Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Уроки  /  6 класс  /  Жергілікті жер климатының қалыптастыру себептері

Жергілікті жер климатының қалыптастыру себептері

Жергілікті жер климатыны? ?алыптасу себептерімен о?ушыларды таныстыруда, климат жайында?ы білім ?орын пайдалану ж?не жергілікті жер климатыны? ерекшеліктерін т?сіндіру.

08.02.2017

Содержимое разработки

6 - сынып

Күні

Сабақтың тақырыбы

Жергілікті жер климатының қалыптасу себептері.

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Жергілікті жер климатының қалыптасу себептерімен оқушыларды таныстыруда, климат жайындағы білім қорын пайдалану және жергілікті жер климатының ерекшеліктерін түсіндіру.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар:

Климат жайындағы білім қорын пайдалану арқылы, жергілікті жер климатының қалыптасу себептерімен танысады және жергілікті жер климатының өзіндік ерекшеліктерін топтық жұмыста түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Климат жайындағы білім қорын пайдалану арқылы, жергілікті жер климатының қалыптасу себептерімен танысады және жергілікті жер климатының өзіндік ерекшеліктерін топтық жұмыста түсінеді және сипаттама береді.

Кейбір оқушылар:

Климат жайындағы білім қорын пайдалану арқылы, жергілікті жер климатының қалыптасу себептерімен танысады және жергілікті жер климатының өзіндік ерекшеліктерін топтық жұмыста түсінеді және сипаттама береді, қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, қорытынды шығарады.

Алдыңғы оқу

1. Климаттың қалыптасуына әсер ететін факторларды атаңдар?

2. Географиялық ендік бойынша картадан жергілікті жердің климаттық белдеудегі орнын табыңдар? 3. Жергілікті жердің мұхиттарға алыс-жақындығын картадан анықтаңдар. 4. Жергілікті жер бедерінің орналасуында қандай ерекшеліктер бар? Олардың климаттың қалыптасуына тигізетін әсері қандай?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері.

Басталуы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Топқа бөлу. Туылған күндерінің жыл мезгілдеріне байланысты «Жаз», «қыс» деп 2 топқа топтастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (10 минут). Деңгейлік тапсырмалар беру. Сұрақ – жауап.

Қалыптастырушы бағалау.

1. Климат элементтеріне нелер жатады? 2. Климаттың географиялық ендікке қандай байланысы бар? 3. Климатқа мұхиттар мен теңіздердің әсері неден байқалады? 4. Климатқа жер бедерінің әсері қандай?

5. Климаттық белдеулер туралы сипаттама бер?

Дүние жүзінің климаттық

картасы, оқулық атласы,

ІІІ. Ортасы. Жаңа сабақ.

(25 минут)

1. Алдыңғы оқу бөліміндегі сұрақтар бойынша білімдерін қалыптастыру.

2. Үлестірме материалдармен жұмыс. Дәптерге керекті мәліметтерді жазып алу.

4. Топтық жұмысты қорғау. Бағалау.

1. Алдыңғы оқу бөліміндегі сұрақтарға жауап алу арқылы, жаңа білімдерін қалыптастыру

2. Үлестірме мәтінімен жұмыс.

І топ. Жергілікті жердің климатын қалыптастырушы факторлар.

1. Географиялық ендік. 2. Жер бедерінің сипаты.

3. Мұхиттардың ықпалы. 4. Ауа массаларының қозғалысы. 5. Жер беті жамылғысы. 6. Жергілікті жер жағдайы( таудың және Іле өзенінің әсері). Аудан жерінің көлемі 13000 км2. Солтүстіктен оңтүстікке 1500 км, Алтынемел асуынан Қорғас өзеніне дейін 1800 км. Ауданның солтүстік шеткі нүктесі 440511 ендікте, оңтүстігі 430 461 ендікте, батысы 800 32 шб орналасқан. Солтүстік Мұзды мұхиттан – 3600 км, Тынық мұхитынан – 3890 км, Үнді мұхитынан - 3360 км, Атлант мұхитынан – 5040 км қашықта жатыр.

ІІ топ. Панфилов ауданының климаты. Климаты қоңыржай құрлықтық, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң. Қаңтарда жылдық орташа температура - 8 – 100 С шілдеде + 20 +240 С , ақпан айында -7 – 30 болса наурыз + 10 +70 С-қа көтеріледі.

Жауын - шашынның жылдық мөлшері жазық өңірлерде 150 мм, таулы өңірлерде 500-700 мм-ге дейін барады.

3. Дәптерге түртіп алу.

4. Топтық жұмысты түсініп, картаны пайдаланып қорғау.

5. Топтар арасында бір- біріне қосымша сұрақтар қойып, білімдерін толықтыру.


Үлестірме материалдар, атлас, Панфилов ауданының әкімшілік картасы.

ІҮ. Аяқталуы.

Жаңа сабақты қорытындылау. (7 минут)

Тест алу.

Жиынтық бағалау.

Өзін-өзі бағалау және мұғалімнің бағалауы

Үйге тапсырма беру.






Рефлексия

Тест тапсырмасын орындау.

1с, 2а, 3с, 4в, 5д, 6а, 7а, 8д, 9в, 10с.

Үйден Жергілікті жер климатының қалыптасу себептері туралы қосымша ғаламтор материалдарын тауып хабарлама даярлау.

Табыс критерийлері.

1. Үй тапсырмасына берген жауабым.

2. Жаңа тақырыпты түсініп сипаттама беруім

3. Дәптерге керекті мәліметті жазып алуым.

4. Жергілікті жер климатын талдап түсінуім.

5.Тест тапсырмасын орындауым.


«Екі жұлдыз-бір тілек»

Атлас, оқулық.











Рефлексия.




6 – сынып. Тест Панфилов ауданының климаты.

1. Аудан климаты қандай болып келеді?

А) теңіздік В) континентті С) шұғыл континентті Д) арктикалық

2. Жазық алқаптық ауа райы, жаз кезінде.

А) ыстық В) суық С) салқын В) жауын – шашынды.

3. Панфилов ауданының жер көлемі?

А) 11000 км2 В) 2000 км С) 13000 км2 Д) 14000 км2

4. Ауданымыздың шығысындағы өзен.

А) Шежін В) Қорғас С) Өсек Д) Іле

5. Оңтүстік шеткі нүктедегі өзен.

А) Шежін В) Қорғас С) Өсек Д) Іле

6. Қаңтар айының орташа температурасы С0.

А) -8 – 10 В) – 20 – 30 С) – 10 – 15 Д) - 3 – 2

7. Шілде айының орташа температурасы Т0 С.

А) + 20 + 24 В) + 10 + 15 С) +5 + 10 Д) + 30 + 35

8) Теңіз деңгейінен ең биік нүктесі.

А) Тоқсынбай тауы В) Тышқан тау С) Бейін тау Д) Мұзтау – 4370 м

9. Теңіз деңгейінен ең төмен нүктесі.

А) Солтүстігі В) Оңтүстігі 470м С) Шығыс Д) Батыс.

10. Оңтүстіктегі жауын – шашын мөлшері.

А) 400 – 500 мм В) 300 – 350мм С) 125 – 250 мм Д) 500 – 700 мм.






-80%
Курсы повышения квалификации

Методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС СОО (ООО)

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жергілікті жер климатының қалыптастыру себептері (19.64 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт