Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Тесты  /  9 класс  /  Жаратылыстану –математикалық бағыт. Жылдық бақылау жұмысы. 9сынып

Жаратылыстану –математикалық бағыт. Жылдық бақылау жұмысы. 9сынып

Жаратылыстану –математикалық бағыттағы 9 сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.

19.04.2018

Содержимое разработки

Жаратылыстану –математикалық бағыт. Жылдық бақылау жұмысы. 9сынып

1. Жасуша жарғақшасының қандай қабаты заттардың ішкі және сыртқы тасымалдануын қамтамасыз етеді?

A) көмірсулы B) нәруызды C) липидті D) липидті, нәруызды E) көмірсулы, липидті

2 Жасуша жарғақшасының қатты заттарды сіңіру аталады:

A) симбиоз B) фагоцитоз C) пиноцитоз D) эндоцитоз E) селбесу

3) Әр түрлі органоидтары бар жасушаның ішкі ортасы аталады:

A) вакуоль B) лимфа C) цитоплазма D) ядро E) кан

4.Вакуоль мына жасушада ірі болады:

A) жануар жасушасы B) саңырауқұлақ жасушасы C) өсімдік жасушасы

D) ескірген өсімдік жасушасы E) жас жасуша

5. Хромосомалары бар негізгі органоид:

A) эндоплазмалық тор B) циоплазма C) ядро D) вакуоль E) рибосома

6. Тәндік (дене) жасушаның екі еселенген хромосома жиынтығы аталады:

A) гаплоидты B) диплоидты C) трилоидты D) полиплоидты E) моноплоидты

7.Белгілі бір нәруыз жайында жазылған ақпараты бар хромосомалар үлескісі аталады:

A) генетикалық код B) ген C) хроматин D) кариотип E) кариоплазмы

8. Ядросы бар ағзалар аталады:

A)прокариот B)анаэробты C)аэробты D)эукариотты E)гетеротрофты

9.Тәндік (сомалық) жасуша белгіленеді A) 1 n B) 2 n C) 3 n D) 4 n E) Х n

10. Қарапайым көмірсуларға жатады:

A) рибоза, глюкоза, галактоза, фруктоза B) крахмал, галактоза

C) целлюлоза, рибоза D) хитин, фруктоза E) гликоген, глюкоза

11.Бірінші топтағы макроэлементтерге жатады: A)азот, су, иод. B)азот, оттегі, көміртегі, сутегі C)темір, оттегі, сутегі

D)су,иод, темір. E)оттегі, сутегі.иод.

12.Белгілі бір белгінің түзілуіне жауап беретін, гомологты хромосомаларда орналасқан жұп гендер:

А) аллельді В)доминантты С) рецессивті Д)Тіркес Е)басылыңқы

13.Дигетерозиготалы екі томатты, (қызыл домалақ пішінді) будандастырғанда ұрпақтар саны фенотипі бойынша мынадай сандық арақатынаста ажырады: А) 3:1 В)1:2:1 С)1:1:1:1 Д)9:3:3:1Е) 3:2:1

14.Адамның терісінің күнге күюі ол мына өзгергіштік:

А) мутациялық В)модификациялық С)комбинативті Д)геномды Е)гендік

15.Астық дақылдарының биогеоценозы:

А.Агроценоз В.Орман шаруашылығы С.Биоценоз Д.Қорық Е.Геоценоз

Тапсырма №2 Мына сұрақтарға «иә» немесе « жоқ» деп жауап бер .

1.Митоз- хромосома жиынтығы сақталатын бөліну жолы.

2.Гетерозиготалар дегеніміз -бір геннің екі аллелі болатын ағзалар.

3.Мендель тұқым қуалау өзгергіштігіндегі сәйкес қатарлар заңын ашты.

4.Экологиялық пирамида ережесіне сәйкес , әрбір төменгі қабаттан, әрбір жоғары қабатқа бүкіл энергияның 20% ауысады.

5.Бейімделушілік эволюцияның қозғаушы күшіне жатпайды.

6.Хромосомалардың мөлшері, құрылысы, саны мен пішінінің өзгеруіне байланысты ауруларды айқындайтын әдіс- цитогенетикалық .

7.Нәруыз биологиялық полимер, оның мономері нуклеотидтер.

8.Фотосинтездің қараңғы сатысында глюкоза синтезделеді.

9.Барлық бездер : асқорыту бездері, бауыр, ұйқыбез, қалқанша без, гипофиз,бүйрекүсті безі,т.б мезодермадан түзіледі.

10.Гаструла- қосқабатты ұрық.

Тапсырма №3 Анықтамалары бойынша терминдерді жаз

1.Эмбриогенезде мүшелердің түзілу үдерісі –

2.Тіршіліктің негізгі өлшем бірлігі -

3.Белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарын және өзгергіштігін зерттейтін ғылым –

4.Ата тектерге тән белгілерді сақтаудағы тірі ағзалардың ортақ қасиеті -

5.Тіршіліктің жасушасыз формасы-

6.Мутация мөлшерін саналы түрде арттыру үдерісі-

7.Екі жұп белгілері бойынша ажыратылатын дараларды будандастыру -

8.Ядросы жоқ ағзалар-

9.Жасушаның энергетикалық станциясы-

10.Мономері аминқышқылдары болатын полимер-

-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жаратылыстану –математикалық бағыт. Жылдық бақылау жұмысы. 9сынып (16.28 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт