Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Мероприятия  /  6 класс  /  Жас географ сайысы

Жас географ сайысы

6 сыныптар арасында географиядан интеллектуалдық сайыс

18.01.2018

Содержимое разработки

Жамбыл атындағы мамандырылған мектеп-интернаты








«Жас географ» сайысы

(Жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы аясында өткізілген іс-шара)








Пән мұғалімі: Бекберлінов Назыбек Талғатбекұлы

География пәні мұғалімі











2016-2017 оқу жылы



«Жас географ»

(сыныптан тыс іс-шара)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын сыныпты анықтау

Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір – бірін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.

Түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, картамен жұмыс, ой қозғау әдісі, шығармашылық жұмыс.

Барысы:

Ұйымдастыру:Оқушыларды дайындаған үстелге отырғызу.

Жүргізуші: Бүгінгі апталықта география пәнінен 6-ші сыныптар арасындағы өткізгелі отырған «Жас географ» атты сайысына қош келдіңіздер.

Топтарды ортаға шақырайық

І-топ 6 «А» сынып оқушылары

ІІ-топ 6 «Б» сынып оқушылары

ІІІ-топ 6 «В» сынып оқушылары

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.

- Бүгін біздің «Жас географ» атты ойын сайысын бастаймыз.

- Бүгінгі ойын сайысқа алтыншы сынып оқушылары қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін , сыныптың намысын қорғауға 3 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде 3 топ қатысады.

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, – деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады:

Әділқазылар алқасымен таныстырайын

1.

2.

3.

Жүргізуші:

-Ал енді сайысымызды бастайық!

Сайыстың жоспарымен таныс болайық


1.Топтардың өзін таныстыруы.

2. Капитандар сайысы. «Блиц турнир».

3. Адасқан әріптер.

4. Географиялық жұмбақ шешу.

5. Географиялық нысандарды тап.

6. Әлем ғажайыптары

7. Қорытынды.Марапаттау


1-кезеңі Топтар өздерін таныстарады.

Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп отырады

6 «а» сыныбы. Топтың аты: «Тапқырлар»

Ұраны: Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.

6 «б» сыныбы. Топтың аты: «Алғырлар»

Ұраны: Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!

6 «в» сыныбы. Топтың аты: «Жүйріктер»

Ұраны: Шыдамды еңбек, алғыр ой, Анық досың біліп қой!


2-ші кезеңі. «Капитанлар сайысы» Әр топтың капитандары берілген сұрақтарға тез жауап беру керек. Мұнда барлығы 15 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сайысқа қатысатын топтар кезек кезек жауап береді. Егер жауабы жоқ болса келесі топ мүшелері жауап беруге мүмкіндік алады.
«Тапқырлар» тобы.

1. Жер бетінің аз тілімденген,тегіс немесе белесті болып келген кең алқабы. (Жазық)

2. Жер қыртысының бетіндегі ой-қырларының жиынтығы. (Жер бедері)

3. Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі. (абсолюттік биіктік)

4. Жер бетіндегі салыстырмалы биіктікті анықтайтын құрал. (деңгейлегіш)

5. Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан,қатты тілімденген биік бөліктері. (Тау)

«Алғырлар» тобы.

1. Биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар. (Горизонтальдар)

2. Жер сілкінісі жиі болатын аймақтар. (Сеймикалық аймақтар)

3. Нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы. ( Географиялық ендік)

4. Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жынысы. (Магмалық тау жынысы)

5. Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан. (Масштаб)

«Жүйріктер» тобы.

1. Дүние жүзіндегі ең ұзын мұхит орта жотасы? (Атлант орта жотасы)

2. Биіктігі 1000-2000 м дейінгі таулар? (орташа биік)

3. Жердің ең сыртқы қабаты? (жер қыртысы)

4. Латын тілінен аударғанда орбита сөзінің мағынасы? (із,жол)

5. Жердің ең орталық өзегі? (ядро)


3-кезең. «Адасқан әріптер». Берілген әріптерден тиісті сөзді шығару керек.
«Тапқырлар» тобы.

1. а л л ь л е п р а – параллель
2. л а м г е л н а – магеллан
3. т а р к а – карта
4. и а н м е д р и – меридиан
5. м т у з и а – азимут
«Алғырлар» тобы.

1. с п м а о к – компас
2. к э р т а о в – экватор

3. ш д е л е і ң г е й – деңгейлегіш

4. я о р д – ядро

5. т я и н а м – мантия

«Жүйріктер» тобы.

1. р г е й з е – гейзер

2. у а ж а а р т н – жанартау

3. ө н і г і д ш – шөгінді

4. а р с о ф е и л т – литосфера

5. г я о ф и г а е р – география


4-кезең. Географиялық жұмбақ шешу

ІҮ кезең бойынша 3 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.

«Тапқырлар» тобы.

Сурет –жұмбақ (2-мин)

1-сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

АФРИКА

Қонақтап күнде қонар су бетіне, 
Сүйсінер барлық адам келбетіне. 
Тұлғасы су ішінде көрінеді, 
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)

Тұрғыны жоқ елдер,

үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

суы жоқ теңіздер. (КАРТА)

«Алғырлар» тобы.

2-сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?

СОЛТҮСТІК АМЕРИКА

Сатайын десем ауыр кілем, 
Сатпайын десем тәуір кілем. ЕР)


Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, бірақ сүртпейді.   АҢБЫР)
«Жүйріктер» тобы.

3-сурет. Қалпағы бар ер адам бейнесінде қай мемлкет бейнеленген?

НИДЕРЛАНДЫ

Ол бар жерде бар ма, жоқ па білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (АУА)


Жүрсең де жетпейсің, ұшсаң да жетпейсің (ЖЕЛ)


5-кезең. «Географиялық нысандарды тап»

Ү кезең бойынша 3 топқа бірдей географиялық нысандар жасырылады. Әрбір шешілген нысанға 2 ұпай беріледі. Нысанның шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.

«Тапқырлар» тобы.

- Ресей

- Италия

- Үндістан

- Аргентина

«Алғырлар» тобы.

- Қазақстан

- Ұлыбритания

- Америка Құрама Штаты

- Гренландия аралы

«Жүйріктер» тобы.

- Сауд Арабиясы

- Мадагаскар аралы

- Австралия

- Бразилия

6-кезең. «Әлем ғажайыптары»

ҮІ кезең бойынша 3 топқа бірдей әлем ғажайыптары жасырылады. Әрбір шешілген ғажайыптарға 5 ұпай беріледі. Әлем ғажайыптарының шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.

«Тапқырлар» тобы.

- Хеопс пирамидасы

- Семирамиданың аспалы бағы

- Родос алыбы

«Алғырлар» тобы.

- Александрия шам-шырағы

- Зевс мүсіні

- Бостандық мүсіні

«Жүйріктер» тобы.

- Ұлы Қытай қорғаны

- Тадж Махал мовзолейі

- Эйфель мұнарасы

7. Қорытынды.Марапаттау

Әділ-қазылар алқасы топ ұпайларын есептеп жеңген топты атап марапаттайды

8. Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель географии

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жас географ сайысы (292.53 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели