Сабақтың тақырыбы: Жер туралы қысқаша мәліметтер.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:
Жер туралы қысқаша мәліметтерді оқып-үйрену.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі:
Білу: Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен параметрлері туралы біледі.
Түсіну: Жер қозғалыстарының қалай жүретінін және ол қозғалыстардың ғаламшар табиғатына қалай әсер ететінін түсінеді.
Қолдану: Жердің тәуліктік қозғалысы мен сағаттық белдеулер арасындағы байланысын және жергілікті уақыт пен белдеулік уақыт арасында қандай айырма бар екенін анықтай алады.
Талдау: Жер шарындағы жылу белдеулерін қандай белгілеріне қарап ажыратылатынын карта бойынша талдай алады.
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер.
Сабақ барысы
Уа-қыт | Бөлім | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті |
5 мин | Кіріспе | 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды 2. Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты географиялық ұғымдар бойынша топтарға бөледі | 1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
|
10 мин | Тұсаукеср | 1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды, Жердің өлшемдерін дәптерге жазып алуға тапсырма беріледі. | 1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады. 2.Дәптерге Жер туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады. |
25 мин | Негізгі бөлім | 1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні, қозғалыстары, сағаттық және жылу белдеулері тақырыптары бойынша постер жасап қорғайды. 2. Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды 3. Картамен жұптық жұмыс: карта бойынша жылу белдеулерінің таралу ерекшелігін талдау тапсырылады. | 1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды. 2.Жеке жұмыс: оқушылар жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды. Мысалы: Сфероид, Геоид Магниттік полюс, Афелий, Перигелий Кориолис күші т.б. 3. Оқушылар жұптасып атлас немесе карта пайдалана отырып, жылу белдеулерінің ерекшеліктерін анықтайды. Поляр шеңбері мен тропик шеңберінің картаға түсірілу себептерін еске түсіреді. |
5 мин | Қорытынды | 1. Мұғалім сабақты қорытындылайды. 2.Үйге тап-ма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі. 1) А деңгей:§1 оқу 2) В деңгей: Қазақстан аумағы қандай жылу белдеуінде орналасқанын карта бойынша анықтау. 3) С деңгей: Өздерің тұрған жердің қандай сағаттық белдеуде орналасқанын және де Астана, Мәскеу, Лондон, Владивосток қалаларымен уақыт айырмашылығын анықтау. | 1.Оқушылар бірін-бірі бағалайды. 2.Оқушылар кері байланыс жасайды Не ұнады:............................................ Не қиын болды: ................................ Тілегім: ............................................... |