Тақырыбы: Желтоқсан жырлары
Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл – әкімшілік ,солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған
ұл – қыздарымыздың ерліктері жайлы түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра, салт – дәстүрді сақтауды оқушылардың бойына дарыту.
Желтоқсан толқынындағы аға, апаларымыздың жарқын бейнелерін есте сақтау, патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, шарлар, гүлдер, жалау, нақыл сөз
Барысы: I. Мұғалімнің сөзі:
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Жетпіс жыл бойы қыл бұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешуден өтті. Жанартаулар бұғып жатып бір күнде атылды. Сол сияқты 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бағытты, әрі қайғылы күні еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халқтың ар- намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа жетеді.
1- оқушы:
Тыңдаңдар, мөлдір аспан, бұйра қырат,
Таулардан сылдырап бір құла бұлақ!
Тыңдаңдар, балдырғандар әсем әнін
Көпшілік, салыңыздар жырға құлақ.
2- оқушы:
Желбіресін байрағың желді күнде,
Биіктесін мәртебең, елдігің де.
Таныта бер, ұлы Тіл, бар әлемге,
Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де!
3- оқушы.
Сәулесі бар нұрыңда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың
Даңқың артсын, егеменді елім менің.
Серігіне айналшы Мәңгіліктің!
Мұғалім:
Сол күндерді есіме мен көп алам,
Желтоқсанның он жетісі Топ, Алаң.
Тоғышардың түсіне де кірмеген,
Басталды бір сұмдық у- шу, зобалаң.
Көрініс:
Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып- соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
Милиционер:
Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
Савицкиді өлтірген сен бе?
Жоқ мен емес.
Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!
/ Қайратты ұрып- соға бастайды!
Қайрат:
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
« Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар.
Милиционер:
Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың.
Бұзақы!
4- оқушы.
Желтоқсан айы естісең,
Дауыл боп бұрқып
Азаттық күйі қашаннан.
Көкейін елдің тескенсің.
5- оқушы.
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең- жырымыз.
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күніміз.
6- оқушы.
Тарылып жатса даламыз,
Қайтіп біз тыныс аламыз.
Қақымыз два жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз?
7- оқушы.
Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
8- оқушы.
Жібердік еркін ат басын,
Қиянат жанға батқасын.
Тоқырау таңын күйреттік,
Деп; « Теңдік күні батпасын!»
9- оқушы.
Жанымыз жомарт қазақпыз,
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты, бауырлар.
Жанайық жансақ маздап біз.
Мұғалім:
-Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ,
Соншалықты ұмтылды ғой елдікке, -деп Төле би бабамыз айтқандай, 1991 жылы халқымыз көптен аңсаған Тәуелсіздіктің таңы да атты.
Би: « Қазақстан»
10- оқушы.
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар
Елдің алды егеменді теңдігін.
11- оқушы.
Жаса, жайна, өрле шенің кең далам
Жайнауыңды қолдап жүрер әр балаң.
Бүгін әлсіз ал күштісің сен ертең,
Сол үшін де жүре көрме, арқалан!
12- оқушы.
Туғаен жер егеменді тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып буынған бел.
Көкке өрлеп байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.
13- оқушы.
Мақтанам кең байтақты елім үшін
Құнарлы, мол шырынды жерім үшін
Әрқашан биік шыңнан көрінген деп,
Тілегім, о туған жер пейілім шын!
Хор: « Менің – Қазақстаным»
III. Қортындылау


Желтоқсан жырлары (20.12 KB)

