

Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.

Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда,мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топталған тұстарында жанына қойылады.

Жол қозғалысы ережелерін, нағыз қасақан бұзушылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер. Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі. Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмайтынына әрқашан сенімді. Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргізуші аса қиын жағдайға тап болады.

ІІІ.Топқа бөлу Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар  «Қызылдар»   тобы, Жасыл түсті белгісі бар  «Жасылдар»   тобы, Сары түстілер –  «Сарылар»  тобы.

ІІІ.Топқа бөлу

Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық.

Қызыл түсті белгілері бар  «Қызылдар»   тобы,

Жасыл түсті белгісі бар  «Жасылдар»   тобы,

Сары түстілер –  «Сарылар»  тобы.

Әр топ өздерін таныстырады: «Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,  Сынық сүйем баспа алға. «Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда  Қарап қалма аспанға. «Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,  Жүре бергін, жасқанба!

Әр топ өздерін таныстырады:

«Қызылдар» тобы:

Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға.

«Сарылар» тобы:

Сары көзін ашқанда Қарап қалма аспанға.

«Жасылдар» тобы:

Жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін, жасқанба!

 Қызыл жанды, тоқтағын,  Көрдің жұрттың тосқанын.  Сары жанды – дайындал  Айналаңа қарап ал.  Жасыл жанды – тыңдағын  Жолың ашық, тұрмағын.

Қызыл жанды, тоқтағын, Көрдің жұрттың тосқанын. Сары жанды – дайындал Айналаңа қарап ал. Жасыл жанды – тыңдағын Жолың ашық, тұрмағын.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру: 1. «Кім жылдам?» ( әр топқа сұрақтар беріледі .) 2. Жол әліппесі.(Суреттерді бояп шығу,әрқайсысына шұғыл телефондарын жазу,белгісін табу.) 3.МАИ емтиханы. ( Сауалнама . 8 тест белгілеп береді.) 4. Жасырдым жұмбақ. (жұмбақтар шешу) 5. Шығармашылық жұмыс ( Өлең құрастыру) 6.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру:

1. «Кім жылдам?» ( әр топқа сұрақтар беріледі .)

2. Жол әліппесі.(Суреттерді бояп шығу,әрқайсысына шұғыл телефондарын жазу,белгісін табу.)

3.МАИ емтиханы. ( Сауалнама . 8 тест белгілеп береді.)

4. Жасырдым жұмбақ. (жұмбақтар шешу)

5. Шығармашылық жұмыс ( Өлең құрастыру)

6."Жол белгілерін еске түсірейік” лото

(1-суретте- жол белгілері салынған карта,

2-суретте-жол белгілерінің қиық картасы.)

7. Жолда жүруге байланысты «Жолдос көмекке асығады» мультфильмін көріп тамашалау.

ІІ-кезең: «Кім жылдам?» ( әр топқа сұрақтар беріледі .) І-топқа: 1.   Жиек жол дегеніміз не? 2.   Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

ІІ-кезең:

«Кім жылдам?» ( әр топқа сұрақтар беріледі .)

І-топқа:

1.   Жиек жол дегеніміз не?

2.   Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

ІІ-кезең: ІІ-топқа: 1. Аялдама белгісінде тоқтау ұзақтығы қанша уақыт? 2. Жолдың қанша жүріс бөлігі бар?

ІІ-кезең:

ІІ-топқа:

1. Аялдама белгісінде тоқтау ұзақтығы қанша уақыт?

2. Жолдың қанша жүріс бөлігі бар?

ІІ-кезең: ІІІ-топқа: 1. Жаяу жүргіншілерге жолды қай жерден өтуіне болады? 2. Жеңіл автомобильдің трамвай жолымен қозғалуына рұқсат етіледі ме?

ІІ-кезең:

ІІІ-топқа:

1. Жаяу жүргіншілерге жолды қай жерден өтуіне болады?

2. Жеңіл автомобильдің трамвай жолымен қозғалуына рұқсат етіледі ме?

              ІҮ-кезең:  МАИ емтиханы. ( Сауалнама . 8 тест белгілеп береді.) 1.Жүргіншілер деген кім? А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер 3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? А) болады В) болмайды С) білмеймін 4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек? А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан 5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен 6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі? А) 10 В) 12 С) 14 7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді? А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері 8. Қай түс жанғанда машиналар жүреді? А) сары В) жасыл С) қызыл

ІҮ-кезең:

МАИ емтиханы. ( Сауалнама . 8 тест белгілеп береді.)

1.Жүргіншілер деген кім?

А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер

3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

А) болады В) болмайды С) білмеймін

4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?

А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан

5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс

А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен

6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?

А) 10 В) 12 С) 14

7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?

А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері

8. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

А) сары В) жасыл С) қызыл

Тәбет ашады             Ү-кезең: Жасырдым жұмбақ. (жұмбақтар шешу)

Тәбет ашады

Ү-кезең:

Жасырдым жұмбақ. (жұмбақтар шешу)

Қай көше,қай қалаға барсаңыз да, қай ақыл өлшеміне салсаңыз да. Жол жүру ережесі-заңды тәртіп, Ол ортақ-үлкен-кіші баршамызға.  Көшеде біз сақ болайық,  Қаймықпасын ата-ана.  Жолда сен бол лайық,  Жас ұлан деген атыңа! 5

Қай көше,қай қалаға барсаңыз да,

қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі-заңды тәртіп,

Ол ортақ-үлкен-кіші баршамызға.

Көшеде біз сақ болайық,

Қаймықпасын ата-ана.

Жолда сен бол лайық,

Жас ұлан деген атыңа!

5

Қызыл көзін ашқанда, сынық сүйем баспа алға Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға Жасыл көзін ашқанда, өте бергін жасқанба

Қызыл көзін ашқанда, сынық сүйем баспа алға

Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда, өте бергін жасқанба

-80%
Курсы повышения квалификации

Методика обучения слабослышащих детей в учреждениях образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жолда жүру презентация (6.43 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт